•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 545

    Жер үлестіруде жемқорлық көп

    Бұл саладағы заң бұзушылықтар Маңғыстау, Жамбыл және Павлодар облыстарында көп тіркеледі.

    Фото: ©Free-Photos / pixabay.com

    Фото: ©Free-Photos / pixabay.com

    Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы жер қатынастары саласында 150 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған. Ал 2016 жылғы қылмыс саны бұдан да көп – 225. Бұл саладағы заң бұзушылықтар бойынша Маңғыстау (50 қылмыс), Жамбыл (42) және Павлодар (22) облыстары «көш бастап» тұр. Бұл ретте, пара алу, алаяқтық жасау, жер учаскелерін беруде қызметтік лауазымды асыра пайдалану фактілері жиі тіркеледі.

    Ал үлгі алуға тұрарлық облыстар арасында Қызылорданың шоқтығы биік. Атап айтқанда, бұл өңірде жер учаскелерін бөлу жүйесі оң жолға қойылған. Яғни, ақпарат қолжетімді. Ашықтық бар.

    «Атамекен» ұлттық палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменовтің айтуынша, кәсіпкерлер жер қатынастарына қатысты мәселелер бойынша жиі шағымданады. Сол себепті аталған саладағы жағдайды зерттеу мақсатында арнайы сараптамалық топ құрылған. Ал «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

    Кеңестің мүшесі Нұрлан Құдайбергеновтің сөзінше, жер қатынастары – жемқорлық дендеген сала. Бұл – кәсіпкерлердің де пікірі. Сондай-ақ, «Стратегия» орталығының жүргізген зерттеу жұмысының қорытындысы да осыны дәлелдеп отыр.

    «2017 жылы жүргізілген зерттеу қорытындысына сәйкес, жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық үлесі салық салу, кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алулар салаларынан да асып түскен екен. Ал «Нұр Отан» партиясы жыл сайын жүргізетін «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау ұлттық индексі» қорытындысы бойынша жер қатынастары елімізде сыбайлас жемқорлық белгілері ең көп тіркелетін бес саланың бірі деп танылған», – деді Нұрлан Құдайбергенов.

    «Стратегия» жүргізген зерттеу жұмысының қорытындысына тоқталған Нұрлан Құдайбергеновтің айтуынша, рұқсат құжаттарын беруде ведомствоаралық мақұлдау ашық жүргізілмейді. Жер учаскесі бойынша нақты әрі толық ақпарат алу қиындау. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жер учаскелеріне құқық беруден ешқандай негізсіз бас тартады. Осының барлығы кәсіпкерлерге кедергі келтіріп, мұның соңы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне алып келіп отыр.

    «Сонымен қатар, жергілікті атқарушы билік бос жер телімдері туралы ақпаратты сайтқа орналастырмайды. Бұдан бөлек, жер алу кезегі сақталмайды. Жерді саудалау кезінде байқау комиссиясы құрылады. Көп жағдайда оның құрамына мүдделі тұлғалар кіреді екен. Сыбайлас жемқорлықтың етек алуына осы жағдайлар да кесірін тигізіп отыр», – дейді кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Нұрлан Құдайбергенов.

    Оның айтуынша, облыстардағы кәсіпкерлердің бос жерлерге қол жеткізу мүмкіндігі әлі төмен. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болса дұрыс игерілмей жатыр. Бос жатқан жер учаскелері туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер атқарушы органдардың табалдырығын тоздыруға немесе лауазымды қызметкерлерге шығудың өзге де жолдарын қарастыруға мәжбүр.

    Әлеуметтік зерттеуге сүйенсек, жер учаскелерін бөлуде негізінен үш жағдайда сыбайлас жемқорлыққа жол беріледі екен. Атап айтқанда, рұқсат қағаздарын беруден бас тартқанда (29,7%) көмекке сыбайлас жемқорлық келеді. Сондай-ақ, бизнес жүргізу үшін жер учаскесін бөлгенде (29,7%) лауазымды тұлғалар кәсіпкерлерден әлденені дәметеді екен. Бұдан бөлек, жер комиссиясы оң шешім шығаруы үшін де (28,1%) тамыр-танысты араға салып, пара беруге тура келеді.

    Осы орайда, кәсіпкерлер бос жер учаскелерінің ашық электронды базасын құру қажет деп есептейді. Бұл қадам жер телімдерін беруді оңтайландырып, кәсіпкерлерге қол байлау болып отырған кедергілерді жояды. Электронды базада жердің орналасуы, ауданы, мақсатты нысаны және экономикалық бағасы көрсетілуге тиіс.

    Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіліктерді жүзеге асыруын реттеу тетігін қарастыру керек деген бастама көтеріп отыр.

    Дерек көзі: abctv.kz

    Опубликовано 05.05.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -6°
      -9°
      Пн
      -9°
      Вт
      -16°
      Ср
      -16°
      Чт
      -22°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian