•  

    Рубрика: Бизнес |  Просмотры - 1 306

    Дастарханның сәнін келтірген нан

    Жұмыс орны қат ауылдарда шағын кәсіп – табыстың көзі, елді мекеннің әлеуетін арттырудың жолы. Оған наубайхананың тізгінін ұстаған Ғалия Мұқанова сенімді. Оның қолға алған кәсібінің тынысын саралау үшін нәзік жанды әңгімеге тарттық.

    Ғалия Мұқанова – ұстаз. Бірақ нәзік жан 1990 жылдары қаржылық қысылтаяңда қалың бұқарамен бірге саудаға бет бұрған. Отбасын асырау үшін Алматы мен Бішкек арасын тоздырды. Тәуелсіз еліміз аяққа тұрған соң, киім саудасынан көпшілік бас тартты. Ақмола облысы Жолымбет кентінің тұрғыны да үзеңгілестерінің шеші­мін қостаған.

    Ғалия Мұқанова / Фото: Венера Мұстафина

    Ғалия Мұқанова / Фото: Венера Мұстафина

    Нәзік жан өзінің отбасымен қатар ауылдастарын сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз етудің қам-қареке­тіне кірісті. Нәтижесі көп күттірмеді. 2000 жылы шағын наубайхана ашылған болатын. Бүгінде бұл отбасылық кәсіпке айналып отыр. Тәулігіне 300 бөлке нан және 7 келі тәтті тоқаштың түр-түрі пісіріледі.

    - Біздің кентте 1600-ге жуық адам тұрады. Ауыл­дастарымызды сапалы өніммен күнделікті түрде қамта­масыз ету – басты мақсат. Нан-тоқаш екінші күнге қал­мау үшін оларды көп пісірмейміз. Біздің наубайхана­да өнімнің 8 түрі дайындалады. Оның ішінде бөлке нан, батон, тоқаш, рогалики бар. Нан илеу барысы автомат­тандырылған. Қалған жұмыстың барлығы адамның күші­не артылады. Наубайханада 4 адамды жұмыспен қам­тып отырмын. Бір ауысымда екі адам еңбек етеді. Бұл жұмыстың тиімділігімен қамтамасыз етумен қатар қауі­псіздікке де алаңдамауға мүмкіндік береді, – дейді нау­байхананың жетекшісі.

    Наубайханада бір пеш, нан илейтін және ашытатын құрылғылар, араластырғыш, дайын өнімдерге арналған тартпалар бар. Иісі аңқыған өнімдер бірден дүкенге жол тартады. Нанның дәмі тіл үйіруі үшін оның өзіндік сыры бар. Қамырға ешбір қоспа араластырылмайды. Ең бастысы ұнның сапасына баса мән беріледі.

    - Біздің бөлке нан қалалық аттасынан дәмі, тығыздылығы бойынша ерекше. Оған тұтынушыларымыздың пікірі дәлел. Студенттеріміз бізге келгенде «нанның дәмі ерек­ше деп, өздерімен бірге қалаға алып кетеді». Кентіміз­дің басқа аудан тұрғындары бізді іздеп келеді.Олардың алғысына бөлену – мен үшін басты қуаныш. Сондықтан өндірісімізді кеңейтуге бел будық. Жаңа ғимарат сатып алынды. Оған наубайхананы көшіріп, заманауи құрал-жа­бдықтарды сатып алу жоспарда бар. Кентімізде бәсеке­лестік бар. Тағы 2 наубайхана жұмыс істейді, – деп өзінің кәсібі жайлы Ғалия Мұқанова сыр шертті.

    Іскер нәзік жан 17 жылдан бері ауылдастарын нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етеді. Оның айтуынша, әрбір кәсіпкер тек өзінің қамын ғана емес, қоғамның тынысын да қаперге алғаны абзал. Өз ауылыңа жанашыр болып, оның әл-ауқатын көтеруге атсалысу – туған жер­ге деген сүйіспеншіліктің бір белгісі.

    Венера Мұстафина

    Опубликовано 30.03.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      20°
      19°
      Пн
      24°
      Вт
      26°
      Ср
      28°
      Чт
      27°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian