•  

    Рубрика: Бизнес |  Просмотры - 14 884

    Тәтті тосап өндірісі: неге шетелдік шикізат кәдеге жаратылады?

    Жаз келісімен, қалың көпшілік қысқа қамданады. Нәзік жандар жеміс-жидектен то­сап қайнатуға асығады. Үйде дайындалатын тәттінің дәмі тіл үйіретіні белгілі. Ал оның өндірістік «аттасы» тұрғындар арасында қаншалықты сұранысқа ие? Бұл сауалға «Вкус­нэль» сауда белгісімен тосап дайындайтын компанияның өкілі Жасұлан Саматов жауап берді.

    Жасұлан Саматов / Фото: Венера Мұстафина

    Жасұлан Саматов / Фото: Венера Мұстафина

     - Тәтті тосап дайындау сапалы жеміс-жидекті талап ететіні белгілі. Жергілікті тауар өндірушілерге жүгіне­сіздер ме? Әлде импорттық шикізатқа қолқа саласыздар ма?

    - Елімізде жеміс-жидектер­ді тазалайтын, жуатын, іріктей­тін және қайта өңдеуге дайын­дап, оны бізге қажетті көлемде және тұрақты түрде ұсына ала­тын өндіріс жоқтың қасы. Шикі затты толығымен Еуропадан сатып аламыз. Тұтас жеміс-жи­дектер Польшадан және Серби­ядан жеткізіледі.

    - Қажетті жеміс-жидектің сырттан тасымалдануы қан­шалықты дайын тосаптың бағасына әсер етеді? Қара­пайым тұрғындар үшін өнім­деріңіз қолжетімді ме?

    - Шикізатты Еуропадан жеткі­зудің шығыны аз емес. Десек те өндірісті аяққа тұрғызып, өнім­нің саудасын оң жолға қоюға тырысудамыз. Баға саясаты бойынша орташа сегменттеміз. Тосаптың бағасы арзан емес. Әрбір құтының салмағы 1,5 келі. Оның орташа бағасы 1 мың тең­гені құрайды. Сақтау мерзімі – 2 жыл.

    Фото: Венера Мұстафина

    Фото: Венера Мұстафина

    - Тұтынушылардың сеніміне ие болдыңыздар ма?

    - Тұтынушылар үшін біздің өнім таңсық емес. 2 жылдан бері тосаптың түр-түрі сауда нарығы­на ұсынылады. Тосаптың 5 түрін дайындаймыз: өрік, таңқурай, құлпынай, шие, қарақат. 100 пайыз табиғи өнім. Дәмі үйде дайындалған тосаппен парапар. Аналарымыз бен қарын­дастарымыз тек қант пен жидекті ғана қайнатып, ешбір қоспа ара­ластырмайды. Біз де бұл әдісті жетекшілікке алдық. Өнім тұты­нушылардың көңілінен шыққан болар, өндірісіміз қарыштап дамуда. Тұрақты клиенттеріміз көбейді. Бүгінде өндіріс қуат­тылығы үнемі 10-20 пайызға артады. Шығарылған тосаптың көлемі бойынша көрсеткіштер тек ұлғайып келеді.

    - Өндіріс қаншалықты жүк­телген? Цех толық қуат­тылықта жұмыс істей ме?

    - Айына 50 тонна көлемін­де тосап нарыққа ұсынылады. Зауыт толық қуаттылықта жұмыс істемейді. Ол 70 пайызға жүктел­ген. Алдағы уақытта өндірістің қауқарын күшейтуді және жаңа желіні іске қосуды жоспарлап отырмыз.

    - Өнімді өткізуде қиын­дықтар туындамай ма?

    - Сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Тұтынушылардың қызығушылығы мен қажеттілі­гіне қарай өндірісіміздің аясы кеңейіп келеді. Шығарылатын өнімнің 80 пайызы қазақстандық нарықта саудаланады. Ал қалған 20 пайызы шекара асып, көрші елге жол тартады. Еліміздің бар­лық дерлік қалаларына біздің тосап жеткізіледі. Сонымен бір­ге оның дәмін ресейліктер де көрді. Біздің өнім Мәскеу, Пен­за, Пермь, Калининград қала­ларына тұрақты түрде экспорт­талады. Келешекте отандық тосаптың негізгі бөлігін елімізде сатамыз. Бірақ барынша сыртқы нарықты бағындыруды діттеп отырмыз. Қытай, алыс шет елде­рін нысанаға алдық. Біздің тосап­тың дәмін татуға қытайлықтар, белоруссиялықтар келді.

    - Бәсекелестікке төтеп беру қиын емес пе?

    - Әлбетте, бізге ұқсас өндіріс­тер бар. Бірақ олардың дамуы мен алға ұмтылуы қынжылтады. 10 жыл бұрын кәдеге жаратылған технологияларды ұстанады. Біз өндірісті жетілдіріп, өнімнің сапасына басымдық береміз.

    Венера Мұстафина

    Опубликовано 28.08.2018

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Архивы

    • Опрос

      Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      7°
      5°
      Ср
      2°
      Чт
      4°
      Пт
      -1°
      Сб
      0°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39