•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 040

    Ата кәсіпте тәуекел көп, тек қол қусыруға болмайды

    Алтын бесік ауылдарда ата кәсіп – күнкөріс қамы. Елді мекендегі ағайын төрт түлікті өсіріп, нәпақа таба­ды. Оны кәсіпке айналдырғандар арасында жас та, жаса­мыс та бар. Күрделі әрі қиын шаруаны қолға алған тауар өндірушілердің тынысын бағамдауды ұйғардық.

    Жігіттік жастағы Александр Антоненко айлығын шайлығы­на жеткізу үшін жеке шаруасын дөңгелетуге бел буған. Әуелі сау­да-саттықта бағын сынады. Бірақ кейін бағытын түбегейлі өзгерту­ді жөн санады. Заңгерлік маман­дықтың қыр-сырын меңгерген теріскейлік жастың бүйрегі мал шаруашылығына бұрған. Бейне­ті көп кәсіптің зейнетін сезіну, кіріске кенелу тынымсыз еңбек­ті талап етеді. Оны түйсінген Александр жастық жалыны мен күш-жігерін сүтті бағыттағы мал шаруашылығын ұршықтай иіру­ге жұмсауда.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    - 2011 жылы жайылымдық жерлерді алып, мал шаруашылығын қолға алдым. Әуе­лі асыл тұқымды бұқаны сатып алып, ірі қараның өнімділі­гін арттыруға басымдық беріл­ді. Асыл тұқымды төлдерді өзі­міз өсірдік. Бұйыртса биыл оның жемісін сезінемін. Асыл тұқымды сүтті сиырлардың өнімділігі жер­гілікті ірі қарамен салыстырған­да 5-6 литрге артық. Әзірге тәу­лігіне орташа алғанда 460 литр ақ жиналады. Жазда көрсет­кіш айтарлықтай жоғары. Оны шикізат түрінде «Масло-Дел» ЖШС зауытына тапсырамын. Олар сүттің бір литрін 85 теңге­ге бағалайды. Бағаға тәуелді бол­мау үшін 2018 жылы сүтті пасте­рлеу технологиясын меңгеруді шештім. Ақты дайын өнім түрін­де нарыққа ұсыну жоспарда бар, – деп өзінің шаруашылығы жайлы «Антоненко» ЖК басшысы Алек­сандр Антоненко сыр шертті.

    Шаруа қожа лы ғы Сол ­түстік Қазақстан облысының Шаховское ауылында қанат жайған. Табында 100-ден астам мүйізді ірі қара бар. Олар­дың тең жартысы асыл тұқым­ды. Енді кәсіпкер сауын сиыр­лардың санын 200-ге жеткізуді көздеп отыр. Себебі Александр мал азығына бас қатырмайды. Оны 100 пайыз өз күшімен қам­тамасыз етеді. Жылда еншісінде­гі алқапқа жем-шөп дақылдарын сіңіреді.

    - Мал шаруашылығы – күрде­лі әрі қиын кәсіп. Одан бірден қомақты пайдаға кенелу екі­талай. Әзірге менің таза кірі­сім 5-10% деңгейінде құбылады. Арагідік, әсіресе, қыс кезінде жұмсалған шығын ақталмайды. Егер сүттің литрін 85 теңгеге тапсырсақ, о ны ө ндіруге ж ұм­салған шығын 105 теңгеге жетеді. Сондықтан маған көбі «әлі жас­сың, мал шаруашылығына неге бет бұрдың» деп таңданыстарын жасырмайды. Бұл сала мен үшін қызықты әрі ауылдағы күн­көрістің басты қамы. Әлеуметтік жауапкершілікті танытып, қари­яларға қолғабыс етуге тыры­самын. Меніңше, еріншектікке бой үйретпеу үшін өзіңе жақын кәсіппен айналысқан жөн, – дей­ді 30 жастағы кәсіпкер.

    Ол жас болса да, бас бола біл­ген. Сәтті қадамдарын тоқ мейіл­сімейді. Жылқы шаруашылығына да жан бітіруге кіріскен. Еншісін­де 50 Қамбар ата тұқымы бар. Олар ет түрінде ішкі нарыққа жол тартады. Кәсіптің бұл түрі­не «Әлем НБ» ЖШС өкілдері тәуекел етіп, бел буған. Егінші­лікпен айналысатын серіктестік ата кәсіпке бет бұруды шешкен.

    - Өзімізді жаңа бағытта сына­уды ұйғардық. Бір ай бұрын жылқы өсіруді мықтап қолға алдық. Оларды жергілікті шару­алардан сатып алдық. Ірі қараға қарағанда Қамбар ата тұқымы қараша-желтоқсан айларына дейін жайылымдар жайылады. Оларды ұзақ уақыт бойы дала­да бағуға мүмкіндік бар. Оларды күтіп, кейін саудаға ұсынамыз. Жылқының тұқымын жақсарту үшін қосымша үш тұлпар сатып алу жоспарланған. Шетелдік малға қызықпаймыз. Таңдау тек өз еліміздегі жылқыға ғана түсе­ді, – дейді серіктестіктің зоотех­нигі Исен Сәрсекеев.

    Елбасы ауыл шаруашылығын экономиканы ілгерілет удің драйверіне айналдыруды шеге­леп тапсырды. Енді биыл атқамі­нерлер агроөнеркәсіптік кешен­ді қамшыламақ. Болжам бойын­ша саладағы өсім 2,5% еңсереді. Жоспарланған межені еңсеру­дің жолдары айқындалды. Оның аясында ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға мықтап ден қойылмақ. Әуелі өндір­істің қарқынын еселеу діттел­ген. «Қазақстанда шығарылған» өнімдердің легі артса, әуе­лі ішкі нарық қарық болады, ал артылғаны сыртқа жол тартады.

    - Мал шаруашылығында қол­дау асыл тұқымды малды сатып алуға, тиімді және отбасылық бордақылау алаңдарын құруға, жаңа өңдеу кәсіпорындарын ашуға және қолданыстағыларын жаңартуға бағытталады. Ал егін­шілікте майлы, жем-шөп және сұранысқа ие басқа дақылдар­дың алқаптарын 540 мың га ұлғайтылып, 8,7 млн га жеткізуге жоспарланған, – деп агроөнер­кәсіптік кешенді дамытудың мін­деттерін ҚР Премьер-министрі­нің орынбасары – ҚР Ауыл шару­ашылығы министрі Асқар Мыр­захметов тергіштеді.

    Бұл реттедемеуқаржыны бөлу қағидаларын қайта қарау және біртіндеп сақтандыруға көшу жоспарланған. Оның жаңа ере­желері әзірге пысықталуда. Атқамінерлердің сөзіне сүйен­сек, ұсыныстар құпталса, тиім­сіз демеуқаржының 11 түрі алып тасталады. Нәтижесінде мемле­кеттік қолдаудың игілігін сезін­ген тауар өндірушілердің қатары ұлғаймақ.

    Венера Мұстафина

    20.02.2017 ж. мақала

     Опубликовано 06.10.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -27°
      -26°
      Вт
      -25°
      Ср
      -17°
      Чт
      -15°
      Пт
      -11°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian