«Буш сирақтарын» ығыстыра аламыз ба?

Жұмыртқа өндірісі бойынша өзімізді 100 пайыз қамтып отырмыз. Ал отандық құс етінің ахуалы өзгеше: әлі де сыртқы нарыққа тәуелділік бар. Алдағы 5 жылда оның деңгейі құлдилайды деп күтілуде. Қолданысқа тапсырылатын тың өндірістерге артылған үміт көп. Әзірге «Қазақстанда шығарылған» құс еті ішкі нарықтың қажеттілігін бар-жоғы 45% өтеп отыр.

Ішкі нарықты қамтамасыз ету керек

Ресми деректерді тергіште­сек, жер-жаһандағы ет өндірісі­нің 40 пайызға жуығы құс шару­ашылығына тиесілі. Оның дені АҚШ-тың еншісінде. Соңынан іле­скен Еуропа елдері әлемдегі құс етінің 30,6% өндіреді. Ірі өндіру­шілердің үштігін 30,1 пайызбен Азия мемлекеттері түйіндей­ді. Сұраныс еселенуде. Ұсыныс та артудың жолына түсті. 2010 жылы әлемдік нарықта 99 мил­лион тонна құс еті саудаланған. Бүгінде көрсеткіш 110 миллион тоннадан асып жығылған. ФАО- ның есеп-қисабына сәйкес жыл­дық өсім 3,1% пара-пар. Елімізде де құс шаруашылығының тынысы кеңеюде. Қарышты даму байқал­мағанымен, алшаңдап алға басып келеді. Қазақстанның құс өсіру­шілер одағы дәйектерін жіпке тізіп көрелік. 2016 жылы Қаза­қстанда 167 мың тонна құс еті өндірілген. Көрсеткіш мәз емес. Әлі де ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ету сағымға айналып отыр. Өткен жылы еліміздің тұрғындары 323 080 тонна құс етін тұтынған. Оның жартысына жуығы ғана отандық өнімнің үле­сіне тиеді. 180 мың тоннасы шет­тен дорбаланатын құс етіне тие­сілі. Сыртқа алақан жаймаудың амалына құзырлы министрлік бас қатырған көрінеді. Түйткіл­дің түйінін тарқатудың жолын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Гүлмира Исаева жіпке тізді.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

 – Импорттан арылып, отандық құс етінің өндірісін ұлғайту мін­деті тұр. Алдағы 5 жылда оның көлемі 300 мың тоннаға жете­ді деп күтілуде. Негізінен бұл Қазақстанның қажеттілігін өтеп, экспортты көбейтуге мүмкін­дік береді. Неліктен оның жүзе­ге асырылатынына сенімдіміз? Себебі бүгінде бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның ішін­де қуаттылығы 50 мың тоннаны құрайтын Ақмола облысындағы Макинка құс фабрикасы бар. Сонымен қатар осы іспетті жоба­ларды бірқатар инвестор ұсынып отыр. Біздің есебіміз бойынша 4-5 фабриканың ашылуы жақын ара­да аталған нәтижеге қол жеткізу­ге жол ашады, – дейді құзырлы ведомствоның лауазымды өкілі.


Елімізде құс етін өнеркәсіптік деңгейде өндіруге 18 кәсіпорын ден қойған. Олардың 4-уі ірі, 5-уі орташа, қалғаны шағын саналады. Қуаттылығы 50 мың тон­наны құрайтын 4 құс фабрикасы тоқырауға ұшырап, уақытша тоқтап тұр.


2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстан­дық еттің дәмін Ресей, Иран, Өзбекстан, Ауғанстан, БАӘ, Моңғолия, Қырғызстан мен Тәжік­стан татқан. Оның басым бөлі­гі құс етіне тиесілі – 2705 тонна. Дайын ет өнімдері – 1825 тонна. Қой еті – 153, сиыр еті – 350 тон­на, шошқа еті – 248 тонна. Қаза­қстандық ет экспортының дең­гейі өткен жылдың сәйкес мер­зімімен салыстырғанда төмен­деген. Атқамінерлердің уәжі бойынша бар гәп Қырғызстанның құс тұмауына байланысты енгіз­ген шектеулерге тіреледі. Уақыт­ша шаралар наурыздың 28-де өзі­нің күшін жойған. Десек те оның кесірінен сыртқы нарыққа жол тартқан құс етінің көлемі 1,5 есе­ге құлдилаған.

Тұтынушылардың қызығу­шылығын, нарықтың сұранысын ескеру – табыстың кілті. Бүгінде мұздатылғаннан гөрі салқында­тылған етке қолқа салатындар көп. Мұны құзырлы ведомство да мықтап қаперге алған сыңай­лы. «Біз мұздатылған ет өндірісін салқындатылған етке қайта бағ­дарлауды жоспарлап отырмыз, – деп сөзін сабақтады вице-ми­нистр. – Бұл да нарықтағы артықшылық деп саналады. Құс фабрикаларының шамамен 40 пайызы құс еті өндірісінен терең өңдеуге көшуде».


2010-2016 жылдар аралығында тағамдық жұмыртқаның импорты 5 есе төмендеген. Есесіне отандық өнімнің экспорты бірнеше есе көбейді. Екі жыл бұрын сыртқы нарыққа 111 миллион жұмыртқа жол тартса, былтыр көрсеткіш 145 миллионға жетті.


Күдіктен гөрі үміт көп. Қағаз­дағы меже маңызды. Оған жан бітсе, «Буш сирақтары» ығыстырылып, отандық өнімнің бәсі артады. Отандық өндірісті қамшыласақ, сыртқы нарықты бағындыруға да жол ашылмақ.

Терең өңдеуге бетбұрыс

Есесіне отандық жұмыртқа өндірісінің асығы алшысынан түскен. Одан қағажу көрмейміз. Ішкі нарық толық қамтамасыз етілген. Өзгелерді де қарық ету­ге қауқар бар. Қазақстанның құс өсірушілер одағының мәлімет­терін сараптасақ, соңғы 5 жылда жұмыртқа өндірісінің көлемі 30 пайызға еселенген. Оның ішін­де өнеркәсіптік бағыттағы кәсі­порындардың қатары арта түсті. Бүгінде саны 32-ге жетті.

2016 жылы 4,7 миллиард жұмыртқа сауда сөрелеріне жол тартқан. Оның 73 пайызын ауыл­шаруашылық кәсіпорындар өндірсе, қалғаны жеке қосалқы шаруашылықтардың есебінен. Биыл атқамінерлер көрсеткіш 5 миллиардты еңсеретініне дәме­лі. Артылғанын сыртқа жөнелту үшін өткізудің жаңа нарықтарын іздестіру қажет. Шетелдік тұты­нушылардың қызығушылығын ояту үшін дәстүрлі өніммен шек­телуге болмайды. Уақыт тамырын дәл басуға ынталы құс өсіруші­лер жұмыртқаны өңдеуге бет бұруы қажет. Көрші мемлекетте­гі мамандардың да пікірі осыған саяды. Ресейде 1998 жылдан бері жұмыртқа өндірісі 35 пайызға еселенген. Бүгінде оның 43,5 млрд өндіріледі. Ал құс етінің өндірісі 4650 тоннаны құраған. Жан басына шаққанда 31 келіден келеді. Саланы дамытуда нано­технологияларға иек артылмақ.


 2008 жылдан бері құс еті өндірісінің көлемі 2,7 есе көбейсе, ішкі тұтыну деңгейі 1,8 есе артқан.


– Жұмыртқа рулеттері, тез мұз­датылған омлеттер, жұмыртқа сусындары, пісірілген жұмыртқа, тұздалған жұмыртқа – тұтынуға дайын өнімдердің бір парасы. Меланж, жұмыртқа ақуызы, жұмыртқа сарыуызы – сұйық жұмыртқа өнімдері. Құрғақ жұмыртқа өнімдеріне жұмыртқа ұнтағы, жұмыртқа ақуызы мен сарыуызы жатады. Келешек­те лизоцим экстракциясы (ірім­шіктерге, сыраға, шарапқа арналған табиғи консервант), лецитин экстракциясы (космети­калық өнеркәсіп, тамақ өнеркә­сібі, балалардың және диеталық азық-түлік өнімдері), қабықтың мембраналарынан жұмыртқа коллагенін өндіру (косметика) басымдыққа ие болмақ. Өндірісті басқару барысында инновация­лық технологияларды кеңінен кәдеге жарату қажет, – деп өзінің дәйектері мен деректерін Ресей құс шаруашылығы одағының президенті Владимир Фиси­нин ортаға салды.

Қазақстандық атқамінерлер жұмыртқа ұнтағы және меланж өндірісін оң жолға қоюға мүдде­лі. Бұл бағытта заманауи зауыт бой көтеруі кәдік.

Дәнді жем-азық қорын құру қажет

Қанаттылардың қанатын кең­ге жаю үшін асыл тұқымды құс шаруашылығының тынысын тарылтпау талап. Бұл бағытта 5 шаруашылық тер төгеді. Десек те бүгінгі ахуал мамандарды алаңдатады. Асыл тұқымды өнім бойынша әлі де сыртқа алақан жаятынымыз бар.


2010-2016 жылдар аралығында тағамдық жұмыртқаның импорты 5 есе төмендеген. Есесіне отандық өнімнің экспорты бірнеше есе көбейді. Екі жыл бұрын сыртқы нарыққа 111 миллион жұмыртқа жол тартса, былтыр көрсеткіш 145 миллионға жетті.


– А сыл т ұқымды ө нім б ойын­ша импортқа тәуелділік деңгейі жоғары. Ал мемлекеттік қолда­уға қарамастан, отандық асыл тұқымды өнім көбіне сұранысқа ие болмайды. 1-ші және 2-ші рет­тегі асыл тұқымды репродуктор­лармен айналысу – уақыттың талабы, – деп мәселенің мәнісін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов жайып салды.

Құстарға арналған тұрақты дәнді жем қорын құру да жыл сайынғы жырға айналып отыр. Онда құс фабрикаларының жарты жылдық қажеттілігіне сәйкес 330-350 мың тонна азық сақталуы тиіс. Қанаттыларды өсірушілер демеудің шарапа­тын сезінсе, дайын өнімнің құны сауда нарығында құбылмайды. Негізінен құс фабрикалары ақпан-шілде айларында жемнен тарығады. Өздерінің жинаған, сақтаған қоры таусылады.


2016 жылғы тауық жұмыртқасының әлемдік өндірісін бағамдасақ, Қытай көш басында келеді. Аспан асты елі оның 493 млрд сауда нарығына ұсынады. Екінші орын 93 млрд көрсеткішпен АҚШ-қа бұйырған. Үштікті Үндістан түйіндейді. Онда жылына 77 млрд жұмыртқа өндіріледі.


– Мемлекеттік дәнді жем қорын құру бойынша бірнеше мәр­те Үкіметке және Министрлікке жүгіндік. Әзірге мәселе сол күйі шешімін таппады. Оның қажетті­гі сөзсіз. Қордағы жем кепілден­дірілген түрде белгіленген баға­мен құс өсірушілерге сатылуы тиіс. Бүгінде фабрикалардың дәнді дақылдар бойынша жыл­дық қажеттілігі келесіні құрайды: 570 мың тонна астық, 205 мың тонна соя, 140 мың тонна жүгері, 90 мың тонна арпа, 75 мың тон­на күнбағыс, – деп сөзін түйінде­ді одақтың өкілі.

Азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуде құс шару­ашылығының үлесі сүбелі. Десек те саланың дамуына биоқауі­псіздік, селекциялық-генети­калық жұмыстың сылбырлығы тұсау салады. Ғылыми жетістік­тердің кәдеге жаратылуы, маман­дардың біліктілігін арттыру да мықтап қаперге алынуы тиіс.

Венера Мұстафина

14.08.2017 ж. мақала

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы