•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 3 425

    Индустрия 4.0: өзгерген ойын ережелері

    Сандық технологиялар, жасанды интеллект, автоматтандыру ауыл шаруашылығы саласын да айналып өтпейтіні хақ. Мұны түсінген атқамінерлер жаңа технологияларды ендіруге ден қойды.

    Асыра сілтеушілік

    Мөлдірлікті арттыру, күмәнді сейіл­ту үшін әуелі астық қолхаттарының «тағдыры» өзгерді. Олардың қағаз түрін­дегі үлгісіне 2016 жылдың шілдесінде қол бұлғанды. Құжаттың электрондық «сыңарына» үміт артылды. Жаңашыл­дықтың тиімділігі көпшіліктің күдігін тудырғаны хақ. Бірақ құзырлы министр­лік оны сейілтуге әзір сыңайлы. Ресми деректерге сүйенсек, электрондық астық қолхаттары арқылы 185,5 мың операция жүргізілген. Оны шығару, біріктіру, бөлу, кепілге ұсыну – бір парасы ғана.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    - Жаңа жүйенің басты мақсаты – ауыл­шаруашылық тауар өндірушіні қорғау. Ол элеваторға тапсырған дәнді дақылдың сақталуына қам жемейді және кез келген уақытта оны алып кете алады. Екіншіден, астық қолхатын қаржы тетігі ретінде пай­далану мүмкіндігі қарастырылуда. Элек­трондық түрдегі құжатқа сенімді арттыру және банк арқылы несие алу мүмкіндігі бағытында мықтап білек сыбандық. Бүгін­де жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны ендіру арқылы астық қолхаттарын қол­дан жасауға жол берілмейді. Себебі бұрын қағаз жүзіндегі бланкілер кейде тиісін­ше кәдеге жаратылмаған. Қағаз түрінде­гі астық қолхаттары бойынша туындаған мәселелер: олардың қолдан жасалуы. Шынына келгенде, дәнді дақыл іс жүзін­де болмаған. Жаңа жүйе оның тамыры­на балта шапты, – деп мәселенің мәнісін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ бас сарапшысы Азамат Құрманов тергіштеді.

    Бас прокуратураның «сүзгісі» – оның бір айғағы. Оған сәйкес 7 миллион тон­на сары алтын қағазда бар, ал іс жүзінде жоқ екендігі анықталды. Қыл аяғы ойдан шығарылған астық қолхаттары банк­ке кепіл ретінде ұсынылған. Осылайша пысықайлар несие рәсімдеген. Атқаміне­рлердің тоқтамы бір. Бұрынғы астық қол­хаттарынан кінә кеткен.

    Бүгінде астық қолхаттарының бар­лығы тек электрондық. Бірақ айналымда қағаз түріндегісі де бар. Олардың жарам­дылық мерзімі 2020 жылы тәмамдалады. Күші аяқталған соң, талап бойынша зама­науи сыңары беріледі. Жүйенің «қызығы­на» кенелу – тегін емес. Ниет білдіргендер үшін төлемақы – 5 АЕК, яғни 10 мың теңге көлемінде. Бұл – интернет-порталды бір жыл бойы пайдаланудың құны.

    Қазына қаржысы шығындалмады

    Демалыс және мереке күндерін есепке алмағанда, астық қолхаттары 3 жұмыс күні ішінде берілуі үшін тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыстары қолға алын­ды.

    - 2016 жылғы шілде айынан бері 30 миллион тонна көлемінде 133 мың элек­трондық астық транзакциялары өткі­зілді. Электрондық сандық қолтаңбаға мемлекеттік қазынадан бірде-бір теңге жұмсалған жоқ. Кәсіпкерлер өздерінің өнімдерін ұсынып, жүзеге асырды. Енді ауылшаруашылық тауар өндірушілер тек жүйеге тіркелу үшін белгілі бір соманы төлейді. Басқа жобаларды да осылайша кәсіпкерлермен бірге жүзеге асырып, мемлекеттік бюджеттен қаржыны жұмса­мауды жоспарладық, – деп өзінің пайымын ҚР АШМ Егіншілік департаментінің дирек­торы Ажар Қаджыбекова алға тартты.

    Бұрын еліміздегі астық қабылдау кәсі­порындарының ахуалына қатысты туын­дайтын мәселе шаш етектен-ді. Сан­сыз сауалдың жауабын табу да оңайға соқпады. Элеваторлардың сыйымдылығы, қаншалықты жүктелгендігі, дәнді дақыл­ды тапсырған диқандардың саны бойын­ша нақты мәліметтер қат еді. Ал қолда бары сенімнен гөрі күдік ұялататын. Жер­ден ризығын көретін қарабайыр шаруа­лар да астық қоймаларында кезегін күтіп сарылатын. Енді астық операциялары­на қатысатын диқанның және элеватор қызметкерінің әрекеттері айнадай айқын көрінеді. Мөлдірлік артса, жүйеге деген сенім күшейетіні даусыз.

    Әрбір интернет қолданушы үшін пор­талдағы ақпарат ашық және қолжетім­ді. Тергіштеп көрелік. Әзірге елімізде­гі 196 астық қабылдау кәсіпорнының 151-і онлайн тәртіпте тіркелген. Олардың жалпы сыйымдылығы 13,5 млн тоннаны құрайды. 83% жуығы басты 3 астықты өңірге тиесілі. Қалғаны өзге облыстар­дың еншісінде. 2 қазандағы мәлімет­тер бойынша оның 4,5 миллион тоннаға жуығы бос емес.

    Субсидиялардың берілуі автоматтандырылады

    Кезекті меже – демеу қаржыландырудың берілуін автоматтандыру. Әуелі минерал­ды тыңайтқыштарға қарастырылған суб­сидиядан бастау көзделген. Енді оған өті­нім тапсыру үшін диқандарға ауыл шару­ашылығы бөліміне ат арылтудың қажетті артта қалады. Астық қолтаңбасы бойын­ша әзірленген интернет-тұғырнама мем­лекеттік деректер қорымен үйлестірілген. Оның арқасында жолданған өтінім бір­ден тексеріледі. Сәйкесінше демеу қар­жы бойынша шешімді жүйенің өзі қабыл­дайды.

    - Егер қазір минералды тыңайтқыштар барлық алқапқа қолданылса, енді оның көлемін анықтауға мүмкіндік бар. Нақты егіншілікке жол ашылады. Оған сәйкес бір бума құжаттарды тапсыру қажет емес. Ауылшаруашылық тауар өндіруші тек өті­нім тапсырады. Онда еншісіндегі жер көлемін, оған келісім-шартты, қанша алқа­пқа минералды тыңайтқыш сатып алғанын көрсетеді. Өтінімді электрондық үкімет­тің интернет-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жол­дауға болады. Оны жүйе өңдеп, құптайды немесе қателігін алға тартады. Тиісті демеу қаржы диқанның шотына аударылуы үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқар­масының мамандары өздерінің сандық қолтаңбасы арқылы оны төлемге жібере­ді, – дейді АШМ өкілі.

    Субсидия автоматтандырылса, одан өңірлердегі ауылшаруашылығы басқар­маларындағы қызметкерлердің қолы босайды деп күтілуде. Есесіне олар тал­дау, сараптау бағытындағы жұмыстарға ден қоймақ.

    Элеватордың рейтингісі түзілді

    Астықты қабылдау кәсіпорындарының рейтингісі де онлайн тәртіпте қолжетім­ді. Жерден ризығын табатын диқан интер­нет арқылы олардың тынысын сарап­тай алады. Қай элеваторға сенім артуға болады, көрсеткіштер бойынша қайсысы тиімді екендігі көрсетілген. Үміттен гөрі күдік ұялататын астық қоймалары қал­маған. Қазақстан фермерлер одағы төрағасының орынбасары Серік Ыбыра­евтың сөзінше, басты міндет – ауылша­руашылық тауар өндірушілерді құлағ­дар ету. «Мәселен, күмәнді астық қол­хаттарының шығарылуы, олардың әлі де өтелмеуі кейбір элеваторлардың қызметі­не күдік ұялатады. Біздің міндет – өз мүше­лерімізді барынша қауіпсіздендіру. Себебі астықты жымқыру іспетті жағымсыз жағ­дайлар орын алуы ықтимал. Сондықтан біз рейтинг әзірледік. Нан қабылдау кәсі­порындары бірқатар бағыттар бойынша бағаланады. Оның ішінде шығарылған және өтелмеген астық қолхаттарының ахуалы да көрініс тапты», – дейді ол.

    Бүгінде Одақ және Ақапараттық-есеп­теу орталығы астық қолхаттарының эко­номикалық тиімділігін арттырудың жол­дарын пысықтауға кірісті. Оның негізін­де онлайн тәрттіпте несиеге өтінім жол­дау мүмкіндігі ұсынылмақ. Оның жолы әзірге қағазда тізілген. Порталға түскен өтінім қаржы институттарына жіберіле­ді. Диқан мен банк ортақ келісімге кел­ген соң, оның еншісіндегі астық ақпарат­тық жүйеге бағатталады. Астық қолхаты кепілге алудың есебінен несие рәсімде­леді. «Автоматтандырудың екі жолы бар. Бірі – G2B, яғни мемлекет кәсіпкер үшін. Оған астық қолхаттары дәлел. Екінші­сі B2B – тек кәсіпкерлік шешім. Мәселен, онлайн-несиелендіру. Оған мемлекеттік қолдау қажет емес. Қаржы саласы кәсі­пкерлікпен байланыс көпірін орнатудың тетіктерін өзі табады», – дейді ол.

    Венера Мұстафина

    09.10.2017 ж. мақала

    Опубликовано 06.04.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Один комментарий: Индустрия 4.0: өзгерген ойын ережелері

    1. HAYRETTİN SAKACI говорит:

      ЗЕРНОХРАНИЛИЩЕ И ЭЛЕВАТОРНЫЕ СИСТЕМЫ

      Добрый день ув. представители компании ,

      Вас приветствует одна из ведущих компаний на Турецком рынке “UCEL SILO”, которая занимается производством, проектированием и установкой оборудования для обработки и хранения зерновых, масличных культур, шрота, компбикормов и др.
      Интерес к турецкому оборудованию растет быстрыми темпами в России, Украине, Казахстане, Молдове, Узбекистане и других странах СНГ, а также среди западноевропейских стран. Этому способствуют такие факторы, как сравнительно низкие цены, высокое качество услуг и простота процедуры оформления.
      Наша Компания глубоко заинтересована в сотрудничестве с Вами и предлагаем рассмотреть возможность об участии в тендерах на возведение и проектировании Элеваторов, Силосов, перевалочных центров и комплектующих к ним.
      Предлагаем вашему вниманию высококачественное и современное оборудование по доступным ценам. Полностью автоматизированнаая система: Центральное управление, датчики температуры и влаги силоса, датчик постоянного контроля уровня загруженности силоса, система вентиляции, звуковые и визуальные оповещания.
      Мы производим силосы с плоским и коническим дном, системы кондиционирования, силосы экспедиционные, элеваторные башни – нории, ковшевой элеватор, цепной конвейер, винтовой конвейер, ленточный конвейер, распределители, клапаны, поддерживающие башни, надсилосные галереи, ребра жесткости, стены из листовой стали, гидравлические подъемники и мн. др.

      Плоное проектирование и сдачи объекта «под ключ».

      Отправьте нам запрос на желаемые мощности по хранению и мы свяжемся с вами, предоставив всю информацию и краткий план проекта.

      Более подробную информацию вы можете узнать у наших менеджеров и посетив наш сайт
      www.ucelsilo.com

      Ankara Asfaltı N13-2 35735 İZMİR -TURKEY
      Google Maps : 38.462847,27.339637
      +(90) 232 375 04 24
      +(90) 533 032 69 20
      hayrettin@ucelsilo.com;hayrettinsakaci45@gmail.com
      www.ucelsilo.com

    Добавить комментарий для HAYRETTİN SAKACI Отменить ответ

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      3°
      0°
      Пн
      3°
      Вт
      6°
      Ср
      6°
      Чт
      8°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian