Құсқа арналған азықпен қамдандық па?

Бүгінгі таңда еліміздегі құс фабрикаларының қатары 60-қа жуықтаған. Олардың 21 ет өндіруге бел буған, 33-і ішкі нарықты жұмыртқамен қамтамасыз етеді. Жыл санап салада ілгерілеу байқалатындықтан, құсқа арналған жем-азыққа да сұраныс көбейеді.

Huku-dzemazaiҚұс еті мен ж ұмыртқа өндірісінің өзіндік құны 70 пайызға жемге тіреледі. Сәйкесінше оның тұтынылатын көлемі әрі қажеттілік те еселенеді. Себебі шөжелерді 2,5 келіге дейін жеткізіп, 42 күнде нарыққа дайын өнім түрінде ұсыну шарт. Мұны ескеріп, есеп-қисап жасаған мамандардың дәйегі не сүйенсек, еліміз дегі қ ұс өсірушілердің жем-азыққа деген қажеттілігі 600 мың тон­наны құрайды.

Мемлекет тарапынан құс шаруашылығы саласы ­на арзандатылған бағамен азыққа арналған дән қарастырылатыны мәшһүр. Жыл басында кәсіптің бұл түріне бет бұрғандар үшін 100 мың тоннасы үлестірілген. Белгіленген бағаға сәйкес тоннасы 28 мың теңгеге бо­сатылды. Құс өсірушілердің оның құнын бірден өтеу мүмкіндігі болма- ғандықтан, траншпен берілген.

Құсқа арналған құрама жемнің 70 пайызы дәнді дақылдардың еншісінде. Өзгесін көбіне-көп сырттан тасымалданатын дәрумендер, қоспалар құрайды. Сәйкесінше құсқа арналған дәнді дақылға сұраныс жоғары екені хақ. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың орны ерекше екені даусыз. Биыл мемлекет тарапынан 4 және 5 сұрыпты астықтан, арпадан жүгеріден тұратын азыққа арналған дән құс шаруашылығына бөліне ме? Ол жағы әзірге беймәлім. Нарықта оның құны қымбаттап келеді. Бар гап оның кәдеге жарауына да тіреледі. Себебі оның ылғалдылығы белгілі талаптарға сәйкес болуы қажет. Дәнді дақыл кептірілгеннен кейін қосымша 1,5-2 ай элеваторда сақталуы тиіс, – дейді Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы