Демеуқаржыландырудың қарқыны сылбыр (талдау үшін)

Құс өсірушілер өздеріне тиесілі демеуқаржыны иелене алмай әбігерленуде. Кей өңірлер оны үлестіруге асықпай отырған көрінеді.

kury4Бәсекеге шыдап бере алмаған құс өсірушілерге мемлекет қол ұшын созуды ұйғарды. Оған сәйкес демеуқаржыландырудың белгіленген мөлшерін 50 пайызға еселеу ұсынылды. Бұл бағытта жергілікті қазынадағы қаржыны қайта қарастыру шешімі шығарылған-ды. Құс өсірушілердің қажеттігіне қаражат Ұлттық кордан да үлестірілді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, етті құс шаруашылығын дамытуға 8 млрд. 951 млн.теңге бөлінді.

Бірақ кейбір әкімдіктер оны орындауға жүрдім-бардым қарап отыр. Ел бойынша құс еті бойынша 1 млрд. 300 млн. теңге демеуқаржы әлі де төленбеген. Оның дені Алматы облысының еншісіне тиесілі. Әкімдіктің дерегі бойынша құс етіне 4 млрд. теңгеге жуық демеуқаржы қарастырылған. Бірақ тиісті қолдау толық көрсетілмеген. 18 мың тонна құс етіне демеуқаржы әлі үлестірілмеген көрінеді. Бұл Құс өсірушілер одағы президентінің уәжі.

«Бүгінде мемлекет басымды салаларды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауда. Ұлттық қордан да қаржы бөлініп отыр. Алматы облысының құс шаруашылығына Үкімет тара­пынан көмек көрсетілген, бірақ жергілікті жерлерде орын­далмайды қолдауға зәру. Бұл өз кезегінде жүйені құраушы кәсіпорындардың тұрып қалуына және 5-6 мың жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соғуы ықтимал», – дейді Руслан Шәріпов.

Одақтың ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, өңірлерде мемлекеттік қолдау көрсету деңгейі әртүрлі. Мәселен, асыл тұқымды балапандарды сатып алу бойынша Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары ғана демеуқаржыны толық көлемде үлестірген.

Венера Мұстафина

 24.08.2015 ж. жауап

Также читайте:

Вячеслав Турнов: трудиться во всех направлениях

Предусмотрены ли субсидии для птицеферм?

Южный Казахстан: Местная курятина вытесняет импортную

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы