•  

    Рубрика: Бизнес |  Просмотры - 1 644

    ӘКК тауар өндірушілердің сенімі бар ма?

    Өңірлерде әлеуметтікәсіпкерлік корпорациялар қызмет ететіні мәшһүр. Олар жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуды баса назар аударған. Айқындалған міндет қаншалықты жүзеге асырылуда? ӘКК тиімді ме? Қандай салаларға баса назар аударылған? Бұл бағытта Алматы облысындағы «Жетісу» әлеуметтікәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ғалиевпен тілдестік.

    - Алматы облысында басымдыққа ие техникалық дақыл – қант қызылшасына қаншалықты қолдау көрсетіледі?

    Фото: ©Ehrecke/pixabay.com

    Фото: ©Ehrecke/pixabay.com

     – Бұл бағытта біздің «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкер­лік корпорациясының міндеті – сервистік-дайындау орталықтарын (СДО) құру. Бірінші кезекте қант қызыл­шасына баса назар аударылған. Бүгінде облыс бойын­ша 29 СДО құрылған. Олардың дені қант қызылшасы бағытында. Техникалық дақылды белсенді түрде себе­тін аудандарда 2-3 СДО бар. Олар барынша суармалы жерлерді қамту үшін тиімді орналасқан. Жылда СДО саны артып, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Онда көктемгі дала жұмыстары мен күзгі орақ науқаны­на қажетті техниканың толық жиынтығы сатып алынады: егістіктерді жырту, суару, тыңайту, культивациялау. Ком­байндар, сепкіштер, бүріккіштер – оның бір парасы. Құрал-жабдықтар заманауи. СДО сүдігерді жыртудан бастап күзгі жиын-терімге дейінгі қызметтерді көрсе­теді.

    СДО соңғы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік негізінде құрылуда. Шынтуайтында келгенде, бұл техника лизингі.

    Бүгінде 29 СДО арасында үшеуінде түйткілдер туын­дап отыр. Туындаған мәселелер әртүрлі. Төлемдердің дер кезінде төленбеуі – оның бір себебі. Бірақ оған қара­мастан, жалпы бағдарлама іс жүзінде орындалуда. Ешкім қағаз үшін жұмыс істемейді.

    - Қаншалықты тауар өндірушілер СДО қызметін пайдаланады?

    - Олар СДО қызметін 100 пайыз пайдалана алады. Оның барысы әкімдік тарапынан зерделенеді. СДО қызметінің тиімділігі үнемі назарда. Олар барынша қол­дағы егістіктерді ысырапсыз жинауға көмектесуі қажет. СДО қызметі тегін емес. Олардың техникасын пайдалану үшін тауар өндіруші қалтасынан қаржы төлейді. Бағасы бекітілген. Сондықтан өзінің техникасын ұсынатындар үшін бұл тиімді. Айналасындағы шаруалардың алқап­тарын жинауға көмектесумен қатар кіріске кенеледі. Барлық комбайндар қатаң түрде қай күні қандай шару­ашылықта болатыны алдын-ала бекітіледі.

    - «Жетісу» қант қызылшасын өсіретін тұрғындар тұқым ұсынатыны белгілі. Бұл қаншалықты шару­ашылықтар үшін тиімді?

    - Әлбетте. Биыл 9 м ың гектар а лқапқа тәтті т үбірдің тұқымы сатып алынса, келесі жылы көрсеткіш 11 мыңға дейін ұлғаймақ. «Жетісу» ӘКК бүгінде Алматы облысын­дағы 720-ға жуық шаруа қожалығына тұқым ұсынады. Меніңше, бұл қант қызылшасын өсірушілердің 90 пайыз­дан астамы. Алдын-ала төлемақы деген атымен жоқ. Есеп айырысу күзгі өнім негізінде жүргізіледі. Тұқымның сапасы жоғары. Сұрыпы франциялық және неміс. Оның операциялық кезеңі 9-10 ай. Диқандар тұқымды ақпан немесе наурыз айында бізден алса, оның ақысын қараша айында төлейді. Бұл бағытта дебиторлық қарызды жинау көрсеткіші 99 пайызды құрайды. Оған қалай қол жеткіз­дік деген сауал туындауы ықтимал. Оң жолға қойылған жұмыс жүйесі бар. Тауар өндіруші тапсырылған өнім­нің ақысын алу үшін зауыттың есепшісіне ғана емес, сол жердегі біздің маманға да жүгінеді. Оның тарапынан тиі­сті өтінім жазылып, оның қарызы сол сомадан ұсталады.

    Егер дебиторлық жинау бізде секілді жоғары болса, бұл тиімді екендігі сөзсіз. Себебі ӘКК бір теңгеге алып, дәл сол бағаға сата алмайды. Оған қосылатын үстеме­ақы мөлшері төмен.

    - Сонда ӘКК-ға тауар өндірушілердің сенімі бар ма?

    - Шаруалардың қант зауытына және ӘКК сенімі қалыптасқан. ӘКК тиімділігі дистрибьюторда іспетті емес. Қаржы – мемлекеттік. Сондықтан одан ешкім пай­да табуға тырыспайды. Техника, тұқым ұсынылады. ӘКК 2017 жылдан бастап қосымша бағыт бойынша қолдау көрсетеді. Өсімдіктерді қорғау құралдары, яғни герби­цидттер де алдағы жиналатын өнімге беріледі. Маңдай термен еңбек еткің келсе, егіншілікте біліп-түйгенің бол­са, онда жол ашық.

    - ӘКК қызмет аясын кеңейту жоспарда бар ма?

    - Біздің ұсынатын қызметіміздің аясы кеңеюде. Гер­бицидтпен қатар алдағы уақытта тыңайтқыштарды да ұсыну жоспарланған. Оның ішінде қант қызылшасының егіс айналымындағы дақылдардың тұқымы бойынша да қолдау қарастырылмақ: соя, люцерна. Болашақта кре­диттік серіктестікті құруды және нарықтық тәсілдер арқылы қаржыландыру ұсынуды көздеп отырмыз. Бұл бізге де әрі тауар өндірушілер үшін де өзара тиімді әріп­тестік: ӘКК үшін – тиімділігі шағын бизнес болса, шаруа қожалықтары үшін «бір терезе» қағидасымен қызмет ететін супермаркет іспетті.

    - Өңірдегі қант қызылшасының қазіргі тынысын қалай бағалайсыз?

    - Өткен жылы аймақтағы қант қызылшасының алқабы 7 мыңға жуық еді. Биыл оның көлемі ұлғайды. Жалпы 9 мың гектарға тәтті түбір тұқымы себілді. Күзгі жиын-те­рім науқаны бойынша оның 98 пайызы жиналды. Гектар берекелігі аудандар бойынша әртүрлі. Өнімділігі орта­ша алғанда 200-500 центнерден айналады. Бізде биыл Ақсу қант зауыты қант қызылшасын қабылдай бастады. Оның қуаттылығы қолданыстағы Көксу қант зауытына қарағанда 2 е се ж оғары. С ондықтан қ ант қ ызылшасы алқаптарын ұлғайтумен қатар оның өнімділігін арт­тыру керек. Әсіресе, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарын­да. Келесі жылы қант қызылшасының алқабын 11-12 мың гектарға арттыру межеленген.

    - Шаруалар тарапынан техникалық дақылға қызығушылық бар ма?

    - Негізінен ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қант қызылшасына қызығушылығы жоғары. Бұл әуелі дақылдың нарықтағы тиімділігімен байланысты. Мем­лекеттік қолдауды қаперге алсақ, тәтті түбірді өсіру өте тиімді. Егер қант қызылшасының өнімділігі орташа алғанда гектарынан 400 центнер жиналса, оның береке­лігі сезіледі. Қант қызылшасы – техникалық дақыл. Оны өсіре білу қажет. Арнайы техниканы, құнарлы жерді, суа­руды, дер кезінде гербицидтер мен тыңайтқыштарды пайдалануды талап етеді. Соны соң технологияларға да қол сілтеуге болмайды. Оның ішінде тамшылатып суару жүйесінің өзіндік артықшылықтары бар.

    Венера Мұстафина

    Опубликовано 09.05.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      24°
      25°
      Вт
      26°
      Ср
      29°
      Чт
      28°
      Пт
      27°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian