Кәсіпкерлерге субсидия электронды құжат арқылы беріледі

«Даму» қоры кәсіпкерлерге субсидия беруде электронды құжат айналымын енгізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау туралы «Даму» қоры, ЕДБ және кәсіпкерлер арасындағы үшжақты келісімге енді электронды форматта қол қойылады. Несиені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қызмет түрін алу шартына бұдан былай уақыт, орналасқан жеріне қарамастан қол қоюға болады. Ол үшін тек интернет желісі мен электронды-санды қолтаңба ғана керек.

comp
Иллюстративное фото из открытых источников

«Даму» қорының басқарма төрағасы Абай Сарқұловтың айтуынша, аталған қызметтің қолжетімді болуының артықшылықтары көп. Атап айтқанда, субсидиялау туралы шарт рәсімдеуге кететін уақыт қысқарып, шығындар азаяды.

«Субсидиялау туралы оң шешім шыққан соң кәсіпкерлер көмекқаржы алуға жасалған шартқа онлайн режимде қол қоя алады. Осылайша шартқа қол қою үшін (шартқа қосымша келісімге қол қою үшін де) алыс аудандардан Қор филиалына келіп немесе атшабардың қызметі үшін шығынданып қажеті жоқ. Электронды шартты онлайн түрде жасап, бірнеше секунд ішінде қол қоя аласыз. Бұған дейін субсидиялау шартына қағаз жүзінде қол қою рәсіміне 5-7 жұмыс күніне дейінгі уақыт кететін», – деді ол.

Субсидия беруде электронды құжат айналымын алғашқы болып «ЦеснаБанк» АҚ енгізді. Қор қызметтің қанатқақты сынағын сәтті жүзеге асырды. Алдағы уақытта бұл қызмет Қордың барлық клиенттеріне қолжетімді болады. Бұл қызмет «Documentolog» ЖШС компаниясының электронды құжаттармен алмасудың Қазақстандық орталығы (Doc24.kz) алаңында жүзеге асырылды. Яғни, қызметті 100% қазақстандық өнім деуге болады.

Қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіріліп отыруы кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау алу шараларын жеңіледетеді.

«Мен қонақ үй қызметін көрсететін кәсіпкермін. Аталған шартқа онлайн қол қою мүмкіндігі туралы естігенімде өз шартыма қол қоятын кезге тура келсе деп тіледім. Себебі әр мекемеге бір барып, кезек күтіп отыру уақытты алады. Субсидиялау туралы шартқа үш жақтан қол қою рәсімін онлай режимде атқарғаныма сене алмай да отырмын. Бұл өте оңай, жылдам, жариялы және ыңғайлы. Тек интернет пен электронды-санды қол үлгісі болса жетіп жатыр. Бұған қол жеткізу жолында «Даму» Қоры үлкен еңбек еткені түсінікті. Мен оларға алғыс айтқым келеді», – дейді кәсіпкер Раев Мұратбек Жүрісбекұлы (Аймұрат ЖК)

Несиеге субсидия алу үшін өтінім беру автоматтандырылып, биыл күзде www.egov.kz веб-порталына орналастырылады. Мұнымен қатар жылдың екінші жартысынан бастап eGov порталында 182 млн теңгеден астам несие алушыға берілетін кепілдік процесі де автоматтандырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы көктемде шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету бойынша электронды үкімет порталы платформасына енгізілген тұңғыш мемлекеттік қызмет түрі – «Даму» Қорының кепілдігі еді. Несие алу үшін кепілзат жетпеген кезде Қордың кепілдігін пайдалану қызметі автоматтандырылғалы бері eGov порталы арқылы 2 403 кепілдік берілген. Яғни онлайн-өтінімдер үлесі шамамен 40%-ды құрайды. Бұл қызметке қол жеткізу үшін порталға тіркеліп, өтінім толтырып, банктің оң шешімі жайлы хаттың электронды көшірмесін қоса қыстырып, санды-электронды түрде қол қою керек. Өтінімінің қай деңгейде қаралып жатқанын кәсіпкер жеке кабинеті арқылы бақылай алады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы