•  

    Рубрика: Животноводство | Свободная тема |  Просмотры - 1 018

    Табыстың кілтін тапқан нәзік жандар

    Биылғы жылғы ресми деректерді тергіштесек, құс шаруалығында қанаттылардың саны 1,7% көбейіп, 35 632,9 мыңға жеткен. Оның ішінде үй құстарын өсіруге қызығушылық артқаны байқалады. Оған кәсіптің көзін іздеген қарапайым ауыл тұрғындары ден қоюда. Әсіресе нәзік жандар арасында құс шаруашылығы арқылы нәпақа табуға бекінгендер көбейген. Олардың айтуынша, құс өсіру тынымсыз тер төгуді талап етеді. Бірақ пайдасы да ұзақ күттірмейді.

    Теріскейлік Бибігүл Сандыба­ева үшін кәсіпкерлік саласы таңсық емес. Қасаң қағиданы бұзып, ерлермен қатар нәзік жандар да күрделі шаруаны дөң­гелете алатынын дәлелдеді. Ол тауарлар сатуды оң жолға қойып, сауда-саттықтың табыс кілтін он саусақтай меңгерді. Енді Сол­түстік Қазақстан облысының тұрғыны кәсібінің аясын кеңей­туді жоспарлап отыр. Өзі үшін тың саланы таңдауды ұйғарған. Құс шаруашылығында бағын сынап көрмек. Нәзік жан қаз өсі­руді оң жолға қоюды діттеп отыр. Оның жобасын да түзіп қойған. Оның есеп-қисабына сәйкес құстарды өткізуде маңдайы тасқа тимейді. Жергілікті тұрғын­дар тарапынан сұраныс елеулі. Оны нәзік жан алдын ала бағам­дап көрген. Оның айтуынша, таң­даған кәсіп бойынша бойыңда білім мен дағды болуы тиіс. Бұл табыстың басты кілті саналады.

    - Құс өсіру бойынша аздап тәжірибем бар. Бұған дейін 80 балапанды шығаруға арналған инкубаторды еншілеген едім. Алғашқы қадамдардың жеміс­тері де ұзақ күттірмеді. Тәулік­тік балапандар бірден сатыл­ды. Биыл қаз өсіруге ден қойып, кәсіптің тынысын кеңейтуді ұйғардым. Бойымдағы білім мен дағдыны дамыту үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жер­гілікті өкілдігіне жүгініп, оқыту курсының тыңдаушысы атан­дым, -деп өзінің кәсібі жайлы «Сандыбаева» ЖК басшысы Бибігүл Сандыбаева сыр шерт­ті.

    Утята 750х500

    Кәсіпкерлік дәлділік пен есеп­тілікті талап етеді. Шалыс баспау үшін нәзік жан қаздарды өсірудің ережелері мен технологиясы­на үңілген. Қолдағы құрал-жа­бдықтарды қатары да көбейтіл­ді. Нәзік жанды құс өсіруші 180 балапанға арналған екінші инку­баторды 850 мың теңге сатып алды. Оның тиімділігі биылғы жылы сыналды. «Алдымен жем-азықпен қамдандым. Кейін жер­гілікті тұрғындардан 150 қаз жұмыртқасын сатып алдым. Оның әрқайсысы үшін 350 теңге төленді. Нәтижесінде 130 бала­пан жұмыртқаны жарып шықты. Олардың 40-ын өзіме алып қал­дым. Қалған тәуліктік балапан­дар жергілікті тұрғындарға 800 теңгеге саудаланды. Оны өткі­зуде әбігерге салынған жоқпыз. Құс шаруашылығының тиімді­лігіне көзім жетті. Бірақ қаз өсі­ру көп еңбекті қажет етеді. Сон­дықтан оны өнеркәсіптік тауар­ларды сатумен қоса алып жүре­мін. Бірі екіншісін толықтыруы тиіс», – деп өзінің пікірімен нәзік жан бөлісті.

    Теріскейлік нәзік жанның жоспарлары ауқымды. Қаздың балапанын өсіріп, күзде ет түрін­де өткізуді көздеп отыр. Бибігүл ауылдастарының тарапынан өнімге сұраныстың арта түсетіні­не шүбә келтірмейді. Уәжі: басқа құс түрлеріне қарағанда қаздың еті жоғары бағаланады, үйрекке қарағанда майлылығы төмен.

    Бибігүл құс шаруашылығы биыл ғана дендеп кіріссе, Надежда Ковуняктың тәжі­рибесі бір төбе. Табыстың кіл­тін меңгерген Ғабит Мүсіре­пов ауданының тұрғынында 15 жылдық тәжірибе бар. Ол құстың бірнеше түрін өсіреді: қаз, үйрек, тауық. Шаруаны дөң­гелету оңайға соқпаған. Оған қажетті қаржының тапшылығы қолбайлау болды. Бірақ біртін­деп құстың саны артып, замана­уи технологиялар да еншілен­ді. Бүгінде Надежда Ковуняктың шаруашылығы аудан тұрғын­дары арасында танымал. Оған жүгініп, құстың балапандарын сатып алатындардың қатары қалың. «Құсқа сұраныс еселен­ді. Сондықтан кәсіптің аясын кеңейтуге бел будым. Қолдағы қаржынының аздығынан қажетті технологияларды сатып алу мұң болды. Сондықтан несие рәсім­деуге тура келді», – деп атап өтті құс өсіруші.

    Теріскейлік нәзік жандардың белсенділігін жергілікті Ұлт­тық кәсіпкерлік палатасының қызметкерлері де мойындайды. Өздерінің жобаларын жолдай­тындар арасында әйелдердің қарасы қалың. Олар үшін кәсіп­тің қиындығы мен ауырлығы еш кедергі емес. Бірі құс өсірумен айналысуға басымдық берсе, бірі мал шаруашылығын таңдайды. Мәселен, Мамлют ауданында биылғы жылы 9 тұрғын өз ісін ашқан. Олардың барлығы ата кәсіпті жаңғыртуға бел буып отыр.

    «Теріскейлік кәсіпкер әйел­дер жеке ісін дөңгелетуге шын­дап кіріскен. Ауыл шаруашылығы саласында да таңдау аясы кең. Қолға алынған жобалар бір төбе. Олар әртүрлі саланы қамтиды. Жақында Тимирязев ауданында алғашқы ауылшаруашылық коо­ператив қолданысқа тапсырыл­мақ. Оның басы-қасында да нәзік жан», – дейді Тимирязев ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының дирек­торы Александр Гурьянов.

    Өз ісін ашуға бел буғандар үшін қолдау қарастырылған. Тек ынта мен еңбек қажет дей­ді кәсіпкер нәзік жандар.

    Венера Мұстафина

    Также читайте:

    Вячеслав Турнов: трудиться во всех направлениях

    Құс өсірушілер «Буш сирақтарына» тәуелділікті азайтпақ

    Предусмотрены ли субсидии для птицеферм?

    Құс өсірушілер жаңа жылға үміттеніп отыр

    Құс қиығынан тыңайтқыш алынады

    Опубликовано 04.01.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      -14°
      -9°
      Вс
      -16°
      Пн
      -11°
      Вт
      -5°
      Ср
      -8°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39