ОҚО-ның күркетауық өнімдері Еуропа нарығына шығарылмақ

Осыдан бір жыл күркетауық етінен қазы шығаруды қолға алған «Ордабасы құс» фабрикасы, енді қазақтың өзге де ұлттық тағамдарын күркетауық етімен араластырып, елімізде бұрын-соңды болмаған өнім өндіруді мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz-тің өңірдегі тілшісі.

«Ордабасы құс» фабрикасы республика бойынша агроөнеркәсіп саласындағы күркетауық етінің өнімдерін алғашқы жоба. Фабрика жылына 10 мың тонна өнім өндіріп, оның 40 пайызы Ресей мен Қырғызстан елдеріне экспортталса, қалғаны Қазақстан нарығына сатылымға шығарылып келеді. Өндіріс орнында балапан ашу, құстарға қажет жем өндіру мен құс бордақылайтын аймақтар жұмыс істейді. Ал құс сою бөлімінде тәулігіне әрқайсысының салмағы орта есеппен 20 келі болатын 2400 күркетауық сойылып, 25-35 тонна ет өндіріледі.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

«Балапан ашылғаннан кейін ол өсіру аймағында болады. Күркетауықтың қоразы 120 күннен соң, мекені 105 күн өткеннен кейін біздің бөлімге жеткізіледі. Мұнда оны соятын арнайы құрылғымыз бар. Бір минутта 8 күркетауықты союға болады. Кейін оның еті жіліктеу, шұжық өндіру және мұздатқыш цехтарына жіберіледі. Ал қалған ішек-қарны мен сүйегі қалдықтарды қайта өңдеу цехына жөнелтіледі. Онда қайта өңдеуден өткен қалдықтар жем есебінде пайдаланылады», – деді құс сою бөлімінің басшысы Бақтияр Жұмаханов.

«Ордабасы құс» фабрикасы 420 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның 180-і бір ғана құс сою бөлімінде жұмыс істейді. Барлық қызметкер тегін автобуспен тасымалданады. Еңбегін елеп, фабрика есебінен түрлі демалыстарға жіберіп тұрады.

«Фабрика ашылғалы бері осында еңбек етіп келемін. Менің міндетіме шұжық етін тартқыштан өткізу жұмысы кіреді. Жұмыс уақыты таңғы сағат 8:00-ден кешкі 17:00-ге дейін. Жұмысым өзіме ұнайды, жалақымызды да уақытылы аламыз. Өйткені жұмыс іздеп өзге аудан-қалаларға сандалмаймыз»,-деді Айгүл Алтынбекова.

“Ордабасы құс” ЖШС-інде бүгінгі таңда орнында күркетауық етінен өндірілген 70-ке жуық өнім түрі шығарылады. Нақтырақ айтқанда, күркетауықтың төсі, мойны, жүрегі, қанаты секілді еттің 35, ал шұжық өнімінің орама, қазы, жіңішке шұжық (сосиска), сүрленген шұжық сынды тағы 35 түрі өндіріледі. Фабрика басшылығы алдағы уақытта қазақтың ұлттық тағамдарымен байланыстырып, қарта, жал-жая, үлпіршек сынды деликатес түрлерін өндіріп, өнім санын жүзге жеткізуді жоспарлап отыр. Айтпақшы, мұнда жылқының ішегіне майы мен күркетауықтың сан еті салынған қазының нарыққа шыққанына бір жыл толыпты. Соған қарамастан нарықтағы сұраныс күн санап артып келеді.

Өндіріс орнындағылар енді өнімін Еуропа елдеріне шығаруды көздеп отыр. Бүгінгі таңда бірқатар елдермен келіссөздер жүргізіп те жатыр екен. Ол кезде жылына мұнда 20 мың тонна ет өндірілетін болады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы