•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 514

    Қолдаудың шапағатына ұсақ құс фабрикалары бөленуі тиіс

    Қазақстан бүгінде тауық жұмыртқасынан қағажу көрмейді. Ақуызға бай өніммен ішкі нарық 100 пайыз қамтылған. Ал артылғаны шекара асып, шетелдік дастарханның сәнін келтіруде.

    «Қазақстанда шығарылған» сапалы өнімдерге сұраныс еселенді. Оның бір айғағы – «Алекри фирмасы» ЖШС. Бүгін­де теріскейлік құс фабрикасының өнімін Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан тұтынады. Таяуда Ауғанстаннан да қолқа салынған. Енді кәсіпорынның тізгінін ұстаған Алек­сандр Прядко экспорттық әлеуетті күшей­туге ден қойды.

    Коллаж: АгроИнфо

    Коллаж: АгроИнфо

     – Жалпы орташа жылдық көрсеткішті сараласақ, кәсіпорнымызда 150 мил­лион жұмыртқа өндіріледі. Жетістігіміз­ге тоқмейілсімей, қарқынды қамшыла­уға және кеңейтуге бел будық. Тұрақты түрде мекиен тауықтардың қатары жаңартылып, асыл тұқымды құстар­ды сатып алу оң жолға қойылды. Өткен жылы 140 мың құсқа шақталған қора- жай ашылды. Биылғы жылы технология­лық тұрғыдан қамдануды жөн санадық. Шағын-элеватор салынды, кептіргіш пен жұмыртқаны жинайтын құрылғы сатып алынды. Өндіріс автоматтандырылды, – деп өндірістің бүгінгі тынысын «Алекри фирмасы» ЖШС директоры Александр Прядко бағамдады.

    «Алекри» белгісі бар өнімдерді шыға­ру тарихының тамыры тереңде. Биыл құс фабрикасының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бейнеттің зейнетін татқан Александр Прядко 1990 жылдардағы күр­делі кезеңде тәуекелге бел буды. Өндірісті оң жолға қою, өнімді тұрақты түрде шыға­ру және өткізу, тұтынушылардың көңілі­нен шығу о ңайға с оқпады. Б елді б екем буған шаруа қысылтаяң жағдайда да сүрінбей, кәсіпорынды дамытудың жаңа жолдарын талмай іздеді.

    - Александр және Кристина деген бала­ларымның құрметіне құс фабрикасы­на «Алекри» деген атау бердім. Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарында эконо­микалық қиындықтан кейбір құс шару­ашылықтары тақырға отырды. Бірақ мен тығырыққа тірелсем де, ұлым мен қызым­ның есімі берілген кәсіпорынға қол сілтей алмадым. Оны аяққа тұрғызуға, өндірістің тынысын кеңейтуге бар күш-жігер салын­ды. Мен шетелдік өндірістерді зерделеп, үздік технологияларды ендірдім, – деп тауар өндіруші өткен күндерді ой елегі­нен өткізді.

    Жұмыртқа бағытындағы құс шару­ашылығының өнімі көпшілік үшін таңсық емес. «Алекри» Солтүстік Қазақстанда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де сауда сөрелеріне жайғасқан. «Табыстың басты кілті тұрақтылық және адамдар. Бізде 20 жыл бойы тер төгетін мамандар бар. Кадрларды өзіміз дайындап, білікті­лікті шыңдауға басымдық береміз. Өндір­істің қарқынды дамуы құстың генетикасы­на, жақсы кросстарға тікелей байланысты. Біз соңғы кездері «Декалб» тұқымды тауықтарды сатып алуға кірістік. Олардан жылына 330 мың жұмыртқа жиналады. Оларды өткізумен ешбір қиындық туын­дамайды. Маусымдық өнімге сұраныстың артатын және төмендейтін кездерін анық білеміз», – дейді ол.

    Оның айтуынша, жұмыртқаның өзін­дік құны қымбаттаған. Бұл көбіне құстың жем-шөбіне байланысты құбылады. Мекиен тауықтарға берілетін азықтың 70% астық құрайды. Егер сары алтын­ның құны шарықтаса, бұл өнімнің өзіндік құнына да әсерін тигізеді. Бұл ретте мем­лекеттік қолдау туралы айтар болсақ.

    - Мемлекеттік қолдау өндіріс ауқым­дылығына байланысты беріледі. І санатқа ілігу үшін 200 миллион, ІІ-і бойынша 150 миллион, ІІІ cанатқа сәйкес 100 миллион жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары кіреді. Мен ІІ санат бойынша демеуқар­жы аламын. Бірақ бұл дұрыс емес. Себебі демеуқаржының денін 3-4 ірі құс фабри­касы алады, ал шағын шаруашылықтар одан құр алақан қалады. Бірақ бағасы арзан өнім шығару үшін ұсақ құс өсіруші­лерді демеу қажет, – деп өзінің пайымын тауар өндіруші ортаға салды.

    Әріптесінің пікірін Надежда Ковцуняк құптайды. Нәзік жан 18 жылдан бері құс өсірумен айналысады. Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғыны тауықтың, үйрек­тің, қаздың балапандарын сатып, күнде­лікті нәпақасын тапқан. Құстарды қанат­тандырудың қыр-сырын жете меңгерген теріскейлік жан ермегін өндірістік жолға қоюға бекінген. Биыл нар тәуекел деп, 3 миллион теңге көлемінде несие рәсімдел­ді. Қаржы 6 мың басқа арналған шағын құс шаруашылығын тұрғызуға жұмсалған.

    - Құс фабрикасын ашу – менің асқақ арманым еді. Оған қолым жетті. Бүгін­де шаруашылығымызда 2 мыңға жуық құс бар. Оларды көбейтіп, келесі жылы аудан тұрғындарын сапалы етпен және жұмыртқамен қамтамасыз етемін. Ауыл­дастарыма экологиялық таза өнім ұсынылады. Себебі мен ешбір қоспаларды қолданбаймын, құстарды тек таза жеммен өсіремін, – деп өзінің кәсібі жайлы Надеж­да Ковцуняк сыр шертті.

    Бастамашыл нәзік жан нарықтағы сұранысты да қаперге алған. Енді ол тауықпен, қазбен және үйрекпен қатар бөденелерді асырауды да қолға алмақ.

    Венера Мұстафина

    03.07.2017 ж. мақала

     Опубликовано 24.01.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      15°
      7°
      Вт
      5°
      Ср
      7°
      Чт
      11°
      Пт
      11°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian