•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 830

    Басымдық инновациялық білімге беріледі

    Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңашылдықтарды меңгерту үшін отандық тауар өндірушілер үшін арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Биыл дәрістердің мазмұны мен бағыты өзгеріске ұшыраған.

    Елімізде ауылшаруашылық тауар өндірушілерді жаңа білім­мен қаруландыруға баса назар аударылады. Бұл бағытта 2006 жылдан бері мемлекеттік бағдар­лама өмірге жолдама алған. Биыл ауылшаруашылық құрылымдар­ды оқыту жүгі Ұлттық кәсіпке­рлер палатасына жүктелді.

    obuchenie-predprinimatelei-5

    - Елімізде агроөнеркәсіп­тік кешенде өнім өндірумен 2017 шаруашылық айналысады. Бірақ көбіне кәсіпті дөңгелетуге мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігі немесе мүлде жоқтығы кедергі келтіреді. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы саласын­дағы ғылыми-зерттеу институт­тарының нәтижелі және озық зерттемелері жеткілікті екенді­гін ескеру қажет. Оларды қол­данысқа енгізу арқылы өнім өндіруді дамытуға жол ашылады. Тек бүгінде аталмыш зертте­улер тәжірибелік түрде шару­ашылықтарда кәдеге асырыл­майды. Себебі ғылыми-зерт­теу институттары мен шару­ашылықтардың арасындағы байланыс сылбыр, – деп мәсе­ленің мән-жайын «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Дін­мұхамет Абсаттаров жіпке тізді.

    Биыл Агробіліктілік орталығы құрылғаны мәлім. Оның қатарын­да 50-ге жуық отандық және шетелдік сарапшылар тер төге­ді. Дәріс тақырыптары отандық тауар өндірушілердің талап-ті­лектері мен ұсыныстарына сәй­кес таңдалған. Барлық оқыту шаралары кеңселерде емес, нақты шаруа қожалықтарында ұйымдастырылады. Табыстың кілтін меңгерген диқандар мен фермелер өздерінің сырларын ашып, тәжірибелерімен бөлі­седі. Жыл басынан бері меже­ленген 660 семинардың 400- ге жуығы жергілікті деңгейлер­де ұйымдастырылған. Дәрістер­ді 6 мың тыңдап, білім көкжиегін кеңейтті. Бірінші кезекте инно­вацияларды және жаңа техно­логияларды меңгерту оң жолға қойылған.

    - 2016 жылы «Extension» бағ­дарламасы енгізіліп, негізге алынды. Бұл тек білім беру ғана емес, кері байланысты орна­тудың жолы. Оған сәйкес теория мен тәжірибе ұштастырылады. Жергілікті мамандар теори­ялық білім алып, күннің екін­ші жартысында біліп-түйгенде­рін шаруашылықтарда тексеру­ге мүмкіндік алады. 1-2 күн ішін­де фермерлерді мазалайтын басты сұрақтарға жауап бері­леді. Экономикалық тиімділік, нақты бағыттар бойынша мем­лекеттік қолдау тетіктерін түсін­діруге баса назар аударылған. Ал ауыл шаруашылығындағы коопе­рациясы бойынша АҚШ, Австра­лия, Франция, Германия іспетті елдерден 25 шетелдік сарапшы тартылған. Олар біздің тауар өндірушілерге кеңес береді, – деп жұмыс барысын Агробілік­тілік орталығының директоры Төлеутай Рақымбеков өз ой еле­гінен өткізді.

    3 айдан бері Call-орталық қызмет көрсетеді. Оған бүгін­де тәулігіне 10-12 адам жүгіне­тін көрінеді. Шаруалардың дені мемлекеттік қолдау және техно­логиялық мәселелер бойынша қоңырау шалады

    Венера Мұстафина

    Также читайте:

    На обучение фермеров Казахстана выделили миллиард тенге

    Развитие АПК требует постоянного обучения фермеров

    Центр агрокомпетенций учит казахстанских фермеров передовым технологиям

    Опубликовано 10.03.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      17°
      16°
      Вт
      11°
      Ср
      12°
      Чт
      14°
      Пт
      11°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39