•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 760

    Құрама жем зауыттарының әлеуеті толық пайдаланылмайды

    Еліміздегі құрама жем өнеркәсібі әлі де қанатын кеңге жая алмай отыр. Қолданыстағы зауыттар бар-жоғы 48% жүктелген. Бар гәп шығарылған өнімге сұраныстың аздығына, тұрақты өткізу нарығының жоқтығына тіреледі. Тәуекелі басым кәсіппен айналысуға көпшілік әлі де иемене қарайтын сыңайлы. Енді құзырлы министрлік мемлекеттік қолдаудың арқасында құнарлы мал азығы өндірісін және оған деген сұранысты ын­таландыруды жоспарлап отыр.

    Өнімділікті арттыруға басымдық беріледі

    Отандық құрама жем өнеркәсібінің дәурені 1990 жылдары дүрілдеген. Бірақ төрт түлік пен құс санының құлдилауына байланысты саланың тынысы тарылған. Құнарлы мал азығына сұраныстың төмен­деуіне еліміздегі мүйізді ірі қараның 80% астамы жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы да әсерін тигізген.

    Комбикорм (руки+мешок)2010 жылдан бері мал азығы өндірісін қайта жандандыру мықтап қолға алын­ды. Техникалық тұрғыда жаңартуды талап ететін зауыттар мемлекеттік деме­удің игілігін сезінді. Бүгінде атқамінерлер жеңілдетілген қаржыландыруға және инвестициялық демеуқаржыландыруға үміт артады. Оның арқасында 2020 жылға дейін ірі құрама жем зауыттарын­да жаңғырту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Әзірге бұл тек қағаз жүзінде межеленген міндеттер. Бүгінгі құрама жем өндірісінің ахуалын бағдарласақ, оған бет бұрған кәсіпорындардың қатары шамамен 70-ті құрайды. Олардың жалпы жылдық қуат­тылығы 2 миллион тоннаға жуықтайды. Бірақ іс жүзінде отандық құрама жем зауыттары бар-жоғы 48% жүктелген. Олардың шығаратын өнімі 1 миллион 300 мың тоннаға тең. Бірақ бұл қажетті­лікті толық өтемейді. Әлі де еншімізде­гі қор қат. Ақуызды және энергетикалық мал азығы, биологиялық белсенді зат­тар тапшы. Бар гәп мал азығын өткізуде және саудалау көлемінде тұрақтылықтың жоқтығына тіреледі.

    - Құнарландырылған құрама жемді дайындауға қажетті қоспалардың дені Батыс Еуропа, АҚШ мемлекеттерінен жеткізіледі. Оның құны доллардың өсуі­не байланысты еселене түсетіні мәлім. Бағасы қалтаға салмақ салатындықтан, ұсақ тауар өндірушілер мен құс өсіруші­лер қоспаларды сатып алудан бас тар­тады. Бірақ қосымша дәрумендер, мине­ралдар, макро және микроэлементтер, аминқышқылдар, ақуыз қолданылмаса, мал шаруашылығындағы өнімділік 50% дейін құлдилауы кәдік. Өндірілген отан­дық құрама жемге сұраныстың азаюынан жергілікті мамандандырылған кәсіпорын­дар тоқырауға ұшырауы мүмкін. Оның сал­дарынан мал азығы қоспалары бойынша сыртқа алақан жаюымыз ықтимал. Сон­дықтан мал және құс шаруашылықтарын мал азығы қоспаларын отандық өндіруші­лерден сатып алуға ынталандырып, деме­уқаржыландырудың тетігіне иек артқан абзал. Оның арқасында құрама жем өнер­кәсібін дамыту мәселесі шешіліп, мал және құс шаруашылығында сандық және сапалы көрсеткіштердің жақ­саруына әсер етеді, -деп мәселе­нің мәнісін Қазақстан құс өсі­рушілер одағының прези­денті Руслан Шәріпов тер­гіштеді.

    Животные

    Құрама жем өнеркәсібін өркендету 2017-2021 жыл­дарға арналған Агроөнеркә­сіп кешенін дамытудың мемле­кеттік бағдарламасы тұжырым­дамасының жобасында көрініс тауып отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғановтың сөзіне сүйенсек, саладағы өндіруші зауыттардың жүктелуін 80% дейін ұлғайту көзделген. Оның арқасын­да қосымша бір миллион тонна құнарлы құрама жем өндірілмек. Межені бағын­дыру үшін еліміз бойынша мал азығы тең­герімін әзірлеу және қолданысқа енгі­зу жұмыстары қолға алынбақ. Егіс алқап­тарын әртараптандыру жұмысы жалғасын тауып, жем-шөп дақылдарының алқап­тары ұлғайтылады. Мемлекеттік қолдау арқылы құрама жем өндірісін және оны тұтынуды ынталандыру, жайылымдық жерлердің құнарлығын жақсарту жоспар­ланып отыр.

    Тұрақты өткізу нарығы қажет

    Құрама жем құс шаруашылығында кеңі­нен кәдеге жаратылады. Бүгінде оның жалпы қажеттілігі 1545 мың тоннаны құрайды. Саладағы кәсіпорындардың қатары 60-қа жетіп отыр: 33-і жұмыртқа өндіреді, 19-ы етті және 8-і асыл тұқым­ды бағытта. Салаға бет бұрғандардың дені жеке өндірісті оң жолға қоюға тыры­сады. Оның тиімділігіне «Қазгер-Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көз жеткізген. Әуелі құс фабрикасы тауыққа арналған құнарлы азықты сырттан дор­балады. Б ірақ бұл қ алтаға қ атты салмақ салған. Шығынға батпау үшін құрама жем зауытының іргетасын қалау ұйғарылды. Қажетті құрылғылар орнатылып, шикізат сатып алынды. Оның алғашқы жемісі 2008 жылы сезілді. Әуелі зауыттың қуаттылығы сағатына 5 тоннаны құраған. Бүгінде оның қауқары екі есе арттырылды. Отан­дық жұмыртқа өндірісіндегі көшбасшы құс фабрикаларының бірі құрама жемге қажеттілікті өз күшімен өтейді. Нарыққа жылына 300 миллион жұмыртқа ұсына­тын кәсіпорын тауыққа арналған азықтың дайындалуына және құнарлығына баса мән береді.

    «Құрама жемді өзіміз өндіргендіктен, оның сапасы бойынша ешбір күдік туын­дамайды. Құнарлы қоспалардың түрле­рі көп. Оның мөлшері құстардың жасы­на байланысты реттеледі. Белгіленген талаптар қатаң сақталады. Оның арқасын­да жұмыртқа өндірісінде өнімділікті есе­ледік», – деп серіктестіктегі құрама жем зауытының жұмысына «Қазгер» ЖШС директорының коммерция бойынша орынбасары Яков Мартин тоқталды.

    Балапанның 40-45 күннің ішінде кемін­де 2-2,5 келі салмақ жинауы құнарлы азық түрлерін талап етеді. Сапалы құрама жем­ді өндіру үшін 10-нан астам дақыл түрле­рі мен қоспалар кәдеге жаратылады: 74 пайызы астыққа, арпаға және жүгері­ге тиесілі. 25% соя және күнбағыс күн­жарасы, сұйық май, балық ұны құрайды. Сонымен қатар оның құрамында қоспа­лар мен дәрумендер де бар. Маман­дардың байламынша, тауыққа арналған құнарлы азыққа барлық шығындардың 60% астамы жұмсалады. Оның ішінде тек дәнді және майлы дақылдар отандық, ал қоспалар сырттан дорбаланады. Шетел­дік нарықтан жеткізілетін дәрумендер­дің құны қымбаттаған сайын оның кері өнімнің өзіндік бағасына әсер етеді. Сон­дықтан құрама жемге қажетті компонент­тердің отандық өндірісін жолға қойып, оның өзіндік құнын арзандату қажет дей­ді тауар өндірушілер.

    - Нарықта құрама жемнің құны қалта қағады. Оған жұмсалатын шығын өзіміздің зауытымыз іске қосылғаннан бері азайды. Өндірілген құрама жем құс фабри­камызды 100% қамтамасыз етеді. Өнді­ріс тек ішкі тұтынуға бағытталған. Оны басқа тауар өндірушілерге сатуға қосым­ша қуаттылықтар қажет. Егер құрама жем­ді өткізу мәселесі туындамай, оның нақты кепілдіктері қарастырылса, сыртқы сау­даны қолға алуға болады. Бірақ макроэко­номикалық жағдай құбылмалы сипа­тқа ие. Егер жыл басында астықты белгі­лі бір бағамен сатып алсақ, бүгінде оның құны өзгерген. Тағы бір түйткіл: зауыттағы құрылғылар әбден тозады. Оны жаңарту үшін шетелге қолқа салу қажет. Мұның барлығы түптеп келгенде дайын өнімнің бағасына әсер етеді, – деп мәселенің мәні­сін Яков Иванович жайып салды.

    Құрама жем өнеркәсібі мемлекет­тің «жылы алақанын» сезінбек. Бірақ ұсынылған тетіктер бойынша тауар өндір­ушілердің пікірі екіге жарылған. Бірі оның ауадай қажеттігін алға тартса, екіншіле­рі қазына қаржысына салмақ салмауды құптайды. «Құрама жем зауыттарының толық қуаттылыққа көшпеуі – кәсіпкер­дің тәуекелі. Бұл мемлекеттің емес, оның бас ауыртатын мәселесіне айналуы тиіс. Оның жеке проблемасын неліктен мем­лекет шешуі тиіс? Бәлкім жаңа жобаларды қолдау қажет болар», – дейді Яков Мартин


    1990 жылы елімізде 4 миллион тонна құрама жем және ақуызды-дәру­менді қоспалар өндірілген. Олардың 1 миллионнан астамы құс шару­ашылығының қажеттілігіне жұмсалды.

     Венера Мұстафина

    28.11.2016 ж. мақала

    Также читайте:

    Линия ВТМ превзошла все ожидания при производстве комбикормов!

    От корейской вакцины до комбикормовых минизаводов

    Быстрый завтрак для коров

    Опубликовано 30.05.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      12°
      16°
      Ср
      13°
      Чт
      27°
      Пт
      28°
      Сб
      18°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39