Ғылым мен өндірісті сабақтастыру қажет

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын көбейтуге бағытталуы тиіс. Белгіленген меже ауқымды. Оны қағазда ғана емес, іс жүзінде қол жеткізу үшін аграрлық ғылымға қан жүгірту қажет. Кенжелеп қалған салаға жан бітсе, жаңа технологияларды ендіруге жол ашылады. Оның арқасында ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі артады және азықүлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Отандық аграрлық ғылымның ахуалы мәз емес. Соны зерттеулердің өмірге жол­дама алуы сылбыр. Оның нақты өндіріс­пен сабақтасуы көңіл көншітпейді. Білік­ті мамандардың басқа салаға ауысуы, жастардың қызығушылық танытпа­уы байқалып отыр. Атқамінерлердің пайымынша, бар гәп қаржыландыруға тіреледі.

– Ауыл шаруашылығы ғылымын қар­жыландыру мәселесінде қиындықтар туындауда. Өздеріңіз білесіздер, ауыл шаруашылығы ғылымын қаржыландыру кішкене кенжелеп қалған. Қазір бізде 3 университет, 23 ғылыми-зерттеу инсти­туты жұмыс істейді. Елбасының Жол­дауына сәйкес біз ауыл шаруашылығы ғылымына түбегейлі өзгерістер енгізуі­міз керек. Сондықтан ауыл шаруашылығы ғылымына қаржыны көбейтуді өз мінде­тім деп санаймын. Сондықтан біз биыл ауыл шаруашылығы ғылымын өзгерту­дің, реформалаудың арнайы тұжырымда­масын Үкіметте дәлелдеп, қорғап шықтық. Осыған байланысты Үкіметте ауыл шару­ашылығы ғылымын қаржыландыруды үш есеге көбейту жөнінде шешім қабылдан­ды, – деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілі­сінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Ми­нистрінің орынбасары – ҚР Ауыл шару­ашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Аграрлық ғылымды жаңғырту, оңтай­ландыру және тиімділігін арттыру көзде­ліп отыр. Ғылыми-зерттеу институттарды біріктіру есебінен олардың санын 23-тен 15-ке дейін төмендету жоспарланған. Бұл бағытта агроөнеркәсіптік кешен­ді дамытудың басымдыққа ие бағыт­тары мықтап қаперге алынады. Басқару­шы және ғылыми кадрларды іріктеуге де талап қойылмақ. Олардың бойынан ілге­рі ойлау қабілеті байқалып, өнім өнді­рушілердің бәсекеге қабілеттілікті арт­тыру қажеттілігіне бағытталуы тиіс.ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-ми­нистрі Арман Евниевтің сөзінше, аграр­лық жоғары оқу орындары зерттеу мәр­тебесіне ие болып, құрамында ғылы­ми-зерттеу институттары және тәжіри­белік шаруашылықтар болуы тиіс. Қазақ агротехникалық университеті цифрлан­дыру орталығына айналмақ. Қазақ ұлттық аграрлық университет іргесіндегі зерттеу ордасы суармалы жерлердің, жеміс пен картоп шаруашылығының, ауылшару­ашылық кооперацияның тиімділігін арт­тыруға және сүтті мал шаруашылығын дамытуға маманданады. Ал Батыс Қаза­қстан аграрлық-техникалық университе­тіндегі зерттеушілердің негізгі міндеті – мал шаруашылығын өркендету.

Салаға жастарды тартуға да баса назар аударылмақ. Себебі бүгінде ауылшару­ашылық кәсіптерді меңгерген түлектер мамандықтары бойынша еңбек етуге аса құлық танытпайды. Бірі шалғайдағы ауылға барудан тайынса, екіншілері үшін ұсынылған жалақы төмен. Енді атқаміне­рлердің пайымынша, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мемлекеттік грантпен білім алған түлектер міндетті түрде үш жыл бойы ауылдық жерде оны өтеуі ықтимал.

Венера Мұстафина

21.05.2018 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы