Бірігуге басымдық берілмек

Ірілену – өркендеудің кепілі. Атқамінерлер көпшіліктің ауылшаруашылық кооперацияларға деген күдігін сейілтуге мықтап кіріспек. Алдағы 5 жылда олардың кеңінен қанат жаюына жаңа серпін беру межеленген.

Әуелі ұсақ тауар өндірушілерді бірігуге ынталандыру көзделген. Оның арқасын­да әбігерге салатын өнімді тасымалда­удың түйіні тарқатылмақ. Тауар өндіруші өнімін кооперативке тапсырса, коопера­ция өз кезегінде тасымалдау жүгін мой­нына алады. Бұл бағытта қаржылай қол­даудың жаңа тетіктерін ендіру нысанаға алынады. Биыл Қарағанды облысының Нұра ауданында қанатқақты жоба өмір­ге жолдама алмақ. 12 ауылшаруашылық кооперация негізінде қаржыландырудың жаңа тетіктері сынға салынбақ.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

– Біздің орталық ауылшаруашылық тау­ар өндірушілерге технологияларды сатып алудың түрлі мүмкіндіктерін ұсынады. Бүгінде жетекші компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, олар сапалы тех­нологиямен қатар қажетті сервиспен қамтамасыз етеді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кооперация­ларға жылдық мөлшерлемесі 6 пайызға тең несие және лизинг ұсынады. Олар­дың инвестициялық және өнім өндіру шығындарына демеуқаржы ұсынылады. 2020 жылға қарай мал шаруашылығы саласында 90 жуық кооперативке қол­дау көрсетіліп, бұл шағын және қосалқы шаруашылықтарға 400 млрд теңге көле­мінде қосымша кіріске кенелуге мүмкін­дік береді.Осылайша ауылшаруашылық кооперациялардың дамуы қарқын ала­тынына үміттенеміз, – деп мәселенің мән- жайын «Агротехнологияларды трансферт­теу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС бас директоры Дамир Егізбаев тер­гіштеді.

Төрт түліктің дені қосалқы шару­ашылықтарда шоғырланған. Десек те олардың және қайта өңдеу кәсіпорын­дарының арасында әлі де байланыс көпі­рі орнамаған. Оның кесірінен ет және сүт өнімдерін өңдейтін ошақтарға шикізат жетіспейді. Олар үшін толық қуаттылыққа көшу әзірге сағымға айналып отыр. Мәсе­ленің түйінін тарқату жүгі кооперация­ларға арқаланбақ. Жеке қосалқы шару­ашылықтарды, ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіру арқылы өнімді өндіріске жеткізу­дің жүйелі жолын қалыптастыру көздел­ген. 2021 жылға белгіленген меже – 1500 ауылшаруашылық кооперацияларды құру. Ірілендіру қарқын алса, 500 мыңға жуық ұсақ тауар өндіруші кооператив­терге бірігеді. Бұл құзырлы министрліктің есеп-қисабы. Оған сәйкес шикізатпен қам­тамасыз ететін кәсіпорындардың үлесі 1,3 есеге артады.

– Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, оларды қаржыландыру үшін несие­леу бағдарламаларын ендіруге баса назар аударылған. Бүгінде елімізде 150- ге жуық жаңа ауылшаруашылық коопе­ратив құрылған, олардың 98-і мал шару­ашылығына тиесілі. Оның аясында шағын мал бордақылау алаңдарының және сүт қабылдау бекеттерінің жұмысын оң жолға қоюға баса назар аударылған. Сонымен қатар мал шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қолдау тетік­тері қайта қаралады. Бүгінде қолдау 2 бағытта жүргізіледі: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату. Енді бұл тетіктер қайта қаралмақ. Демеуқаржылан­дыруға қатысатын тауар өндірушілерді барынша қамту үшін басты көрсеткіштер мен талаптар деңгейі жұмсартылады. Оның есебінен мемлекеттік қолдауды арттырып, ауылшаруашылық өндіруші­лерге демеудің игілігін сезінуге мүмкіндік берілмек, – деп мәселенің мәнісінеҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шару­ашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов жан-жақты тоқталды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ бірігуге ниет білдірген тау­ар өндірушілерге қол ұшын созады. Өткен жылдың шілде айынан бері «Ынтымақ» бағдарламасы қолға алынған. Оның игілі­гін ет, сүт, бау-бақша өнімдерін өндіруге бел буған кооперативтер сезінеді.

– Ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған «Ынтымақ» бағ­дарламасы аясында сервистік дайын­дау орталықтарына қажетті техника және құрал-жабдықтар сатып алуға, айналым­дағы қаржыны толықтыруға несие бері­леді. 2016 жылы Қормен 1379 тауар өнді­рушіні біріктірген 64 кооперативке қолдау көрсетілді. Оларды несиелеуге 2,3 мил­лиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2017 жылы бұл бағытта 4,4 миллиард теңге қарастырылып отыр, – дейді «Ауыл шару­ашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз хатшысы Әлия Енсенбаева.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасына артылған үміт көп. Құжатта 16 басымдық айқындалған. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперати­втерін дамыту, мал шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру, мемлекеттік қолдаудың тиім­ділігін арттыру, несиелеудің жаңа тетік­терін қарастыру, экспортты ұлғайту. Бел­гіленген мақсат-міндеттер өмірге жолда­ма алу үшін ғылыми сүйемелдеуге, жаңа технологияларды ендіруге баса назар аударылады.

– Қазақстанның кемінде 2 аумақтық брендін құру пысықталады. Біріншісі қаза­қстандық ет бойынша және екіншісі «kz organic food» органикалық өнімге бағыт­талған. Егер мал шаруашылығы қанатын кеңге жайса, экспорттық әлеуетті қам­шылап, жаңа өткізу нарықтарын оң жолға қою қажет. Бұл бағытта биыл Ресей, Қытай және Иран нарықтарына өнімді өткізудің қадамдарын тізетін Жол картасы түзілмек. АӨК экспорттық орталығы құрылмақ. Оған сыртқы нарықтарды сараптау, Жол карта­ларын түзу, экспорттық өткізу нарықтарын қалыптастыру, экспорттық келісім-шарт­тарды кепілдендіру мен сақтандыруды ұсыну, өнімді сыртқа тасымалдау бойынша кеңес беру жүгі артылады, – дейді «Агро­технологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС бас директоры Дамир Егізбаев.

Жаңа құжат ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, «Қазақстанда өнді­рілген» белгісі бар өнімдердің қатарын көбейтетініне сенім бар

Венера Мұстафина

23.01.2017 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы