Жас омарташы: «Мұнаймен қатар балдың өндірісін мықтап қолға алу қажет»

«Қазақстанда шығарылған» белгісі бар өнімдер бүгінде сыртқы нарықты бағындыруда. Атқамінерлер биылғы 9 айды бағамдады. Оның қорытындысын тергіштесек, сыртқы нарыққа жол тартқан қазақстандық өнімдердің легі артқан.

Экспорттың тынысы оң

Жалпы ауыл шаруашылық өнімдердің экспорты 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13% жоғары. Шетелдіктердің қазақстандық етке деген қызығушылығы арта түскен. ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ресми деректерді сөй­летті. Биылғы 9 ай ішінде Ресей­ге жеткізілетін мұздатылған сиыр етінің көлемі 83 пайызға көбей­ген. Нәтижесінде оның жалпы экспорты 2 есе ұлғайған: 39-дан 82 тоннаға дейін. Қазақстандық қой етіне де сұраныс ұлғайғаны байқалады. Оның экспорты 8 есе көбейген. Көлемі 40-тан 329 тоннаға жеткен. Оған жаңа нарықтардың ашылуы ықпалын тигізген: Бахрейн, БАӘ. Иран­дықтармен қойды тірідей және салқындатылған, мұздатылған ет түрінде жеткізу бойынша ветери­нарлық талаптар келісілді және биыл экспорт басталды. Көбіне қой тірідей және салқындатылған ет түрінде сыртқа жол тартқан.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Отандық балдың дәмі де өзі­мізбен қатар өзгелердің тілін үйіреді. Оның сапасына және табиғи ерекшелігіне көз жеткіз­ген қытайлықтар қолқа салып отыр. Ресми деректер бойынша қазақстандық балдың үштен бірі шетелде саудаланады. Елімізде оның жалпы өндірісі шамамен 10 мың тоннаны құрайтын көріне­ді. Бүгінде омарташылықты кәсіп етіп, нәсіпке айналдырған отан­дастарымыздың қатары қалың. Олардың арасында жастар және жасамыстар бар.

Балдың баррелі 700 долларға тең

33 жастағы Анатолий Добро­вольский де тәуекелге бел буған. Ол қоғамдық ұйымдағы қызметі­не қол бұлғап, омарташылықпен айналысуға ден қойды.

– 5 жыл бұрын неліктен мен «Жас отан» жастар қанаты елор­далық филиалының жетекші­сі лауазымын босатып, Астана­дан ауылға бет алғанымды ешкім түсіне алмай дал болды. Нелік­тен таңдау ара шаруашылығына түсті? Шынтуайтында, оның жау­абы өзіме де беймәлім. Менің отбасымда кәсіби омарташылар жоқтың қасы. Бұрын кәсіпкер­лікпен де айналысып көрген жоқпын. Туған-туыстарым мен достарым омарташылық оңайға соқпайды деп ескертті. Сөз­дің шыны, бастапқыда олардың айтқаны дәл келді, – деп алғашқы қадамдарын жас омарташы ой елегінен өткізді.

Бастапқыда күдік ұялағанымен, бүгінде оның қадамы нық. Енді Анатолий үшін бал өндірудің, араларды өсірудің қыр-сыры таңсық емес. Алғашқы уақытта оның еншісіндегі омарта саны 25 болса, бүгінде 150-ге жетіп отыр. Мұны жас кәсіпкер тоқмейіл­сімейді. Алдағы екі жылда бал алынатын омарталардың санын үш есе көбейту жоспарланған.

– Келесі жылы Ақмола облысының аумағында бал өнді­рісі бойынша конвейерді 400 га аумақта іске қосамыз. Маған бұл іс өте ұнайды. Денім де сау. Себебі күнделікті ас мәзірімде бал бар. Екі қасық: бірі- таңертең, екін­шісі – ұйықтар алдында. Жалпы әлемде ара шаруашылығымен айналысу үшін табиғаты біре­гей 5-6 мемлекет бар. Оның бірі – Қазақстан, – деп омарташы таң­данасын жасырмады.

Жас кәсіпкер омарташылықтың табыстылығын дәлелдей алады. Оның есеп-қисабы әзір. Елімізде бал өндірісі қарқын алса, ел қазынасына түсетін кіріс ұлғаяды.

– Мұнайдың бір баррелі 60 дол­ларға бағаланса, балдың барре­лі 700 долларға тең. Бал өнімде­рі нарығында дағдарыс деген атымен жоқ. Бәлкім Қазақстан мұнаймен қатар балды да өндір­уге ден қойды? Кеншілер «Еліміз­ді көмірмен қамтамасыз етейік» деген ұранды ұстанады. Омар­ташылардың да өзіндік ұстанымы бар екенін екінің бірі біле бер­мейді – «Бал әрбір үй үшін». Өткен жылыАлматыда барлық омар­ташылар жиналып, екі міндетті белгіледі. Біріншіден, бал әрбір қазақстан отбасының дастар­ханынан табылуы тиіс. Екіншіден – бал өндірісін 2050 жылға қарай 1 млн тоннаға дейін жеткізу. Егер оған қол жеткізсек, онда Қаза­қстан экономикасына 10 млрд доллар қаржы құйылады, – деп өзінің ойымен ол бөлісті.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы