Қат қанаттыларды өсіруге бел буған кәсіпкер

Ішкі нарық отандық құс етінен қағажу көреді. Дастарханымызда әлі де импорттық өнім басым. Оған көз жеткізген солтүстікқазақстандық Суховтар әулеті тәуекелге бел буған. 2015 жылы шағын құс фермасының негізі қаланып, оның алғашқы мекендеушілері сатып алын­ды. Бүгінде шаруашылықта бөдене, мысыр тауығы, итальяндық қаз, брама тауықтары бағылады. Олар тез өсіп-жетіледі, өнімділігі жоғары, өсімтал болып келеді. Мәселен, етті «брама» мекиендері кез келген ауа райына бейімділігімен, суыққа деген төзімділігімен ерекшеленеді. Олар қытымыр қыста да жұмыртқалайды. Бір тауықтан жылына жүзден астам жұмыртқа жиналатын көрінеді. Ірі құстардың салмағы 4 келіге дейін жететін көрінеді.

Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер елі­мізде қат қанаттылардың түрле­рін өсіруге ден қойған. Басымдық асыл тұқымды құсқа берілмек. Елімізде бұл сала әлі де ақсай­тыны белгілі.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

– Кәсібімізді өсірілетін құс түрлерінің жұмыртқаларын сатып алып, оларды көбейту­ден бастадық. Енді аяққа нық тұрып, шаруамызды дөңгелету­ге кірістік. Заманауи техникамен қамдануға қам-қарекет жаса­луда. Қос өнеркәсіптік инкуба­тор сатып алынды. Әрқайсысы 900 жұмыртқаға арналған. Кәсіп­тің тынысын кеңейтуге баса мән береміз. Нарыққа жол тарта­тын өнімнің түрлерін арттыру жоспарымызда бар. Жеңсік ас ретінде бөдененің етімен қатар бауырын ұсынамыз. Өнімге сұраныс бар. Оның бір парасын жұмыртқа, балапан және ет түрінде саудаладық. Енді асыл тұқымды құстарды көбейтуге баса мән беруді жоспарлап отыр­мыз, – деп шаруашылықтың бүгін­гі жағдайын жеке кәсіпкерліктің тізгінін ұстаған Вера Сухова жіпке тізді.

Құс шаруашылығы Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында қанат жайған. Әзірге қанаттылар­дың саны 500-ден асып жығылған. Басым бөлігін құстың жұмыртқа­лағыш түрлері құрайды. Олар­дың өнімділігі бір жыл ішін­де төмендейтіндіктен, тұрақты түрде жас тауықтардың легімен ауыстырылады. Кәсіпкерлікке бет бұрған нәзік жан техноло­гиялық талаптардың сақталуы­на баса назар аударады. «Бөде­нені өсірудің тиімділігіне көзім жетті. Оның балапаны 17 күнде жұмыртқаны жарып шықса, қара­пайым үй тауығының балапаны тек бір айда ғана жетіледі. Бөде­не 2 айдан кейін, ал тауықтар тек жарты жылдан кейін жұмыртқа­лай бастайды. Айырмашылық жер мен көктей. Ал брама тауықтары ерекше күтімді қажет етпейді. Мекиеннің бұл түрі аса талғампаз емес», – дейді кәсіпкер.

Әзірге кірістен гөрі шығын басым. Қажетті жем-азықтың, қоспалар мен дәрумендер­дің құны қалта қағады. Онсыз құстың балапандарын өсіру екі­талай. Бірақ мойымайтын кәсі­пкер жобаға құйылған қомақты қаржының ақталуы бірнеше жыл­дың еншісінде екендігіне сенімді. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді». Құс өсіруге бет бұрған Вера Пав­ловна өзінің өмірлік ұстанымы­на берік.

– Құс шаруашылығының машақаты мен шығыны көп. Күр­делі кәсіптен тез арада нәсіп табу екіталай. Тек аянбай тер төксең, оның зейнетін сезіне­сің. Құс шаруашылығы бойынша арнайы білімім жоқ. Сондықтан тәжірибенің аздығынан арагідік кітаптарды парақтап, ғаламторға жүгінуге тура келеді. «Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді», демекші ізденіс пен еңбекқор­лыққа асық болған жөн, – деп өзі­нің тәжірибесімен солтүстікқаза­қстандық құс өсіруші бөлісті.

Нәпақасын құс шару­ашылығынан тапқан кәсіпкер­дің межелеген жоспарлары көп. Нәзік жан қайта өңдеудің тілін тауып, өнімдерін көкшетаулық және елордалық тұтынушыларға ұсынбақ.

2015 жылы қазақстандықтар 320 мың тонна құс етін тұтынған. Олардың тең жартысы шетелдік өндірушілерге тиесілі. Бүгінде отандық құс етінің өндірісі 61 пайызға артып, 146 мың тоннаға жеткен. 2005 жылғы көрсеткіш 90,7 мың тоннаны құрады.

Венера Мұстафина

Также читайте:

Нут в рационе гусей

Новая система охлаждения птицы при помощи разбрызгивателей

Утиная отрасль в Казахстане

В СКО начнут выращивать цыплят-бройлеров (ФОТО)

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы