Hand-made: күнделікті ермек қалайша табысты кәсіпке айналды

Соңғы жылдары қолмен жасалған бірегей өнімдерге қызығушылықтың артқаны байқалады. Cұранысқа сәйкес ұсыныс та көбейген. Бүгінде өзінің ермегін кіріске кенелтетін кәсіпке айналдырғандар қатары қалың. Олардың арасында жастар да, жасамыстар да бар.

Евгения Ковалёва-1Евгения Ковалева – қос бұрымдының анасы. Бала күтіміне байланысты алғашқы демалыс шығармашылыққа жетелеген. Нәзік жан кондитерлік өнімдерді дайын­дауға ден қойды. 8 жыл ішінде үйдің асха­насында басталған іс тұрақты кәсіпке айналды. Оның қолынан шыққан тәтті­лер – асқан ыждаһаттылық пен ізденістің туындысы. Бүгінде өнімдер үйде емес, жеке кондитерлік цехта дайындалады. Ол тек тапсырыспен шектелмей, өнімде­рін дүкен сөрелеріне де жөнелтеді. Қолға алған кәсіпті аудан орталығында қалай дамытуға болады? Тәттіге деген қызығу­шылық қаншалықты кіріске кенелтеді? Бұл жайлы Мамлют ауданының тұрғыны арнайы сұхбат барысында кеңінен тер­гіштеді.

– Тәттіге құмарсыз ба?

– Тәттіні жегеннен гөрі оны пісіруден ерекше шабыт аламын. Мен үшін оны дайындау барысы аса маңызды. Бұл – нағыз шығармашылық жұмыс. Тәттілер­ді безендіруде ой мен қиялға ерік бере­сің. Кез келген кондитерде дәмі тіл үйре­тін тортты дайындаудың өзіндік сыры бар. Оған тәжірибенің әрі ізденістің арқасында қол жеткізуге болады. Бастапқыда интер­нетке үңіліп, өзгелердің тәсілін зерделей­сің. Қажеттіні түртіп алып, оны сынап көру қажет. Осылайша біртіндеп бірегей тәтті­лерді дайындаудың өзіндік әрі қайталан­бас әдісі қалыптасады. Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, шеберлікті үнемі жетіл­дірген жөн.

Tort-1

С із ү шін « тәттілер ә лемі» қ алай ашылды? Бұл қызығушылық па, әлде нақты таңдау ма?

– Өз басым Жезқазған қаласының тумасымын. Әжем Петропавлда тұрған­дықтан, 1998 жылы отбасымызбен бір­ге Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудардық. 2007-2007 жылы қызылжар­лық достарыма кондитерлік өнімдерді дайындауға қолғабыс еттім. Тапсырыстар көбейген кезде олар менің көмегіме жүгі­нетінді. Қызығушылық күн санап артып, тұрақты кәсібіме айналды. 5 жыл конди­терлік цехта еңбек еттім. Дәл осы кезде мен үшін «торттар әлемі» ашылды. Олар­ды дайындаудың қыр-сырына қанықтым. Балаларға, үйлену тойларына, туған күн­дерге арналған тәттілерді безендіру де қиынға соқпады.

Менің кәсіби білімім жоқ. Бірақ ынтасы бар адам барлық істі меңгеретіні хақ. Тек бойкүйездікке бой бермеу қажет. Бұл – менің өмірлік қағидам.

– Аудан орталығында кәсіпті дөңге­лету қиынға соқпай ма? Ауыл тұрғын­дары тәттіге тапсырыс бергеннен гөрі өздерінің асханасында дайындай­тын болар.

– Тұрмысқа шыққан соң, Аққайың ауданының Тоқшын ауылында тұрдық. Онда жергілікті мектепте еңбек еттім. Күндіз жұмыста болсам, кешке үйде торт дайындау күнделікті дағдыға айнал­ды. Әуелі оның дәмін көрші-қолаң мен таныстар татты. Кейін тәттіге тапсырыс көбейе бастады. Тұрақты сатып алушылар да болды. Бірақ 2 жыл бұрын Петропавл­дан 40 шақырым жерде орналасқан Мам­лют ауданына қоныс аудардық. Бұл жерде де сүйікті ісімді жалғастыруды ұйғардым. Оны мектептегі жұмыспен қатар алдым. Тоқшынмен салыстырғанда Мамлют қаласында түтін түтететін отбасылардың саны басым, әлбетте. Тек мені ешкім біл­мегендіктен, бастапқыда тапсырыстар қат болды. Таныстар және әлеуметтік желідегі парақшам арқылы шағын кәсібімді жолға қойдым.

Евгения Ковалёва

Орташа алғанда күніне 8 келі тәт­ті дайындаймын. Оның дені торттың еншісінде. Әсіресе «Медовый» үлкен сұранысқа ие. Кейде «Наполеон», түрлі кекстер дайындалады. Бір тортты дайын­дауға және безендіруге 2-3 сағат уақыт қажет. Күніне 3-5 тапсырыс түседі. Жақын ауылдардың тұрғындары да жүгінеді. Тіп­ті торт үшін 100 шақырым жерден келеді.

– Тәттілеріңізді дүкен сөрелерінен табуға бола ма?

– Әлбетте, жеке тапсырыстармен шек­телмеймін. Менің қолымнан шыққан тәт­тілер Мамлют қаласындағы 6-7 дүкенге жеткізіледі. Оның дәмін облыс орталығы Петропавлдың тұрғындары да тата алады. Бағасы қалтаға салмақ түсірмейді. Мәсе­лен, «Медовый» деген торттың келі­сі 17000 теңге, ал «Наполеон» 2000 тең­ге тұрады. Сауда сөрелеріндегі торттар­дың кері қайтарылуы өте сирек кездесетін жайт. Олардың сақталуына және мерзімі өтіп кетпеуіне баса назар аударамыз.

– Бүгінде тәттілерді дайындауға ұсынылатын өнімдер бір төбе. Заман үрдістеріне көзқарасыңыз қандай?

– Кез келген салада даму бар. Жаңа өнім­дер нарыққа жол тартуда. Тың үрдістерді бақылаймын. Бірақ тәттілерді тек табиғи өнімдерден дайындаймын. Мәселен, кей­бір тұрғындар тортты безендіруде кон­дитерлік мастиканы қолдануды сұрайды. Бірақ мен бас тартамын. Оның орнына ақуыздан жасалған крем арқылы тортты әрлеймін. Оның дәмі мен сапасы мастика­дан артық болмаса, еш кем түспейді.

Алдағы уақытта тәттілердің түрлерін көбейтемін. Мәселен, вафлидің бір түрін дайындау жоспарда бар. Әуелі қажетті құрылғыны сатып алу қажет.

Tort-2

– Кондитерлік цех ашу – оңай шаруа емес. Үйдің асханасымен салыстырған­да оның шығыны басым.

– Сөзіңіздің жаны бар. Бірақ қолға алған кәсіптің тынысын кеңейту қажеттігін сезіндім. Барлығын жеті мәрте піштім. Бірінші кезекте білім көкжиегін кеңей­туге бекіндім. «Бастау Бизнес» жобасы­на өтінім жолдап, оның қатысушысы ата­ну бұйырды. Кәсіпкерліктің қыр-сырын түртіп алып, ойымдағы бизнес-жоспар­ды қағазға түсірдім. Өткен жылдың тамыз айында тәуекелге бел буып, шағын кон­дитерлік цех аштым. Мамлют қаласын­дағы мейрамханалардың бірінің асханасы жалға алынды. Оны кондитерлік цехтың талаптарына сәйкес жарақтадым. Мемле­кеттік қолдаудың арқасында өнеркәсіп­тік және қол араластырғыш сатып алын­ды. Әзірге патент бойынша еңбек етемін.

– Кәсіптің өрісі кеңейсе, сауда нүкте­сін ашу да қажет болар?

– Дөп бастыңыз. Тәттілер дайындау бастапқыда ермек болғанымен, бүгін­де бұл – табысты кәсіп. Тұрақты тұтыну­шылар «сауда нүктесін ашыңыздар» деп қолқа салып отыр. Енді мұны 2019 жыл­дың еншісіне қалдырдық. Жоспарымыз іске асса, Петропавлда біздің тәттілер сатылады. Әзірге оңтайлы әрі ыңғайлы орынды іздеумен әлекпіз.

– Тәттілерді дайындау, тапсы- рыстарды үлестіру, дүкендерге жет­кізу – бұл атқарылатын жұмыстар­дың бір парасы ғана. Барлығына қалай үлгересіз?

– Бір өзім мұның барлығына үлгермейті­нім хақ. Менің жұбайым – қашанда жаным­нан табылатын қолқанатым. Ол – мұғалім. Мектептен қолы қалт еткенде, тәттілерді тапсырыс берушілерге жеткізеді. Осылай­ша шағын кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз. Екі қызымыз бар. Жұмыс тығыз болса да, олардың тәрбиесін де назардан шығарма­уға тырысамыз. Үйдегі де, түздегі де шару­аны қатар алып жүру керек.

– Тұшымды әңгімеңізге алғыс білдір­емін. Ісіңіз өрге жүзсін!

Венера Мұстафина

21.01.2019 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы