Басымдық – сапаға

Қаржылық қысылтаяң бірінің тынысын тарылтса, бірі кәсібін кеңейтуге бел буған. Солтүстікқазақстандық Артем Самойленко екіншілердің қатарында. Тайынша ауданының тұрғыны әкесінің салған ізін жалғап, сүт өндірісінде бағын сынауды ұйғарған.

Кәсіпкер бұған дейін спред өндіруді оң жолға қойған. Бұл құрамында түрлі өсімдік май­лары бар сары май болып табылады. Өндірістің қыр-сырын меңгерген Артем Валерьевич өнімнің бір түрімен шектелмеу­ді жөн санаған. 6 миллион теңге­ге ақты қайта өңдеуге арналған қондырғылар сатып алынды. Бүгінде шағын цехтың жаңа желісі іске қосылды. Оның қуат­тылығы 3 тонна құрайды. Әзір­ге оның қауқары толық кәдеге жаратылмайды. Тәулігіне 2 тон­на ақ өңделеді.

Молоко 03

– Шикізатты аудан тұрғын­дарынан жинауға мүмкіндігіміз жоқ. Әзірге оны кәсіпке айнал­дырған азаматпен келісімге келдік. Ол ауылдардан сатып алынған ақтың құнына 10 тең­геден артық қоспайды. Сон­да біздің цехқа жеткізілген сүт­тің литріне 72 теңге жұмсаймыз. Алдағы уақытта ірі фермерлік шаруашылықтармен байланыс орнатуды жоспарлап отыр­мын. Оның арқасында шикіза­тты боламыз, – деп өндірістің барысына «Лера-NORD» ЖШС цех басшысы Артем Самойлен­ко тоқталды.

Бір тәулік ішінде 100 келі ірім­шік өндіріледі. Майлығы 5 және 9 пайызды құрайды. Бір келі­сі 450 теңгеге бағаланған. Сүт жұмсақ орамада шығарылады. Оның майлығы 2,5% және 3,2% тең. Бір пакет сүттің бағасы 130 теңгені құрайды. Дайын өнім аудан орталығындағы дүкен­дерге жөнелтіледі. Серіктестік басшының сөзінше, жаңа үлгіде­гі өнімдерге сұраныс бар. Тұты­нушылар бастапқыда күдікпен қарайтыны мәлім. Бірақ «Лера-NORD» сапаға беріктігін дәлел­демек. Бәсекеге төтеп беру үшін өнімнің табиғи қасиетіне баса мән беру көзделген.

– Аудан деңгейінде сүт өнді­рісімен айналысатын шару­ашылықтар аз емес. Бәсекеле­стік бар. Біз үшін тұтынушының сенім үдесінен шығу – басты мақсат. Сапалы әрі табиғи өнім­ге ден қойдық. Тек тексерілген сапалы шикізат қолданылады. Оған кеңінен таралып кеткен жасанды заттар араластырыл­майды. Шикізат өндіріске жөнел­тілмей тұрып, жан-жақты зертха­налық бақылаудан өткізіледі. Біз ақтың тығыздығын, майлығын, қышқылдығын анықтаймыз. Ал антибиотиктер мен бакте­рияларды аудандық санэпиде­миологиялық станса тексереді. Олармен келісім жасалған бола­тын. Сондықтан біздің өнімдері­міздің жарамдылық мерзімі шек­теулі. Бірнеше ай емес, тек сана­улы күн ғана сақталады. Мәсе­лен, жұмсақ орамадағы сүтті 5 күн ішінде тұтыну қажет. Ірім­шіктің жарамдылық мерзімі де бір аптадан аспайды, – деп өзінің табыс кілтімен Артем Валерье­вич бөлісті.

Биылғы жылдың соңына қарай дайын өнімдердің қатары арта түспек. Кәсіпкер жаңа желіні меңгеруді жоспарлап отыр. Діт­тегені іске асса, қазан айынан бастап аудан тұрғындары қай­мақтың және сүзбе қоспасының дәмін татады. Асығы алшысынан түссе, өндірістің қуаттылығы артады. Кәсіпкер сұранысқа сай өнім көлемін еселеуді көздеп отыр.

Венера Мұстафина

Также читайте:

В Приморье освоят выпуск уникального соевого молока с бифидобактериями

В Жамбылской области надои увеличились на 3%, производство яиц упало на 28%

Масимов ознакомился с новыми технологиями переработки молочной продукции в Жезказгане

В Павлодаре наладят производство шубата

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы