•  

    Рубрика: Бизнес |  Просмотры - 1 104

    Мөлдірлікті арттыруға жасалған қадам ақтала ма?

    «Судың да сұрауы бар» демекші, мемлекеттік қолдаудың «шапағатына» талап үдесінен шығатын тауар өндірушілер ғана бөленуі тиіс. Мұны мықтап қаперге алған атқамінерлер мөлдірлікті арттыруды ұйғарған.

    Биыл демеуқаржыландыруға дәме­лі бордақылау алаңдарының, құс және шошқа шаруашылықтарының құжат­тарын зерделеу жүйесі әдеттегіден ерек. Олардың субсидиялау тәртібіне сәйкесті­гін әуелі арнайы комиссия жіті тексере­ді. Оның құрамына мемлекеттік орган­дардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енген. Комиссия «Атамекен» ұлттық кәсі­пкерлер палатасының аймақтық өкілдік­тері негізінде құрылған.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

     – Өткен жылдардың тәжірибесін сара­лап, мөлдірлікті арттыру үшін өзгеріс енгізу ұсынылды. Комиссия аймақтық палатаның мамандарынан, елімізде аккредитацияланған қауымдастықтар­дың өкілдерінен, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарынан құралған. Олар бордақылау алаңдарының құс пен шоқша шаруашылықтарының демеуқар­жыландыру талаптарына сәйкестігін тек­середі. Егер аталған үш саладағы тауар өндірушілер жүгінсе, 5 күн ішінде комис­сия өкілдері шығып, ұсынылған құжат­тардың шындыққа сәйкестігін бағам­дайды. Оның арқасында субъективтілік­ке жол берілмейді. Комиссия қорытын­ды шығарып, оны тауар өндірушіге табыстайды. Олқылықтар табылса, оның орны толтырылады. Ал құжаттар шару­ашылықтың жағдайына сәйкес кел­се, онда технологиялық карта жасалып, демеуқаржыландыруға өтінім жолдауға жол ашылады, – деп түсіндірді «Атаме­кен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Алмат Әубәкіров.

    Егер аталған үш бағыт бойынша өнім өндіретін шаруаларда комиссияның оң қорытындысы болмаса, олар демеуқар­жыландыруға өтінім тапсыра алмайды. Бүгінде тиісті комиссиялар барлық өңі­рлерде тер төгеді. Оларға ауылшару­ашылық тауар өндірушілер жыл бойы жүгіне алады. Теріскейде де жаңа жүйе бойынша жұмыс жүргізілуде. 13 аудан­да арнайы комиссия құрылған. Тек әзір­ге солтүстікқазақстандық тауар өндіруші­лер тарапынан асқан белсенділік байқал­майды. 8 шаруашылық деме­уқаржыландыру талаптарына сәйкестік бойынша тексерілген.

    - Тауар өндірушілер біз­ге ескертпе хат жолдап, талап бойынша 5 күн ішінде комис­сия өкілдері шаруашылыққа бет алады. Оның құрамында 3 адам бар. Бордақылау алаңдары бойын­ша 2 өтінім қарастырылып, оның біреуі құпталды, ал екіншісі инф­рақұрылымның сәйкес келмеуіне байланысты қосымша пысықта­уға жіберілді. Құс шаруашылығы бойынша барлық 6 өтінім бойын­ша оң қорытынды шығарыл­ды. Оның 4-уі жұмыртқа, 2-уі ет бағытында. Ал шошқа шаруашылығы бойынша ешбір тауар өндіруші жүгін­ген жоқ, – деп қолға алынған жұмыстар­ды СҚО Кәсіпкерлер палатасы Агроөнер­кәсіптік кешен бөлімінің басшысы Бауыр­жан Ахметов жіпке тізді.

    Бордақылау алаңдарының, құс пен шошқа шаруашылығының технология­лық және өндірістік жағдайы қағаздағы деректерге сәйкес келуі тиіс. «Қыл аяғы іске қосылмаған кәсіпорындарға деме­уқаржы үлестірілген жағдайлар да орын алған. Оған енді жаңашыл жүйе жол бермейді. Өтінімдердің шынайлығын құзыретті және білікті мамандар тексе­реді. Оның қорытындысы және шешім алқалы түрде қабылданады. Егер кәсіпо­рын демеуқаржыландыру талаптарының біріне сәйкес келмесе, кемші тұстарды жою бойынша ескерту жасалады. Кейін олқылықтардың орнын толтырған тауар өндіруші бізге тағы жүгіне алады», – деп жүйенің ерекшелігін түсіндірді ол.

    Венера Мұстафина

    03.07.2017 ж. мақала

    Опубликовано 22.01.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      13°
      25°
      Чт
      24°
      Пт
      21°
      Сб
      18°
      Вс
      10°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian