Табиғи «тірі» өнімдер сұранысқа ие

«Амиран» белгісі бар өнімдер алматылықтар үшін таңсық емес. Олар қала тұрғындары ара­сында үлкен сұранысқа ие. Аталған сүт өнімдері көптің көңілінен шыққан. Оны сатып алуға ниет білдіргендердің қатары артты. Сауда сөрелеріде тез арада босап қалады.

Өнімдер ересектермен қатар 6 айдан асқан сәбилерге арналған. Алғашқылары үшін оның 15 түрі ұсынылған. Ал балаларға сүт өнімдерінің 5 түрі қарастырылған. Сүзбе, қаймақ, айран, йогурт, сүт, сүзбе пастасы,түйіршікті ірім­шік, ішуге және ботқа дайындауға арналған сүт– оның бір парасы ғана. Сапалы сүт өнімдерінің өндірісін Қазақ тағам­тану академиясының«Амиран» зауыты оң жолға қойды. Кәсіпорынның іргетасы 2010 жылы Талғар ауданында қаланған. Зауытта тәулігіне 15 тонна сүт өңделеді. Одан ересектер мен балаларға ар¬нал¬ған дәрумендерге бай, емдік қасиеті бар «тірі» сүт өнімдері дайындалады. Өнді­ріс барысында сапаға баса назар аударылады. Сәйкесін­ше табиғи ақты сақтау мерзімі 3-5 күнді құрайды. Бұл оны айлап, жылдап сақталатын өнімдерден ерекше екеніне дәлел.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 – «Амиран» – жоғары сапалы тұтас сүттен сәбилердің сүт тағамын дайындап шығаратын Қазақстандағы жалғыз және алғашқы зауыт. Өндірісте қайта қалпына келтірілген сүт қолданылмайды. Ешбір химиялық қоспаларды пайда­ланбаймыз. Сауын залынан сүт сол күйінде зауытқа жеткі­зіледі. Осылайша біз тек «тірі» өнімдер шығарамыз,- деп өндірістің ерекшелігін «Амиран Агро» ЖШС басқарма жетекшісі Жангелді Әбжап¬паров жіпке тізді.

Әзірге «Амиранның» өнімдері тек алматылықтарға қолжетімді. Табиғи өнім тез бұзылатындықтан, оны басқа қалаларға тасымалдау екіталай.

– Біз табиғи сүтті қатты не жұмсақ қағаздарда, тетра­пакеттерде нарыққа ұсынбаймыз. Ол шыны бөтелкелер­ге құйылады. Сақтау мерзімі тек 3-5 күн. Сондықтан біз­дің өнімді басқа қалаға тасымалдау мүмкіндігі жоқ, – деп түсіндірді ол.

Құнарлы да нәрлі ақты өндіру жолында 100-ден астам адам тер төгеді. Кәдеге жаратылатын құрал-жабдықтар заманауи. «Ақылды» қондырғылардың көмегімен жұмыстың барысы оңтайландырылды және автоматтан­дырылды. Оның арқасында барлық мәліметті компью­тер арқылы бақылауға мүмкіндік бар. Бірінші кезекте таза және сапалы өнімді алуға басымдық берілген. Мәселен, ротациялық қақпалар орнатылған. Олардың бірегейлігі физиологиялық нормасы сәйкес келмейтін, яғни темпе­ратурасы көтерілген, дене жарақаты бар сиырларды сүт сауу залына автоматты түрде жібермейді. Мұндай белгі­лері бар ірі қара емдеу аумағына бағытталады.

– Табиғи сүттің жоғары сапасын сақтау үшін 2015 жылдан бастап жаңа технологиялар қолданылады. Сүттің сапасын тексеретін қондырғылар орнатылды. Оның көлемі көбей­ді ме әлде төмендедіме, майлығы қандай деген секілді көрсеткіштермен қатар құрамындағы ақуыздың мөлше­рі үнемі назарда. Малдың жалпы күйін, қан айналымын тексеру, селекциялық жұмыстарды жүргізуге де бас қатырудың қажетті жоқ. Арнайы компьютерлік бағдарла­ма арқылы қажетті ақпарат кез келген нүктеден қолжетім­ді. Сиырлардың құлағындағы электрондық есептегіштер арқылы оларда маститтің барын не жоғын мамандар ком­пьютер арқылы анықтайды және бақылайды. Сүт сауыла­тын орын заманауи,1 мың бас малға арналған. Сиырлар күніне 3 рет сауылады. Оның барысын тек 3 оператор ғана бақылайды. Бізге ұқсас өзге шаруашылықтарда сүт сауу орындарында әлдеқайда көп жұмысшы еңбек етеді, сонымен бірге сүтті саууға көп уақыт жұмсалады, – дейді шаруашылықтың басы-қасындағы Жангелді Әбжаппаров.

Жалпы шаруашылықта 1500 бас ірі қара бар. Оны бағу­мен және баптаумен бас-аяғы 11 адам ғана айналысады. Оның 3-уі бақташы. Олар ауысым бойынша еңбек ете­ді. Еңбек өнімділігін арттыру жолында инновацияға ден қойылған.

– Бүгінде бір адам мал дәрігері, екіншісі зоотехник болуы жеткіліксіз. Сауыншының, бақташының жұмысын біліп, алынатын өнімнің сапасын, малдың күйін ажырата білу қажет. Амиран зауытын салуда шетелдік озық тәжі­рибе зерделенді. Оның іргетасын қалауда Алматыдағы Аграрлық университеттен диплом алған 10 баланың білі­мін одан әрі жетілдіру үшін Голландия, Германия, Кана­да секілді елдерге жіберіп, шаруашылыққа маман ретін­де қабылдадық. Олар бүгінде бізде еңбек етуде, – дейді шаруашылық өкілі.

Шаруашылықта малға жем-шөп дайындау барысы да оң жолға қойылған. Қажетті дақылдар егіледі. Оның ішін­де соя, жүгері, арпа, жоңышқа бар. Жылда 2 мың тонна ірі, 13 мың тонна шырынды, 3 мың тонна құрама жем- шөп дайындалады. Оның құнарлығын арттыруда органи­калық тыңайтқыштарды қолдану, дақылдарды дер кезін­де себу және суару, оны уақытында жинау аса маңызды. Шаруашылықтың қарамағындағы 2 мың га жер тұздалған аумақ болса да, онда өнімділік 2 есе арттырылған.

– Жем-азықты жеткізуден бастап биологиялық қал­дықтарды жинауға дейінгі жұмысты роботталған және автоматтандырылған жүйе атқарады. Бізде биологиялық және жем-шөп қалдықтарынан сиырға арналған төсе­нішті дайындайтын сүзгіш-кептіргіш қондырғысы бар. Тәулігіне 15-18 текше метрге дейін таза төсеніш алуға мүм­кіндік береді. Оның арқасында инфекциялық аурулардың, оның ішінде маститтің ықтималдығын күрт төмендетеді. Ал қайта өңдеуден өткізілген малдың қиын бірден сұйық түрдегі органикалық тыңайтқыш ретінде егіншілікте қол­дануға болады. Оның арқасында шаруашылықтағы алқап­тардың өнімділігі соңғы жылдары 2 есе артып отыр, – дей­ді ол.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы елімізде жалпы сиыр сүтінің көлемі 5,5 млн тоннаға жуықтаған. Оның бір миллионнан астамы фермерлік шаруашылықтардан алынған. Көш басында жеке аула шаруашылықтары. Бұл малдың басым бөлігі қарапайым тұрғындардың қолында болуымен түсіндіріледі.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы