•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 4 708

    Танап басындағы қарбалас (талдау үшін)

    Еліміздің оңтүстігінде көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын болса, астықты өлкелер егіс науқанына мамыр айының ортасында мықтап кірісті. Биыл теріскейлік диқандар берекелі өнім алуға дәмелі. Төгілген маңдай тер ақталса, олар күзде мол өнімге қарық болмақ.

    Фото: pxhere.com

    Фото: pxhere.com

     – 5 мамырға дейін топырақтағы ылғалды жабумен айналыстым. Оның мөлшері көңіл көншітерлік. Биыл берекелі өнім бұйыратына дәмеліміз. Минералды тыңай­тқыштарды қолдану да жоспарда бар. Оның арқасында дәнді дақылдардың өнімділігі артады деп ойлаймын. Көрші ауылдарда ата кәсіпке бет бұрғандардың қатары қалың. Биыл арпаға сұраныс көп болды. Тоннасы үшін 33 мың теңге ұсынылды. Сұраныс арта түсті. Арпаның құны бидайдан да жоғары болды. Сондықтан оның егіс алқа­бын көбейтуді ұйғардым, – деп өзінің жоспарларымен солтүстікқазақстандық шаруа бөлісті.

    Ол жылда жерден ризығын тауып, нәпақаға кенеле­ді. Қажетті техника, оның ішінде комбайн мен сепкіштер қолында бар. Сондықтан өзгеге алақан жаймайды әрі құрал-жабдықтарды жалға алмайды. Диқан төгілген тер­дің жемісін көру үшін егіс науқанын дер кезінде аяқта­уға тырысады.

    - Өткен жылы өнімділік гектарынан 21-14 центнерден айналды. Оның бір бөлігін биыл саттым. Ұсынылған баға төмен. Бидайдың 1 тоннасы үшін 32 мың теңге еншіле­дім. Ал өткен жылы оның құны 40 мың теңгені құраған. Елеулі айырмашылық. Бидайды өсірудің өзінді құны мен нарықтағы баға теңелді деуге болады. Бүгінде сары алтынды өсіріп, үлкен кіріске кенелемін деу әбестік. Бірақ күнкөріс қамында әрі көктемгі дала жұмыстары дайын­дық қамында қолдағы астықты сатуға тура келді. Биылғы егіс науқанына және күзгі жиын-терімге тыңғылықты дайындалдым. Танап басында күні-түні өзім еңбек ете­мін, – деп ағынан жарылды ол.


    Биыл еліміздегі егіс науқаны үшін диқандар қауымына бағасы арзандатылған 375 мың тонна дизель отыны қарастырылған. Ал Солтүстік өңірдегі көктемгі дала жұмыстарына 66,6 мың тонна дизельді отын бөлінді. Атқамінерлердің сөзінше, бұл көлем облыстағы егіс науқанына жеткілікті. Бүгінде дизельді отынды мұнай зауыттары­нан жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде.


    Көкөністің аумағы 94 пайызға көбейтіледі

    Солтүстік Қазақстан облысына көкөністер көбіне оңтүстік өңірден жеткізілетіні белгілі. Енді атқамінерлер шенділер астықты өлкенің құнарлы топырағын кеңінен кәдеге жаратпақ. Көкөністің аумағын 100 пайызға жуық көбейту межеленген. Өнімнің бұл түрі биыл 9,7 мың гек­тарға себілмек. Картоп егілетін аумақ 65% ұлғайтылып, 45,4 мың га құрамақ. Оның арқасында тұрғындарды жер­гілікті көкөніспен қамтамасыз ету міндеті қойылған секіл­ді.Бұл нарықтағы бағаның құбылуына жол бермейді әрі аталған өнімдермен тұрақты түрде қамтамасыз етуге жол ашады. Әзірге жылдағы дәстүр бойынша көкөніс пен жеміс-жидектің құнын жіті бақылап, реттеуге тура келе­ді. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу қажет. Атқаміне­рлердің сөзінше, бұл – маусымдық сипатқа ие құбылыс.

    - Көкөніс өнімдері бойынша картопты, сәбізді және пиязды өсірушілерден көкөністерді тікелей және тұрақты жеткізуді қамтамасыз еттік. Бүгінде тұрақтан­дыру қоры жұмысын жалғастыруда. Оның арқасын­да картоптың бағасы 130-дан 103 теңгеге төмендетіл­ді. Сәбіздің құны тұрақты, сол деңгейде қалды. Ал сәбіз бойынша баға төмендеген, – деп нарықтағы баға аху­алын СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова тергіштеді.

    Оның айтуынша, сүттің бағасы 4,6 пайызға қымбат­таған. Монополияға қарсы орган жүргізген тексерудің тоқтамы: тауар өндірушілер ақтың құнын көтеруге мәж­бүр болған. Себебі коммуналдық қызметтің бағасы қым­баттады. Сондықтан сауда орындарындағы сүттің құны­на да өз әсерін тигізген.

    Сапалы тұқым кәдеге жаратылуы тиіс

    Биыл облыста ауылшаруашылық дәнді дақылдар 4 миллион 156,6 мың га алқапта жайқалмақ. Оның ішінде 2 миллион 692,3мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл­дарға қарастырылды. Бұл бағытта егістіктерді әртарап­тандыру саясаты да нысанаға алынған. Оның аясында майлы дақылдардың алқабы 2017 жылмен салыстырған­да 41% немесе 285 мың гектарға ұлғайтылып, 1 миллион га жетіп отыр.

    - 2018 жылы 548 мың тонна тұқым дайындалды. Оның ішінде 395,5 мың тоннасы дәнді және дәнді-бұршақты, 26,2 мың тоннасы майлы, 1,4 мың тоннасы жем-азық дақылдары болып табылады. «ҚазАгроЭкс» АҚ-ға сарап­тамаға дәнді және дәнді-бұршақты дақыл бойынша 474,9 мың тонна немесе 120% тұқым түсті. Олардың барлығы тексерілді және кондициялы деп танылды. Ұсынылған мәлімет бойынша төменгі және жаппай репродукциялар жоқ. Тұқымның 54% І-ші сұрыпты, 43 пайызы ІІ сұрыпты, 3%ІІІ сұрыпты. Сонымен бірге майлы дақыл бойынша 23,5 мың тонна немесе 90% тұқым сараптамаға жеткізілген. Бұл ретте кей аудандардың тауар өндірушілері «ҚазА­гроЭкс» АҚ зертханасына сараптамаға тұқымды толық көлемде жеткізбеген. Сондықтан кейбір аудан әкімдік­тері тұқымның тиісті түрде тексерілуін бақылауы тиіс, – деп көктемгі егіс науқанына дайындық барысын СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қай­рат Омаров жіпке тізді.

    Техника жеткілікті

    Кәдеге жаратылатын техника сақадай-сай. Дайындық 100 пайыз. Барлық аудандарда егіс науқанына қажет­ті ауылшаруашылық машина жеткілікті. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 13 мыңнан астам трактор, 16,3 мың дәнді дақыл сепкіштері, 1,1 мың заманауи және тиімді­лігі жоғары егу кешендері жұмылдырылмақ. Құзырлы ведомство өкілдерінің есебін тергіштесек, егіс науқанын оңтайлы уақытта тәмамдауға мүмкіндік бар.

    - Жұмыс жоспарына сәйкес тиімділігі жоғары кешен­дер арқылы егіс алқабының 70 пайызы нысанаға алын­бақ. Орташа алғанда бір кешенге түсетін жүктеме 2,7 мың га құрайды. Сепкіштер арқылы алқаптардың 30 пайызы егіледі. Оның біреуіне түсетін жүктеме 198 мың га жете­ді. Бұл нормативке сәйкес келеді, – дейді құзырлы ведом­ствоның басшысы.

    Қолдағы құрал-жабдықтарды жаңарту бойынша да ілгерілеу байқалады. Көрпесіне қарай көсілген диқан­дар қауымы мүмкіндігінше өнімділігі жоғары техниканы еншілеуге мүдделі. Бірақ оған көбінің қолы жете бермей­тіні белгілі. Жыл басынан бері облыстағы агроқұрылым­дар 5,8 миллиард теңгеге 392 ауылшаруашылық техника сатып алған. Оның ішінде 70 трактор, 126 сепкіш, 26 егу кешендері бар.

    Минералды тыңайтқыштарды қолдануға демеу

    - Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арт­тыру және топырақтың құнарлығын сақтау мақсатында біз АШМ минералды тыңайтшықтарды енгізуді субсиди­ялау көлемін ұлғайту бойынша ұсыныс білдірдік. Оның нәтижесінде негізгі азот тыңайтқыштары бойынша нор­малар бір гектарға 44-тен 87 келіге дейін ұлғайтылды, – деп түсіндірді Қайрат Омаров.

    Өткен жылы өңір алқаптарында 90 мың тонна мине­ралды тыңайтқыш кәдеге жаратылған. Биыл оның көле­мі көбеймек. Облыстың ауылшаруашылық тауар өндіру­шілері отандық зауыттармен келісім-шарт жасаған. Олар жалпы 123,5 мың тонна минералды тыңайтқышты сатып алуға ниет білдіріп отыр. Бүгінде белгіленген көлемнің 58 пайызы немесе 64 мың тоннасы диқандар тарапынан төленген.

    Венера Мұстафина

    21.05.2018 ж. мақала

     Опубликовано 14.08.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -11°
      -11°
      Вс
      -12°
      Пн
      -9°
      Вт
      -15°
      Ср
      -17°
      Чт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian