•  

    Рубрика: Свободная тема |  Просмотры - 1 172

    Егіс науқанына сақадай-саймыз ба? (талдау үшін)

    Дақылдар бойынша қажетті тұқыммен ауылшаруашылық тауар өндірушілер қаншалықты қамтамасыз етілген? Әртараптандыру саясаты қаншалықты сақталған? Бұл мәселелер құзырлы министрліктің селекторлық кеңесінде кеңінен қарастылды.

    Атқамінерлер биылғы егіс науқанына дайындықты пысықтауға кірісті. Әртараптандыру саясатының сақталуы, сапалы тұқымның қолданылуынысанаға алынған. Топырақты тоздыр­май, өнімділікті арттыру үшін тыңайтқыштар кеңінен кәде­ге жаратылуы тиіс. Бұл бағыт­та қабылданған қадамдар­дың нәтижесі байқалған. 2017 жылдың қорытындысы бойын­ша тыңайтқыштардың қол­данылуы ғылыми қажеттілік­тен 14 пайызды құрады. Жалпы қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілер 368,4 мың тонна тыңайтқыш сатып алған. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 41% жоғары. Бұл ретте СҚО және ШҚО егіс алқап­тарында минералды тыңай­тқыштар тоннаны құрайды деп күтілуде. Сонымен бірге құзыр­лы министрлікті қолдану деңгейі 2 есе артқан. Биылғы жоспар да жар етілді. Оған сәйкес мине­ралды тыңайтқыштардың көле­мі 2017 жылмен салыстырғанда 17 пайызға ұлғайып, министір­лік 446 мың демеуқаржылан­дыруға жататын қажетті тыңай­тқыштардың нақты тізімін бекі­туді көздеп отыр. Топырақтың агрохимиялық күйі назарға алынып, тыңайтқыштардың қол­данудың бірыңғай нормаларын белгілеу қарастырылуда.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

     Ал химиялық өңдеу шара­лары 14,8 млн га алқапта жүргі­зілмек. Бұл бағытта 18 мың тон­на гербицидпен қамдану қажет. Әзірге қолда бары тек 3,2 млн га аумаққа ғана жеткілікті.

    - Гербицидпен Ақтөбе, Жам- был, Қызылорда, Батыс Қаза­қстан облыстары 100 пайыз қам­тамасыз етілген. ОҚО көрсеткіш 90%, Қарағанды 61%, Ақмола 28%, Алматы облысы 20%, Пав­лодар 16%, Атырау 15%, ШҚО 12% тең. Қостанай мен СҚО гер­бицидпен қамтамасыз етілме­ген. Өсімдікті қорғау құрал­дарының нарықтағы бағасына жүргізілген талдау биыл пести­цидтердің бағасы 2017 жылмен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттағанын көрсетті. Бұл – Қытай үкіметінің ауаға бөліне­тін зиянды заттардың көлемін азайту шешіміне сәйкес пести­цидтерді шығаратын жекелеген зауыттардың өз жұмысын тоқта­туымен байланысты. Сондықтан өсімдіктерді қорғау және түр­лі аурулармен, зиянкестер­мен күресу құралдарымен дер кезінде қамдану қажет, – деп атап өтті ҚР АШМ Агроөнер­кәсіптік кешеніндегі мемле­кеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков.

    Жиында тұқыммен қамда­ну және оның сапасы да кеңі­нен бағамдалды. Оның барысы көңіл көншітеді. Мәселен, Ақтөбе облысында дәнді дақыл­дар бойынша 40 мың тонна тұқым дайындалды. Қажеттілік 110 пайызға қамтамасыз етіл­ген. Ал майлы дақылдар бойын­ша тұқыммен қамдану деңгейі – 125 мың тонна.Оны 100 пайыз қамтамасыз етеміз деп өңір атқа­мінерлері уәде берді. Бүгінде бұл бағытта Франциямен және Ақтөбедегі зауытпен келісім­шарт жасалып отыр.

    СҚО әкімінің бірінші орын­басары Айдарбек Сапаровтың дерегіне сүйенсек, аймақ тұқым­мен 100 пайыз қамтамасыз етіл­ген. Оның жартысынан астамы сүзгіден өткізілді. Сапасы көңіл көншітерлік. Өңірде биылғы егіс науқанында майлы дақылдар­дың алқабы 100 мың га ұлғай­тылмақ.

    Қостанай облысында жем-шөп дақылдарының алқабы 76 мың га ұлғайтылып, 597 мың га құрайды деп жоспарланған. Бұл бағытта өңірде тұқымның қажетті көле­мін қамтамасыз ету бағытындағы шаруалар мықтап қолға алынған.

    Те хник аның д айын ды ғы бойынша министрлік тара­пынан сараптама жүргізілген. Әкімдіктің ұсынған мәліметтері бойынша жалпы тракторлардың дайындығы шамамен 76 пайыз. Егіс кешендері 100 пайыз сақа­дай-сай.

    Көктемгі дала жұмыстары­на 375 мың тонна жанар-жағар­май қарастырылмақ. Құны­жанар-жағармай құю бекетте­ріндегі бағамен салыстырғанда 8-10 пайызға төмен болады деп күтілуде.

    Венера Мұстафина

    05.02.2018 ж. мақала

    Опубликовано 29.05.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      15°
      17°
      Вт
      18°
      Ср
      25°
      Чт
      20°
      Пт
      19°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian