Шығысқазақстандық 20 жасар фермер қызды «Айтуға оңайға» шақырды

Өрімдей жас қыз Сая Ақанова Қазақстанда мал шаруашылығын дөңгелетіп, кәсіп еткен жалғыз бойжеткен, деп хабарлайды 16news.kz сайты.

Еліміздегі белгілі ток-шоу «Айтуға оңай» хабарының бұл шығарылымы 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні тақырыбына арналып жазылады екен. Мерекелік шығарылымның кейіпкерлері кәсібін, бизнесін ерте бастаған қайсар қыздар болмақ. Солардың арасында фермер қыз Сая да бар.

bedf1b

«Хабарымыздың басты кейіпкерлерінің бірі ретінде Сая Аканованы таңдап алғанымыз кездейсоқ емес. 20 жазар қыздың мал шаруашылығымен айналысып жатқаны таң қалдырады. Әдетте, бұл кәсіп ер-азаматтарға тән емес пе?! Ауыл шаруашылығына бет бұрғаны қызықтырып отыр»,- дейді «Айтуға оңай» ток-шоуының редакторы Сая Әбдіғаппар.

«Қазіргі заманның ағымы бірқатар стереотиптерді қалыптастырып үлгерді. Соның ішінде бойжеткендер бутиктер мен сән салондарын ашуға құмар. Ал бұл жерде қиын жолды таңдаған қазақ қызының ісі жастарға үлгі болуы анық», -деп атап өтті ток-шоу редакторы.

Айта кетсек, жол шығынын жас кәсіпкер Сая Ақанова өзі көтеріп алады екен.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аулының тұрғыны Сая Ақанованың мамандығы техник-байланысшы. Алайда, жас маманға туған жерінде жұмыс табыла қоймаған соң, бойжеткен қол құсырып отырмапты. Өткен жылдан бері «Жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында өз ісін бастап, бордақылау алаңын ашты. Осыдан бір ай бұрын Сая әлеуметтік желі пайдаланушылардың назарына ілініп, үлкен қолдау тапты.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы