Құс өсірушілер өндірісті еселеуге бел бумақ

Тарих парағына айналған 2016 жылғы деректерді тергіштеп көрелік. Қазақстанның құс өсірушілері одағы есеп-қисабына сүйенсек, еліміздегі жұмыртқа өндірісі 5 млрд еңсерген. Отандық құс еті бойынша көрсеткіш 150 тоннаға теңеледі. Ішкі нарық жұмыртқамен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

Бірақ қазақстандық құс еті әлі де қат. Әзірге импорттық өнім­нің мысы басым. Десек те отан­дық құс фабрикалары өндірісті қамшылауды көздеп отыр. Бол­жам бойынша 2017 жылы елі­мізде 157 тоннадан астам құс еті өндіріледі деп күтілуде.

Петух и куры
Иллюстративное фото

– Құс шаруашылықтары 2010 жылдан бері асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мен дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталған субси­диялау бағдарламасына қаты­сады. Биылғы 10-14 қаңтар аралығында аталмыш салада тәжірибесі мол қаржыгерлер­ден, технологтардан, зоотех­никтерден және ветеринария­лық дәрігерлер іспетті 12 маман­нан тұратын жұмыс комиссиясы құс фабрикаларының өтінім­дерін қарастырды. Субсидия­лау бойынша 57 құс фабрикасы құжаттарын жолдаған. Оның ішінде 32-сі жұмыртқа бағытын­дағы, 17-сі бройлерлік, 3-уі суда жүзетін, 1-і күркетауық өсіру, 7-і асыл тұқымды шаруашылықтар. Биылғы жылық ұс шару­ашылықтарын демеуқаржылан­дыру талаптары өзгерді, – деп атап өтті «Қазақстанның Құс өсі­рушілер одағы» ЗЖТБ баспасөз хатшысы МиланаДжафарова.

Мемлекеттік қолдаудың игі­лігін «Инфрастрой ЛТД» ЖШС де сезінеді. Кәсіпорын қаза­қстандықтардың дастарханын сапалы құс етімен қамтамасыз етеді. Өткен жылы 2800 тонна өнім нарыққа жол тартты. Биыл құс фабрикасы жылдық қуат­тылыққа шығуды межелеп отыр. 2017 жылы өндіріс 15% ұлғаймақ. Кәсіпорын 4800 мың тонна құс етін саудаға ұсынуға дәмелі.

– Өндіріс қарқынын арттыру үшін инкубаторлық шкаф іспет­ті қажетті құрал-жабдықтармен қамдануға кірістік. Асыл тұқым­ды жұмыртқаларды сатып алып, етті қанаттыларды күтіп-бап­таймыз. Жұмыртқаны жарып шыққан балапандар 42 күн­де жетіледі. Оларды ет күйін­де көтерме бағамен өткіземіз. Бүгінде бір келісі 600 теңге сау­даланады. Өзіміздің дүкеніміз жоқ. Сондықтан бір кәсіпорын­мен шарт жасасып, олар біздің өнімді еліміздің түкпір-түкпі­ріне жеткізеді, – деп өндірістің бүгінгі тынысымен «Инфрастрой ЛТД» ЖШС атқарушы директоры Жомарт Мұртазаев жан-жақты таныстырды.

Оңтүстік Қазақстан облысын­да қанат жайған құс фабри­касының тарихи тамыры терең­ге бойлайды. Кәсіпорынның іргетасы 1937 жылы қаланды. Оны тәуелсіздік таңы атқан жыл­дары Жомарт Мұртазаев сатып алған. Кәсіпкер әбден тозған құрылғыларды кезеңмен жаңар­туға және өндірісті қамшыла­уға мықтап кірісті. Бүгінде құс фабрикасындағы құрылғылар­дың 60 пайыздан астамы ауыстырылды. Енді көрсеткішті 100% жеткізу жоспарланған.

– Сол технология жұмысты жеңілдетіп, кәсіпорынның қауқарын күшейтеді. Құс шару­ашылығының тәуекелі басым. Десек те шаруамызды дөңгеле­туге бел будық. 2015 жылы құс етін өткізу қиынға соғып, оны жарты жыл тоңазытқыштарға сақтауға т ура к елді. К ейін ө нім бүлініп, оны қоқысқа тастауға мәжбүр болдық. Бүгінде құс етін саудалауда әбігерленбейміз. Өткізу нарығы қалыптасқан. Сұраныс көбейген соң, өнім көлемін көбейтуді ұйғардық. Қазір еншімізде 300 мыңға жуық бройлерлік құс бар. Енді оның санын 4 миллионға жеткізуге тырысамыз. Экспортқа шығуға асықпаймыз. Әуелі елімізді толық қамтамасыз ету қажет, – деп өзінің алдағы жоспарымен «Инфрастрой ЛТД» ЖШС өкілі бөлісті.

Әзірге өндірілген өнім шикі­зат түрінде нарыққа жол тар­тады. Биылғы тамыз айында «Инфрастрой ЛТД» ЖШС құс етін өңдейтін цех ашылады деп күті­луде. Қағаздағы жоспар өмір­ге жолдама алса, «Қазақстан­да шығарылған» белгісі бар шұжықтар мен сүрленген еттің көлемі артады.

Ресми деректерді тергіштесек, Оңтүстік Қазақстан облысында ірі және шағын 35 құс фермасы бар. Онда өсірілетін қанаттылар­дың саны 2 миллионнан асып жығылады. 2016 жылы өңірде 300 миллион дана жұмыртқа, 12,1 мың тонна құс еті өндіріл­ген. Енді облыс халқын отандық өніммен толық қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға дейін 78 құс фабрикаларын ашу жоспар­лануда.

2016 жылы мемлекет тара­пынан саланың дамуына аймаққа 2 миллиард теңгеден астам көлемде демеуқаржы бөлінген. Оның 1 млрд теңге­ден астамы күрке тауық шару­ашылығына бағытталған.

Венера Мұстафина

23.01.2017 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы