Жаңа «Дем» беретін табиғи тіршілік нәрі

Кәсіпкерлік – алтын бесік ауылдарды дамытудың көзі. Бүгінде елді мекен тұрғындары тарапы­нан жеке кәсіппен айналысуға ынта-ықылас үлкен. Олар «Қазақстанда шығарылған» белгісі бар тауарлардың қарасын көбейтіп, жерлестеріне жаңа жұмыс орындарын ұсынуда. таза ауыз су өндірісі 2 жыл бұрын Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында ашылған.

«Мақсатың айқын болса, алынбайтын асу, бағынбайтын қамал жоқ». Оның өміршеңдігіне Сержан Ашығалиев көз жеткізді. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны көкейін­дегі асқақ арманына жан бітірген.Төгілген маңдай тердің арқасында Қаратөбе ауданында таза ауыз су өндірісі оң жолға қойылды. Бүгінде оның дәмі көпшілік үшін таңсық емес. «Дем» белгісімен шығарылатын тіршілік нәрі тұты­нушылардың сенімін иеленген. Құтыларға құйылған су өңірдегі сауда орындарының сөрелерінен орын алды. Жаңа жоба табысты кәсіпке айналды.

Фото: damu.kz
Фото: damu.kz

– Кәсіппен айналысуға бел бусаңыз, әуелі таңдалған саланың бүге-шігесін зерделеген ләзім. Мен 1-2 жыл көлемінде ауыз су өндірісін нысанаға алып, тәуекелде­рі мен артықшылықтарын сараладым. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, ойымды қағазға түсірдім. Екінші дең­гейлі банктен 11 миллион теңге көлемінде қаржы алдым. Оның жылдық пайыздық мөлшерлемесінің 7% «Бизне­стің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша демеу қаржыландырылды, – деп өзінің кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарын Сержан Ашығалиев екшеледі.

0,15 гектар аумақта бой көтерген өндіріс цехы 2015 жылдың мамыр айында іске қосылды. Онда 0,5, 1, 1,5 литрлік құтыларға су құятын желілер орнатылған. Тәулі­гіне 3 текше метр тіршілік нәрі талапқа сай сүзгіден өткі­зіледі. «Дем» белгісімен шығарылған су өңірдің ірі сау­да орындарына жол тартады. Оның дәмін көрші Атырау және Ақтөбе облыстарының тұрғындары және аста­налықтар да татқан. Елордадағы отандық тауар өндіру­шілердің көрмесінде Сержан Ашығалиев өзінің тауарын көпшіліктің назарына ұсынды.

– Әуелі судың сапасына көпшіліктің көзін жеткізу, ірі сауда желілерінің сөрелерінен орын алу қиынға соқты. Бірақ барлық түйткілдер мен тосқауылдарға мойымай, оларды жеңе білдім. Тынымсыз еңбек, ұзақ келіс сөздер өзінің жемісін берді. Білім, тәжірибе, батылдық – өрге жетелейді. Мен үшін бұл табыстың басты кілтіне айнал­ды. Үйренуден жалықпай, біліп-түйгенді жетілдірген жөн, – деп түйіндеді батысқазақстандық кәсіпкер.

Екі жыл ішінде құтыдағы ауыз су өндірісі оң жолға қойылды. Бүгінде шағын цехта 6 адам тер төгеді. «Демге» сұраныс бар. Газдалған және газдалмаған тіршілік нәрі­нің сапасына тұтынушылардың көңілдері тоқ. Енді кәсі­пкер ішкі нарыққа ұсынылатын өнімнің аясын кеңейту­ге кіріспек. Табиғи сумен қатар сусындардың түр-түрін шығару жоспарланған. Тек әзірге оған қажетті мамандар қат әрі қосымша құрал-жабдықтың жоқтығы қолбайлау болып отыр.

Венера Мұстафина

09.10.2017 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы