•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 4 625

    Жент пен талқанды дайындаудың сырын білесіз бе?

    Алтын бесік ауылдарда түтін түтетін тұрғындар қол қусырмайды. Олар қолда барды ұқсатып, маңдай термен нәпақа табуда. Тары өсіруші Қалима Жұматай қазақтың ұлттық тағамын әзірлеуді оң жолға қойған. Олар бүгінде «Сыр дәмі» деген белгісімен шығарылады. Қазақтың брендіне айналуға лайық жент пен тарыны іздеп келушілердің қатары қалың. Тіл үйіретін жеңсік асты дайындаудың қыр-сырымен Шиелі ауданының тұрғыны бөлісті.

    Жазда бұзылмайды, қыста қатпайды

    «Еңбек етсең еленерсің, оның жемісіне кенелерсің». Қалима Жұматай өмірлік қағидасынан еш таймайды. Тапқан-таянғаны – тынымсыз төгілген тердің жемісі. Ауылда түтін түтететін нәзік жан бүгінде наубайхананың жұмысын дөңгелетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде. Оның қолынан шыққан нан мен женттің дәмі тіл үйіреді. Табиғи және сапалы өнімге сұраныс арта түскен. Сүйікті ермегін Қызылорда облысының тұрғыны кәсіпке айналдыруға бекінді. Діттегені орындалды. Ұлт­тық тағамдарды өндіретін шағын цех ашылды. Бүгінде Қалима Жұматай өз кәсібіне бас-көз болып отыр.

    Иллюстративное фото

    Фото: nur.kz

    - Шиелі ауданының Ортақшыл ауылы тарысымен көпшілікке белгілі. Тұрғындар жерден ризығын тауып, оның арқасында күнелтуде. Мен де жылда егістікте тер төгемін. Тары өсірудің қыр-сырын меңгеріп, оны кәсі­пке айналдыруды шештім, – деп өзінің кәсібі жайлы 54 жастағы Қалима Жұматай сыр шертті.

    Қалима апамыз тарының қадір-қасиетін жақсы біле­ді. Қызылордалық нәзік жан барымызды бағалап, ұлт­тық тағамдарымызды ұлықтау қажеттігіне сенімді. Оны сөзбен емес, ісімен дәлелдеуде. Еңбекқор тұрғынның қам-қарекеті көпшілікті тәнті етеді. Оған бой түзейтін­дер де бар.

    - Табиғи өнімнің артықшылығы көпшілікке мәлім. Жент апат ыстықта бұзылмайды, қытымыр қыста қатып қал­майды, – дейді Қызылорда облысының тұрғыны.

    Заманауи технологиясыз қиын

    Табысты шаруаны өрге домалату үшін Қалима Жұматай қосымша білім алуды ұйғарған. «Адам өмір бойы үйрене­ді» демекші, кәсіпкерліктің әліппесі арнайы оқыту кур­сында түртіп алынды. Оның негізінде кәсіпкерлік-жоспар түзілді. Нәзік жанның ойы көпшілікті бей-жай қалдыр­мады. Байқауда бағын сынаған ауыл тұрғыны 2016 жылы 700 мың теңге көлеміндегі гранттың иегері атанды. Оның арқасында ұлттық тағамдарды өндірістік деңгей­де дайындауға жол ашылды. Тарыны түйетін арнайы қон­дырғы сатып алынды. Оны илейтін автоматтандырылған диірмен де енді арман емес. Ал дайын өнімдер арнайы қораптар мен орамаларда сатылады.

    - Бұған дейін қап-қап тарыдан талқан өңдеу үшін аудан орталығына жол салуға мәжбүр едім. Шалғайға ат арыл­тып, дақылды тасымалдау әлекке салады. Қайтарымсыз гранттың арқасында жұмыстың бір бөлігін автоматтан­дырдым. Бұған дейін барлығы тек менің қол күшіме ғана тірелетін-ді. Тарыны тартатын электр диірменді және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Енді жент­ті дайындау үшін өзгелерге алақан жаймаймын. Барлық шаруа ауылдың төңірегінде жүзеге асырылады. Электр қуатының тапшылығы сезілгендіктен, ПРООН арқылы қосымша қуаттылық үшін қаржы алдық, – деп өзінің шару­аны дөңгелетудегі қадамдарын қызылордалық нәзік жан тергіштеді.

    Тіл үйіретін «Сыр дәмі»

    Дәмі тіл үйіретін жент, сөк, талқан бүгінде жергілік­ті тұрғындардың дастарханына ерекше сән келтіріп отыр. Жеңсік асқа сұраныс көп. Көпшілік ағзаға зиянды тез дайындалатын тағамнан гөрі денсаулыққа пайдалы, құнарлығы жоғары, дәруменге бай ұлттық өнімдеріміз­ді таңдайды. Бүгінде сауда сөрелерінде «Қазақстанда шығарылған» деген белгімен жент пен тарының бірне­ше түрі ұсынылған. Олардың өзіндік түсі мен үлгісі де бар.

    Жентті дайындаудың машақаты көп. Көп уақыт пен асқан ептілікті талап етеді. Ұлттық тағам дастарханның сәнін келтіру үшін жұмсалатын қол еңбегі көп. Оның өзі бірнеше кезеңнен тұрады: қайнату, кептіру, қуыру, диірменнен тарту. Қалима апамыз қазан-ошақтың айна­ласында бір күн бойы тер төгеді. Әуелі тары бұқтырылып пісіріледі. Оны араластырған кезде дәннің қабықтарын алып тастау қажет. Дақылды қайнату да мұқияттылықты талап етеді. Оның уақыты шектен асып кетсе, онда дайын өнімнің дәмді болуы екіталай.

    - Қайнаған тарыны кептіріп, қазанда қуырамын. Содан кейін диірменде тартып, тарыдан талқан алынады. Оған сары май қоссаң, дәмі ерекше болады. Женттің түр- түрін дайындаймын. Оған қантпен қатар мейіз, жаңғақ, бал, өрік қосылады. Ұлттық тағамның сапасына және табиғи ерекшелігіне баса назар аударамын. Дайын өнім «Сыр дәмі» белгісімен саудаға шығарылады. Бір қорап­та женттің 20-21 данасы болады. Бағасы 400 теңге. Тұты­нушылар үшін қолжетімді. Ең бастысы сапалы. Себе­бі кәдеге жаратылатын тарыға баса назар аударамын, – деп жентті дайындау құпиясымен Ортақшыл ауылының тұрғыны бөлісті.

    Танап басындағы тынымсыз еңбек

    Еңбекқор Қалима Жұматай жылда 1,5 гектар алқа­пқа тары егеді. Оны қолмен орсаң, женттің дәмі ерек­ше болады дейді ауылшаруашылық тауар өндіруші. Сон­дықтан оның қолынан басты еңбек құралы – орақ түспей­ді. Алқаптағы жұмыс тек қол күшіне ғана артылады. Оның бейнеті көп. Алқапқа сіңірілген дән жайқалу үшін оны арамшөптерден тазалауды қаперден шығармау қажет. «Тары өсірудің өзіндік қыр-сырлары бар. Оларды еле­мей, қол сілтесең, өнімнің бір бөлігінен қағыласың», – дей­ді тары өсіруші.

    Бүгінде қызылордалық нәзік жан жентті әзірлеумен қатар наубайхананың жұмысын оң жолға қойған. Ол күні­не 80-90 бөлке нан пісіріп, дүкендермен қатар әлеумет­тік маңызды нысандарды қамтамасыз етеді.

    Бүгінде атақты тары өсіруші Шығанақ Берсиевтің ізба­сарлары дақылды егістікке сіңіріп, дәстүрді жалғастыруға бел буғаны қуантады. Оған қызылордалықтармен қатар ақтөбеліктер де ден қойған.

    Венера Мұстафина

    23.10.2017 ж. мақала

    Опубликовано 18.04.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -2°
      -3°
      Пн
      -3°
      Вт
      -4°
      Ср
      -3°
      Чт
      -5°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian