Егіс науқанына сақадай-саймыз ба? (талдау үшін)
Дақылдар бойынша қажетті тұқыммен ауылшаруашылық тауар өндірушілер қаншалықты қамтамасыз етілген? Әртараптандыру саясаты қаншалықты сақталған? Бұл мәселелер құзырлы министрліктің селекторлық кеңесінде кеңінен қарастылды.
Атқамінерлер биылғы егіс науқанына дайындықты пысықтауға кірісті. Әртараптандыру саясатының сақталуы, сапалы тұқымның қолданылуынысанаға алынған. Топырақты тоздырмай, өнімділікті арттыру үшін тыңайтқыштар кеңінен кәдеге жаратылуы тиіс. Бұл бағытта қабылданған қадамдардың нәтижесі байқалған. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тыңайтқыштардың қолданылуы ғылыми қажеттіліктен 14 пайызды құрады. Жалпы қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілер 368,4 мың тонна тыңайтқыш сатып алған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 41% жоғары. Бұл ретте СҚО және ШҚО егіс алқаптарында минералды тыңайтқыштар тоннаны құрайды деп күтілуде. Сонымен бірге құзырлы министрлікті қолдану деңгейі 2 есе артқан. Биылғы жоспар да жар етілді. Оған сәйкес минералды тыңайтқыштардың көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 17 пайызға ұлғайып, министірлік 446 мың демеуқаржыландыруға жататын қажетті тыңайтқыштардың нақты тізімін бекітуді көздеп отыр. Топырақтың агрохимиялық күйі назарға алынып, тыңайтқыштардың қолданудың бірыңғай нормаларын белгілеу қарастырылуда.
Ал химиялық өңдеу шаралары 14,8 млн га алқапта жүргізілмек. Бұл бағытта 18 мың тонна гербицидпен қамдану қажет. Әзірге қолда бары тек 3,2 млн га аумаққа ғана жеткілікті.
– Гербицидпен Ақтөбе, Жам- был, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары 100 пайыз қамтамасыз етілген. ОҚО көрсеткіш 90%, Қарағанды 61%, Ақмола 28%, Алматы облысы 20%, Павлодар 16%, Атырау 15%, ШҚО 12% тең. Қостанай мен СҚО гербицидпен қамтамасыз етілмеген. Өсімдікті қорғау құралдарының нарықтағы бағасына жүргізілген талдау биыл пестицидтердің бағасы 2017 жылмен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттағанын көрсетті. Бұл – Қытай үкіметінің ауаға бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайту шешіміне сәйкес пестицидтерді шығаратын жекелеген зауыттардың өз жұмысын тоқтатуымен байланысты. Сондықтан өсімдіктерді қорғау және түрлі аурулармен, зиянкестермен күресу құралдарымен дер кезінде қамдану қажет, – деп атап өтті ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков.
Жиында тұқыммен қамдану және оның сапасы да кеңінен бағамдалды. Оның барысы көңіл көншітеді. Мәселен, Ақтөбе облысында дәнді дақылдар бойынша 40 мың тонна тұқым дайындалды. Қажеттілік 110 пайызға қамтамасыз етілген. Ал майлы дақылдар бойынша тұқыммен қамдану деңгейі – 125 мың тонна.Оны 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп өңір атқамінерлері уәде берді. Бүгінде бұл бағытта Франциямен және Ақтөбедегі зауытпен келісімшарт жасалып отыр.
СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың дерегіне сүйенсек, аймақ тұқыммен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Оның жартысынан астамы сүзгіден өткізілді. Сапасы көңіл көншітерлік. Өңірде биылғы егіс науқанында майлы дақылдардың алқабы 100 мың га ұлғайтылмақ.
Қостанай облысында жем-шөп дақылдарының алқабы 76 мың га ұлғайтылып, 597 мың га құрайды деп жоспарланған. Бұл бағытта өңірде тұқымның қажетті көлемін қамтамасыз ету бағытындағы шаруалар мықтап қолға алынған.
Те хник аның д айын ды ғы бойынша министрлік тарапынан сараптама жүргізілген. Әкімдіктің ұсынған мәліметтері бойынша жалпы тракторлардың дайындығы шамамен 76 пайыз. Егіс кешендері 100 пайыз сақадай-сай.
Көктемгі дала жұмыстарына 375 мың тонна жанар-жағармай қарастырылмақ. Құныжанар-жағармай құю бекеттеріндегі бағамен салыстырғанда 8-10 пайызға төмен болады деп күтілуде.
Венера Мұстафина
05.02.2018 ж. мақала