•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 1 044

    Наубайхананың тізгінін ұстаған ақтөбелік нәзік жан

    Қазақстан экологиялық таза өнімдерімен әмбеге танылуы тиіс. Оған ауылшаруашылық тауар өндірушілер де білек сыбана кіріскен.

    Нан бар жерде ән бар. Оған Жанат Сәриева көз жеткізген. Ақтөбелік нәзік жан дастарханның сәнін келтіріп, ауыл­дастарының ризашылығына бөленуде. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шапағатын сезінді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында нау­байхана құлашын кеңге жайды.

    pekarnya-xleb

    Иллюстративное фото

    - Менің мамандығым – азық-түлік өнер­кәсібіндегі инженер-технолог. Әуелі ірі наубайханаларда тәжірибемді шың­дадым. Оның сырына қанығып, жеке кәсіппен айналысуға бекіндім. 2003 жылы шағын наубайхана ашылды. Сұраныс көбейген соң, өндірістің қарқынын күшейту қажеттігі туындады. Бұл бағытта мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдауы сеп­тігін тигізді. 2012 жылы 20 миллион тең­ге, 2016 жылы 2 миллион теңге көлемінде несие алдым. Оның жылдық мөлшерлеме­сінің тең жартысын мемлекет демеуқар­жыландырады. Оның арқасында швей­цариялық және түркиялық пештер мен құрал-жабдықтарды сатып алдым. Бұл доллар бағамының күрт қымбаттауымен тұспа-тұс келіп, біраз шығындалдым. Бірақ оның ақталатынына сенімдімін. Сонымен қатар наубайхананың ішін әрлеп, қосым­ша нысан салынды, – деп кәсіпкерлік­тегі алғашқы қадамдарын ақтөбелік нәзік жан тергіштеді.

    Наубайхананың тізгінін ұстаған Жанат Кәмелқызы тынымсыз еңбек пен үнемі ізденістің жемісін сезінді. Төгілген маң­дай тер ақталды. Әуелі тек нан және батон пісірілсе, бүгінде өнімнің 20-дан астам түрі нарыққа ұсынылады. Олардың дәмін жерлестерімен қатар Мұғалжар, Темір және Байғанин аудандарының тұрғын­дары татады. Экологиялық таза және сапалы нан өнімдеріне сұраныс еселен­ген. Бәлішке, бауырсаққа, тоқашқа жеке тапсырыстар көбейген. Оны дер кезінде орындау үшін наубайхана қызметкерле­рі түнде де жұмыстан қол үзбейді. Қамыр илеудің технологиясы қатаң сақталады. Оны жетілдіруді Жанат Сәриева өз мой­нына алған.

    - Тәулігіне 2 тонна, бір айда 60 тонна нан өнімдері пісіріледі. Пештен шыққан ыстық нанның бағасы қолжетімді. Оның сапасына және талапқа сәйкес келуін қатаң қадағалаймын. Тұтынушының көңі­лінен шығып, сенімін ақтай білу қажет. Мен үшін халықтың ризашылығы аса маңызды. Кез келген істің өзіндік қиын­дығы бар. Оған төзіп, алға ұмтылу және еңбек ету – табысымның басты кілті, – деп өзінің сырымен Жанат Сәриева бөлісті.

    Бүгінде наубайханада 38 адам еңбек етеді. Ақтөбелік кәсіпкер өндірістің ауқымын кеңейтуді діттеп отыр. Конди­терлік цехты ашу, ауылдастарды тәтті өнімдермен тәнті ету жоспарланған. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтармен қам­дану қажет.

    Венера Мұстафина

    10.05.2017 ж. мақала

    Опубликовано 20.11.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -23°
      -14°
      Вс
      -22°
      Пн
      -25°
      Вт
      -27°
      Ср
      -18°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian