ОҚО-ның ауыл шаруашылығында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, облыста инвестиция сомасы 18,5 млрд теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 30 мың тонна құс етін өндіретін «АK Kazyna» ЖШС-нің жобасын іске асыру жұмыстары басталған. Ал, «Ордабасы-Құс» ЖШС күрке тауық етін өндіру қуаттылығын жылына 25 мың тоннаға жеткізу бойынша келісімге қол қойған. Мұнан бөлек, Шардара ауданында балық өнімдерін қайта өңдейтін екі зауытты іске асыру жұмыстары жүргізілсе, инвестиция сомасы 7,8 млрд теңгені құрайтын, түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт салу жұмыстары басталған.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Сондай-ақ, Қытай инвесторларымен инвестиция сомасы 21,6 млрд теңге болатын томат зауытын салу жобасы келісілсе, 1 мың га аумаққа қарқынды жаңғақ бауын отырғызу жобасын жүзеге асыру инвесторлар тарапынан келісімін тапты. Аталған жоба бойынша жерді таңдап, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, бірнеше инвестордың қатысуымен Шымкентте инвестиция сомасы 51,2 млрд тг. құрайтын, 136 га аумақта өндірістік жылыжайлар салу жобасын («Тепличный рай») жүзеге асыру жоспарлануда. Ал, Қазығұрт ауданында «Асыл бастау» ЖШС инвестиция сомасы 603 млн тг. құрайтын құрғақ сүт және сары май шығару зауытын салып жатыр.

«Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында елдің аграрлық саласына аса басымдық беріп, жылдан-жылға сала қарқынды даму үстінде. Оған дәлел, өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 480,4 млрдтг, нақты көлем индексі 105 % құрады. Соңғы бес жылда шамамен 2 есеге ұлғайды. Жалпы өнімнің республикадағы үлесі 13 % құрады. Бұл облыстың алдағы уақытта республика халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін орталыққа айналу әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді», – деді басқарма басшысы.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы