8 701 394-21-28

agro_info@bk.ru

Жерден ризығын тапқан нәзік жан

Бүгінде кейінгі толқын өкілдері «ақ жағалылардың» қатарын көбейтуден гөрі жеке кәсібін ашуға ұмтылады. Ауыл шаруашылығы саласы да жастардың назары­нан кенде қалмайды. Тамақ өнеркәсібі, егіншілік, мал шаруашылығы – таңдау аясы әртүрлі. Үлкен күш-жігерді және еңбекті талап ететін кәсіпке ерлермен қатар нәзік жандар да білек сыбана кірісіп отыр.

Тамила Розметова
Фото Интернеттен алынды

Кәсіпке жетелеген ермек

Ірімшік қайнату – 27 жастағы Тамила Розметованың сүйікті ісі. «Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» демекші, нәзік жан оны дайындаудың өзіндік әдісін ойлап тапқан. Еңбекқор атыра­улық ару ермегін кәсіпке айнал­дыруды ұйғарды. Ұзақ ойлан­бай, 2013 жылы тәуекелге бел буды. Таңдаудан жаңылыспай, нарықтың тамырын дөп баса білді. Ешкі өсіру, оның сүтінен пайдалы өнімдер әзірлеу – күр­делі шаруа, дей тұрғанымен, талапты жас көкейіндегі ойын іске асырды. Бірінші кезек­те асыл тұқымды мал шару­ашылығына ден қойылды. Бұл мақсатта Махамбет ауданының Сарайшық ауылына Сербиядан 500 лақ жеткізілді. Олар жерсін­дірілді және төл берді. Бүгінде фермада 1 мыңнан астам сексек ата тұқымы бар. Нәзік жан сау­да нарығын ешкі сүтімен ғана қамтамасыз етпей, одан өнім дайындауды жөн санады. Қажет­ті құрал-жабдықтар сатып алын­ды. Бүгінгі заман талабына сәй­кес з ауыт д әруменге б ай с үт­тен 20-ға жуық өнім дайында­лады. Қаймақ, айран, сүзбе, құрт – оның бір парасы ғана. Ал ешкі сүтінен әзірленген ірімшік­те Тамила Розметованың қол­таңбасы бар. Авторлық ірімшік дайындауды оң жолға қойды.

– Бүгінде ірімшіктің түр- түрін дайындаймыз. Олардың бірін туған өңірімнің құрметі­не «Атырау» деп атадым. Бұл – табиғи, сапалы әрі қауіпсіз ірімшік, – деп өзінің күнделік­ті жұмысына «Сарайшық» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС бас директоры Тамила Розме­това тоқталды.

Фото Интернеттен алынды
Фото Интернеттен алынды

Цифрландырылған өндіріс

«Жеңілдің астымен, ауыр­дың үстімен» жүрсең, оның жемісіне кенелу екіталай. Ізде­ніс пен талпыныс қашанда өз жемісін беретіні мәшһүр. Қолға алған іс алға басты. Нәзік жан бір сарындылықтан алшақ. Жаңашыл көзқарас еңбек өнім­ділігін арттыруға жетелейді. Заманауи технологиялар ауыл тұрғындары үшін таңсық емес. Малдың жай-күйі компьютер­дің көмегімен бақыланады. Бұл аша тұяқтылардың бойынан қандай да бір ауытқуларды дер кезінде анықтауға мүмкін­дік береді. Әрбір ешкіге орна­тылған чип арқылы алынған сүт көлемі, ақтың құнарлығы бақыланды. Жаңа жүйе күнде­лікті жұмысты едәуір жеңілдет­кені хақ. Сонымен бірге өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қадаға­лауға жол ашты.

– Бүгінде біздің шаруашылықта 80-нен астам адам жұмыс істей­ді. Олардың 94% – 26 жасқа дейінгі жастар. Біздің ұжымның жеткен жетістіктері аз емес. Дегенмен оған тоқмейілсімей, жаңа белестерді бағындыруға әзірміз, – деп зауыттың жұмысын нәзік жан тергіштеді.

Зауыттағы жұмысшылардың дені – «Сарайшық» ауылының тұрғындары. Олар екі аптаға созылған оқ у к урстарына қатысып, білімдерін жетілдірген. Бүгінде жоғары технологиялық өндірісте өнімді дайындаудың технологиясы қатаң сақталады. Бұл өнімнің сапасына тікелей әсер ететіні түсінікті. Атыра­улық кәсіпкер жерлестерін дәмі тіл үйіретін табиғи өнімдер­мен тәнті етуде. Алдағы уақыт­та ешкі сүтінен балмұздақ әзір- леу жоспарланып отыр. Оған мүмкіндік бар. Себебі атыра­улық кәсіпкер аша тұяқтылар­дың азығына жете көңіл бөле­ді. Жем-шөппен қатар алма және сәбіз беріледі. Өзгелер­ге алақан жайылмайды, шару­ашылықтың аумағында көкөніс­тер мен жемістерді өсіріледі.

«Жерден ризығын тапқан, онда еңбек еткен менің қатарластарым ауыл шару­ашылығынан бас тартпайды. Біздің жер мүмкіндіктерге толы. Биылғы көктем айларында Аста­на қаласында аязға да, желге де шыдайтын алманың 4 сұрыбын отырғызуға ниетіміз бар. Бақты толығымен тамшылатып суару жүйесімен қамтамасыз етеміз», – деп өзінің жоспарымен атыра­улық ару бөлісті.

«Қойдың сүті – қорғасын, ешкі сүті – ем» деп тектен-текке айтылмайды. Бүгінде ешкі сүті медициналық мақсатта кеңінен қолданылады.

Венера Мұстафина

Мақала «АгроИнфо» газетінің 11.02.2019 ж. №2 (196) жарияланды.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы