«Еңбек етсең, ісің өнеді»

Бүгінде өз ісін ашуға ниет білдіргендердің қатары қалыңдады. Бірі діттеген арманына қол жеткізу үшін мемлекеттік қолдауға иек артса, екіншілері өздерінің көрпесіне қарай көсіледі. «Тәуекелге бел буған» жан­дар шаруаны дөңгелетіп, нарыққа сапалы өнім ұсынуды тырысады.

Торт и пирог
Иллюстративный коллаж: АгроИнфо

2021 жылға қарай азық-түлік экспортын 40 пайызға көбейту жүктелді. Айқын­далған м еже с ағымға а йналмауы ү шін өндірісті қамшылау қажет. Мұны атқа­мінерлер мықтап қаперге алған көріне­ді. Биылғы 4 ай ішінде азық-түлік өндір­ісі өткен жылмен салыстырғанда 5,7% пайызға еселенген. Оның ішінде сұйық май 10,6%, қатты ірімшік түрлері 10,3%, ет және ет-өсімдік консервілері 6,7%, өңделген сүт 6,4% артты.

Сделано в Казахстане (логотип)«Made in Kazakhstan» экологиялық тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Оған отандық тауар өндірушілер мен өнім­ді қайта өңдеушілер баса назар ауда­рады. Табыстың басты кілті – сан емес, сапа. Бұл жамбылдық кәсіпкер Екате­рина Решетько үшін басты ұстанымға айналған. Нәзік жан бала күтіміне бай­ланысты демалыста қол қусырмаған. Ерекше махаббатпен дайындалған тәтті­лердің дәмін қос перзенті татты. Дәмі тіл үйіретін бәліштерге туған-туыстар мен достардан тапсырыстар көбейген. Үйде­гі асхана таршылық еткендіктен, конди­терлік цех ашу қажеттігі туындады. Белді бекем буған Екатерина Решетько мемле­кеттік қолдаудың несібесін сезінді.

– Банктен 7 миллион теңге көлемін­де несие алдық. Жылдық мөлшерлеме­нің тең жартысы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемле­кет есебінен демеуқаржыландырылып, кейін енгізілген өзгерістерге байланысты біз оның тек 2% ғана төледік. Бұл – жас кәсіпкерлер үшін елеулі көмек, зор мүм­кіндік. Біз оның игілігін көрдік. 60 шар­шы метрлік кондитерлік цех сатып алын­ды. «ДимКа» белгісімен дәмді торттар­ды дайындауды оң жолға қойдық. Оның ерекше атауына екі баламның есімі негіз болды: Дима және Катя. Бұл бағытта ұзақ ойлануға тура келді, – деп өзінің тәжіри­бесі жайлы Жамбыл облысының тұрғыны кеңінен баяндады.

«Медовый», «Прага», «Наполе ­он», тәтті бәліштер экологиялық таза, ешбір қоспасыз дайындалады. Өнімге сұраныс артқан соң, Тараздағы тәттілер ордасының аясы кеңейді. Нысанның екін­ші қабаты салынып, аумағы 200 шаршы метрге дейін ұлғайды. Бүгінде тәттілер мекенінде 30 адам тер төгеді. Олардың қолынан шыққан өнімдерді қала тұрғын­дары және жақын маңдағы аудан жұрт­шылығы тұтынады. «ДимКаның» 14 түрлі торттары нарыққа ұсынылған.

– Өнімнің сапасы және құрамы қатаң қадағалауда. Әрбір жаңа тәттінің дәмін әуелі балаларымыз көреді. Кішкен­тай сыншыларымыз құптаса, саудаға шығарылады. Тұтынушылардың пікі­рін біліп, өнімді дайындауды және әрле­уді үнемі жетілдіреміз. Баға саясатын және тәттілердің аудан тұрғындары үшін қолжетімділігін қаперде ұстаймыз. Бүгін­де халық денсаулыққа пайдалы өнімдер­ге басымдық береді. Олардың сұранысын ескеріп, калориясы төмен бәліштер­ді дайындау жоспарда бар. Бұл бағытта фитнес орталықтармен байланыс көпі­рін орнату қажет. Табыс – 1% сәттілік­тің және 99% еңбектің жемісі, – деп өзі­нің алдағы мақсаттарымен Екатерина Решетько бөлісті.

Жамбылдық кәсіпкер биылғы ақпан айында несиені толық өтеген. Оның сөзін­ше, мемлекеттік қолдау кәсібіне жаңа серпін берген. Дамуға бет алған конди­терлік цехтың иесі әлеуметтік жауапкер­шілікке қол сілтемейді. Қайырымдылық шараларға бастамашылдық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

– Нарықта әділ бәсекелестік орнауы тиіс. Бірақ оған қол сілтейтіндер де бар. Біздің өнімге сұраныс артып, пысықайлар оның көшірмесін нарыққа ұсына бастады. Қитұрқы әрекет, сапасы төмен тәттілер – біздің атымызға кір келтіреді. Сондықтан тұтынушыларға біздің өнімдерімізде «ДимКа» деген тауарлық белгі бар екен­дігін түсіндіреміз.

Венера Мұстафина

05.06.2017 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы