8 701 394-21-28

agro_info@bk.ru

Ұлар: бүгіні және болашағы

Ұлар құсы қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі құс. Оны ұлар туралы жазылған аңызәңгімелер, өлеңдер мен мақалдардан білуімізге болады. Аталған құс ұшар кезде таудан төмен егіске қарай қорым тастармен сырғанап аспанға қалықтап көтеріледі. Ұлардың осылай ұшу әрекетін байқап, халық арасында «сырғанап ұшқан ұлардай» деген теңеу қалыптасқан.

Жайылып жүрген гималай ұлары
Жайылып жүрген гималай ұлары

Қазақстан Республикасының аумағында Алтай және Гималай ұлары мекендейді. Ел арасында кеңінен ауыз екі тілімізде теңеу сөз ретінде жиі айтылатын «Ұлы тауға шықтыңба, ұлар етін жедің бе?» деген сөздерді естімеген қазақ жоқ шығар. Бар аңшының арманы ұларды көзімен бір көру, мүмкіндік болса етін жеп, сор­пасын ішіп көру болар. Ұлар еті­нің емдік қасиеттері туралы көп­теп айтылады. Еті ас қорыту ауруларын емдейді, қан тамыр жолдарын тазартады, денеде­гі суықты шығарып, организмді калий мен кальций элементте­рімен толықтырады, ал өті тыныс алу жолдары ауруларын емдей­ді деп саналады. Сондықтан да, оның еті мен өт жолдарының фар­макологиялық қасиеттерін зерт­теуге қызығушылық артуда.

Ұлар құсы тек таулы аймақтар­да, өте биік шыңда өмір сүріп, қолға түсе бермейтін аса сақ құс.

Аталған құсқа деген шару­ашылық қызығушылық өте жоғары. Таулы аймақта өмір сүріп үйренгендіктен, олардың шектеу­лі мөлшерде шөптесін азық пай­далануы, төменгі температу­раға (-40-50°С), желге төзімділі­гі, оларды қолда өсіруді жеңілде­теді. Тек табиғи орта жағдайын жасау қажет.

Осы факторлар мен жоғары сұраныста болуын ескере, біз 2016 жылдан бері гималай ұларын қолда өсіріп, оларды көбейтумен айналысып келеміз.

2017 жылға арналған ғылы­ми және (немесе) ғылыми-тех­никалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойын­ша «Заманауи биотехнология­лық әдістерді қолдану арқылы жабайы гималай ұларларын (T. himalayensis) сақтау және қалпы­на келтіру» тақырыбында мемле­кеттік грант ұтып алынды.

Жобаның мақсаты: Төзімді, тұрақты түрде көбейетін, гене­тикалық құнды ұларды алдағы уақытта табиғи ортаға шығару мақсатында биотехнологиялық әдіспен алу.

Жобаның артықшылықтары:

– Ұларларды қолда өсіретін кәсіпорындар болмағандықтан және олардың түрлері жоғалу қауіпінде тұрғандықтан, табиғи олжаны шектейді.

– Ұларлар популяциясын қалпына келтіруде мемлекеттің және табиғат қорғау құрылымдарының мүдделілігі;

– Аңшылық шаруашылықтарының мүдделілігі;

– Қазақстан және ҚХР нарығында ұларларға сұраныс;

– Әлеуетті сатып алушылармен алдын ала уағдаластық;

– ҚХР нарығында ұларларға сұраныс.

Қазіргі таңда, жоба жұмыстары- мен 7 маман жұмыс жасау­да, гималай ұларына арнайы жасанды табиғи орта жағдайы жасалынып, тәлімбақ салын­ды, материалдық-техникалық база әзірленді, арнайы рацион құрастырылып, емдік-профи­лактикалық іс-шаралар жоспары құрылды, аталған құс санын жасанды жолмен көбейту шара­лары іске асырылуда.

Мекеменің өз қаражаты­на салынған тәлімбақ құсқа арналған қыстық павильон, тұрғын үй, қойма бөлмелері, жаздық және қыстық қаумал, карантинді аймақ, санитариялық өткізгіштен тұрады (1-2-сурет). Жалға алынған зертхана барлық жабдықтар мен шығыс материал­дарымен жабдықталған. Зертхана бөлмелері: инкубациялық бөл­ме, балапандарды өсіру бөлмесі, бокс, ұлар балапандарын бейімде­уге арналған жануархана дайын­далды.

Саябақтың алыстан түсіргендегі суреті
Саябақтың алыстан түсіргендегі суреті

Қорытынды. Қазіргі кезде мекемемізде заманауи биотех­нологиялық әдістерді қолдану арқылы жабайы ұларлар басын жеделдетіп көбейту жүргізілетін биотехнологиялық зертханалар жасалынды. Жабайы ұларларды (таулы аймақта) өсіру үшін тәлім­бақтар салынды. Жобаны орын­дау кезінде табиғи ортаға шама­мен 100 ұлар және жыл сайын жоба аяқталғаннан кейін 200 ұлар табиғатқа реинтродукция­ланады. Қолда өсірілген ұларлар мемлекетке және жеке кәсіпкер­ліктерге сатыла бастады. Жоғары сапалы өнімдер түрін байытып, тікелей дүкендер желісі мен мей­рамханалар арқылы өсірілген құсты бөлшектеп сату көздел­ген. Спортшылар үшін диеталық тағам ретінде шығарылған өнім сатылады. Дәрілік құралдарды әзірлеу үшін Қытайға ұларлар­дың әртүрлі бөлшектерін экс­порттау көзделген.

Бұл қазіргі жұмыстар. Бола­шағы қалай болмақ. Қоғам қай­раткерлері, ақын-жазушылар, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының әкімшілі­гі ұларды Ұлытауда жаңғыр­ту туралы ұсыныстар беру­де. Ол ұсыныстарды орындау үшін Ұлытауда ұларға арнайы жасанды табиғи орта жағдайы жасалынуы керек, ол үшін олар тұратын тәлімбақ салы­нуы, материалдық-техникалық база әзірленуі, арнайы рацион құрастырылуы, емдік-дауалық іс-шаралар жоспары құрылуы, құсқа арналған қыстық пави­льон, тұрғын үй, қойма бөлмеле­рі, жаздық және қыстық қаумал, карантиндік аймақ, санитария­лық өткізгіш тұрғызылу тиіс. Ең маңыздысы барлық жабдықтар мен шығыс материалдарымен жабдықталған зертхана салу керек. Зертханада: инкубация­лық бөлме, балапандарды өсі­ру бөлмесі, бокс, ұлар балапан­дарын бейімдеуге арналған жану­архана болу керек. Бұған үлкен қаржы керек. Қазақстан Респу­бликасының Білім және ғылым министрлігі қолдаса көпшіліктің ұсынысын біз орындай аламыз.

Аталған жоба жұмыстары жоспар бойынша өз кезеңімен атқарылуда. Гималай ұлар саны артып, тапсырыс берушілер мен қызығушылар саны күннен күн­ге артуда. Төзімді, тұрақты түр­де көбейетін, генетикалық құн­ды ұлар санын арттыру және олардың табиғи популяци­ясының санын артыру мақсатын­да табиғи ортаға жіберу біздің міндетіміз, Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту мақса­тында аса құнды, денсаулыққа пайдалы ұлар құсының өнім­дерін нарық айналымына жібе­ру біздің негізгі жоспарымыз болып табылады. Қарағанды облысының сұранысын орын­дау үшін «Қылым қорынан» қар­жылық қолдау керек.

Беркінбай О., Абдрахманова У. М., Батырханова А. С., Боранбаева К. Е.
«Шитемір» ЖШС, Алматы

Байланыс мәліметтеріміз: Боранбаева К. Е.

Жұмыс телефоны: 8 (727) 225-04-62. Ұялы телефоны: 8-707-198-87-59
E-mail: shitemir@bk.ru

Мақала «АгроИнфо» газетінің 30.09.2019 ж. №7 (211) жарияланды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы