•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 597

    Демеуқаржыландыру тетіктері талқыға салынды

    Құзырлы ведомство өкілдері мен тауар өндірушілер «Ата­мекен» ұлттык кәсіпкерлер палатасында бас қосты. Келелі жиынға демеуқаржыландырудың тетіктері арқау болды. Отандық шаруалар өздерін мазалайтын түйткілдерді жайып салды. Олардың кейбірі жұмсалған қаржының бір бөлігі инвестициялық субсидия түрінде мемлекеттен өтелмейтініне қауіптенеді.

    Алаңдауға негіз де жоқ емес. Өтінімдері өткен жылы құпталған шаруалар жер сипап қалуы кәдік.

    «Инвестициялық демеуқаржы іспетті қаржылық тетікті бағам­дадық. Бүгінде әкімдіктер бөлін­ген қаражатты ескермей, өті­німдерді қабылдайды. Егер 2016 жылдың қорытындысына зер салсақ, бүгінде 83 миллиард теңгеге жуық көлемде міндет­теме қабылданған. Бірақ қазына қаржысы бұл қажеттіліктің тек 30 пайызын, яғни 25 миллиард тең­гені өтеуге жеткілікті. Сондықтан әкімдіктер 25 миллиард теңге­нің өтінімдері бойынша төлем жасаған. Енді 58 миллиард тең­ге қалып отыр. Оны біз төлеуіміз тиіс. Өткен жылы қаралған өті­німдерге басымдық беріп, оған тағы 25 миллиард теңгені бағыт­тасақ, 2016 жылғы міндеттеме­лер бойынша 33 миллиард теңге көлемінде қарыз қалады. Биылғы өтінімдерді де қаперден шығар­мау қажет», – деп мәселенің мән-жайын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева тергіштеді.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    Қымбат жобалар бойынша демеуқаржы бір реттік сома­мен төленеді. Сондықтан инвес­тициялық субсидияның игілігін көбіне ірі агроқұрылымдар сезі­ніп, өзгелері қағылады. Енді оны кезеңдерге бөлетін төлем жүйе­сі ендірілмек. Мәселен, қолдау көлемі 500 миллион теңгеден асса, оны жылдарға бөліп төлеу ұсынылып отыр. Оның арқасын­да ұсақ және орта ауылшару­ашылық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдаудың бұл түрі бұйырады.

    Инвестициялық демеуқар­жыландыруға теріскейліктер де иек артуда. Қолдаудың игілігін Уәлиханов ауданындағы 25 тау­ар өндіруші сезінуге ұйғарылған. Техниканы және құрал-жа­бдықтарды сатып алған шару­алар жұмсалған шығынның 20-дан 80 пайызға дейінгі көле­мі өтелетініне үмітті.

    - Бүгінде біздің филиал 18 жобаны сүйемелдейді. Олар­дың 7-уі бойынша жалпы 55,8 миллион теңгеге демеуқар­жыландыру өтінімдері құптал­ды. Қалған 11 жоба бойынша осы айда отырыс өтеді. Ал 7-уіне байланысты құжаттар жиналуда, – деп атап өтті Кәсіпкерлер пала­тасы филиалының директоры Батырхан Ахметов.

    Венера Мұстафина

    20.02.2017 ж. мақала

     

    Опубликовано 29.09.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -27°
      -26°
      Вт
      -25°
      Ср
      -17°
      Чт
      -15°
      Пт
      -11°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian