•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 826

    Егіс науқанына қамдандық па? (талдау үшін)

    Көктем келісімен, диқандар қауымы егіс науқанына дайындықты пысықтауға кірісті. Олар қажетті құрал-жабдықтар мен техниканы сай­лап, танап басындағы қам-қарекетке мықтап кірісті.

    Дизельді отын бөлінді

    Берекелі өнімге қарық болу үшін дайын­дық жұмыстарын күшейткен абзал. Жер­ден ризығын табатын Ораз Мұстафин егіс науқанына сақадай-сай. Теріскейлік шаруа биыл 80 гектар алқапқа дәнді дақыл сіңірмек. Ол тұқымнан қағажу көрмей­ді. Өткен жылғы күзгі орақ науқанында жиналған дәнді дақылдың бір бөлігі көз­дің қарашығындай сақталған.

    - Қолды қусырып, біреуге алақан жаюдан алшақпыз. Ауылда түтін түтетіп, егіншілік­тен нәсіп тауып отырмыз. Балалық шағым­нан бері қара жердің қадірін түсіндім. Әкенің жолын жалғап, маңдай терімізбен тапқан айлығымызды шайлығымызға жет­кіземіз. 15 жылдан бері танап басында еңбек етемін. Негізінен дәнді дақылдар­ды өсіруге ден қойылды. Оның технологи­ясы мен талаптарын жіті меңгердім. Жыл­да ылғал сақтау, қар тоқтату, тұқымның сапасын жақсарту жұмыстарынан қапы қалмаймыз. Егін бітік шығып, мол өнім жинау үшін көктемгі дала жұмыстары­на жүрдім-бардым қарауға болмайды. Өз басым сайран салған шегірткенің кебін кимеу үшін алдын ала қамданғанды жөн көремін. Тиімді бағамен жанар-жағармай сатып алынды. Сондықтан егіс науқаны­на 100 пайыз дайынмын, – деп тындырған шаруаларын солтүстікқазақстандық диқан тергіштеді.

    Коллаж: АгроИнфо

    Коллаж: АгроИнфо

    Мемлекет тарапынан жылда көктем­гі дала жұмыстарына жеңілдетілген баға­мен дизельді отын үлестіріледі. Өңірлер­дің сұранысын Энергетика министрлі­гі мықтап қаперге алады. Жергілікті атқа­рушы органдардың өтініштеріне сәйкес құны арзандатылған дизельді отын бөлі­неді. Оны облыстарға жеткізетін опера­торларды ауыл шаруашылығы басқарма­лары анықтайды.

    «Биыл Ауыл шаруашылығы министр­лігімен бірге дизельді отынды өңірлер­ге жеткізу кестесін бекіттік. Қазақстан­дық тауар өндірушілер жеңілдетілген бағамен 375 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша 79 мың тон­на, Павлодар мұнай-химия зауытынан 233 мың тонна, Шымкенттегі зауыттан 63 мың тонна қарастырылған. Соңғысынан алына­тын көлем төмен. Себебі зауытта жаңғыр­тудың бірінші кезеңі бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуда. Заңнамаға сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қажеттілігіне сәйкес жанар-жағармайды жеткізу басқа жөнелтулерге қараған­да басымдыққа ие»,-деп мәселенің мән-жайын ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жіпке тізді.

    Тапшылық туындамайды

    Нарықта дизельді отынның тапшылығы туындамайды. Құзырлы ведомство маман­дарының сөзіне сүйенсек, оған әкеліп соғатын тәуекелдер байқалмайды.«Өт­кен жылмен салыстырғанда биылғы қорымыз шамамен 100 мың тоннаға артық. Дизельді отынның негізгі бөлі­гі сәуір-мамыр айларында жөнелтіледі. Бағаның шарықтауына жол бермеу үшін Үкімет дизельді отынның акцизін өсіру­ден бас тарту шешімін қабылдады. Сәуір­дің 1-нен акциз бір тонна үшін 9300 тең­гені құрауы тиіс еді. Оны қолданысқа енгізбеу құпталып, енді акциз бұрынғы деңгейде тоннасы үшін 540 теңге көлемін­де сақталады. Бұл ауылшаруашылық тау­ар өндірушілерге арналған дизельді отын бағасының қатты қымбаттауына жол бер­мейді, – деп түсіндірді вице-министр.

    Оның айтуынша, өткен жылы көктем­гі дала жұмыстарына шамамен 368 мың тонна дизельді отын үлестірілсе, биыл 378 мың тонна жоспарланған. Оның құны 117- 123 теңге аралығында деп бекітіліп отыр. Оның айтуынша, дизельді отынды жөнел­ту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

    «Заңмен нақты арзандату қарастырыл­маған. Бірақ дизельді отынды жөнел­ту жұмыстарынан жанар-жағармай құю бекеттері сырт қалады. Сондықтан олар­дың жеткізудегі қосатын бағасы бол­майды. Егер бүгінде зауытта дизельді отынның құны тоннасы үшін 127 мың тең­гені құрайды. Біздің есебімізше, ауыл­шаруашылық тауар өндірушілер мұнай базаларының желісі арқылы жеткізіл­ген дизельді отынның литрі 117-123 тең­ге алады. Оның бағасы жанар-жағармай құю бекеттерімен салыстырғанда бірша­ма төмен», – дейді Әсет Мағауов.

    Нарықтағы бағаға келгенде, сыртқа алақан жаятынымыз бар. Вице-мини­стрдің сөзінше, жанар-жағармай бойын­ша 30 пайызға, дизельді отынның 15%-ы импортқа тәуелді. «Сәйкесінше ішкі нарықтағы бағалар тек біздің мүмкін­діктермен ғана емес, РФ қамтамасыз ету­дің қажеттігімен анықталады. Ресейлік нарықтағы бағалар біздің нарыққа әсер етеді. Көлем жағынан сараптасақ, елімізде жанар-жағармай және дизельді отын бойынша жеткілікті қор жасақталған. Бұл тұрғыдан елеулі қауіп-қатерлер байқал­майды. Баға конъюктурасы нарықтағы жағдайлармен анықталады», – дейді ол.

    Несиелеуде басымдыққа ие дақылдарға мән берілмек

    Қаржысы қат диқандар қауымы қаржы институттарына жүгінетіні мәлім. Мемле­кет жылдағы дәстүр бойынша «Қазагро» холдингі арқылы егіс және орақ науқан­дарын қаржыландырады. Биыл бұл мақ­сатта 60 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Несиелеу тетіктері егістік алқап­тарын әртараптандыруға бағытталған. «Бұл бағытта биылғы 1 сәуірге дейін басымдыққа ие 11 дақыл бойынша өтінім­дер қабылданып, қаржыландыру жүзеге асырылды. Оның ішінде күнбағыс, рапс, зығыр, соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, астық жүгерісі, мақта, сұлы, картоп бар. Енді 1-ші сәуірден бастап басқа дақылдар бойынша өтінімдер қарастырылуда».

    Ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленген жоспарға сәйкес басымдыққа ие дақылдар 567 мың гектар алқапқа қар­жыландырылуы тиіс. «Қазагро» холдингіне жолданған өтінімдерді сараптасақ, диқан­дар қауымының рапс, зығыр, арпа және күріш егуге қызығушылығы жоғары. Ал қант қызылшасы, мақта және астық жүге­рісі бойынша несие алуға ниет білдірген­дердің қатары некен-саяқ. Сондықтан бұл бағыттағы қаржыландыру жұмыстары жалғасады.

    Венера Мұстафина

    24.04.2017 ж. мақала

    Опубликовано 06.11.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -4°
      -2°
      Вс
      -1°
      Пн
      -3°
      Вт
      -4°
      Ср
      -4°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian