•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 204

    Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері өндіріс көлемін қарқынды түрде арттырып келеді

    Бұл туралы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құсайын Сәрсенбай  «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Қазіргі таңда өңірде ауыл шаруашылығын өңдеу бойынша 80 кәсіпорын жұмыс істейді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ет өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы  71,3%, сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы  44,2% құрады.

    kooperaciya-na-sele

    «Біз ауыл шаурашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттырып, экспорт әлеуетін көтеру үшін осындай кәсіпорындардың жүктемесін арттыруымыз қажет.  Осы мақсатта кәсіпорындарды сапалы шикізатпен қамтамасыз ету және өндірісті ірілендіру үшін ауыл шаурашылығы кооперативтерін дамыту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Мәселен, облыста ет пен сүттің 65-70% жеке аулаларда өндіріледі. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру мақсатында 143 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Бұл кооперативтердің 75 ет, 17 сүт өндіруде. Облыс әкімінің бастамасымен, өз жұмысын бастаған кооперативтерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сатып алынған 13 сүт таситын автокөлік, 13 рефрижератор, 2 сүт қабылдайтын пункт және 4 сүт таситын тіркемелер беріліп, нәтижесінде аталмыш кооперативтер қайта өңдеуші кәсіпорындарына 2016 жылы 26,6 тонна ет, 384,4 тонна сүт тапсырды», — деп хабарлады Құсайын Сәрсенбай.

    Сонымен қатар, басқарма басшысының міндетін атқарушы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірген азық-түлік көлемі қарқынды түрде артып келе жатқанын атап өтті.

    2017 жылдан бастап  ауылшаруашылығы кооперативтері 118,7 тонна ет, 124 тонна сүт өндірді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін қосымша тағы 34 кооператив құру жоспарда бар. Өңір билігі оларды техникалық жағынан жабдықтау бойынша тәжірибені жалғастыруға ниетті.

    «Аталмыш кооперативтерге сүт қабылдау пунктімен, сүт таситын автокөліктермен, мал соятын пункт және рефрижератор автокөліктерімен, мал бордақылау алаңдарымен жабдықталмақ. Қолға алынып жатқан шаралар өндірілген өнімнің мен бәсекелестікке қабілеттілік деңгейі мен экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді», —  деді Құсайын Сәрсенбай.

    Дерек көзі: aktobenews.kz


    Опубликовано 19.04.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      В последние годы снизилось качество казахстанского зерна. На его формирование влияют несколько факторов. Какой из них, на ваш взгляд, воздействует на качественные показатели в зерне больше остальных?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      10°
      11°
      Пн
      14°
      Вт
      12°
      Ср
      13°
      Чт
      15°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39