•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 1 026

    Шаруалар несиесін тегін кепілдендіре алады

    Қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді несиені кепілдендіру жүйесін биыл 183 фермер пайдаланған. Бұл туралы «ҚазАгроКепіл» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    «2017 жылы «ҚазАгроКепіл» АҚ агро-өнеркәсіп кешенінің дамуына зор үлес қосты. Былтыр ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. «ҚазАгроКепіл» АҚ осы бағдарламаның екінші бағытына сәйкес шағын қалалар мен ауылдық жерлерде ісін жаңадан бастағандарға, сондай-ақ қолданыстағы бизнесін кеңейтушілерге арналған қолжетімді несиені кепілдендіру құралы пайда болды», – деді «ҚазАгроКепіл» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақаев.

    Фото: ©nattanan23 / pixabay.com/

    Фото: ©nattanan23 / pixabay.com/

    Оның айтуынша көптеген шаруа несие алу кезінде кепілдің жетіспеуі мәселесіне тап болатындықтан биыл бірінші рет кепілдендіру құралы енгізіліп отыр.

    «Кепілге қоятын мүліктің жетіспеуінен шаруалар өздеріне қажетті қаражатты ала алмай отыр. Мемлекет шаруалардың мәселесін түсініп, оларға бюджет қаражаты есебінен кепілдік алу мүмкіндігін ұсынды. Жыл басынан бері 183 шаруа кепілдік алды. Оның 40 %-ға жуығы – бизнесін жаңадан ашқан кәсіпкерлер», – деді ол.

    Қайрат Мақаев осы уақытқа дейін берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 1 млрд. теңгені құрағанын айта кетті. Кепілдік алу жүйесі бойынша 18 млн. теңгеге дейін несие алуға болады. Несиені кепілдендіру мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығы және АШӨК ашу саласына – 7 жыл. «ҚазАгроКепіл» кәсібін жаңадан бастаған шаруаның алған несиесінің 85%-ына дейін кепілдендіре алады. Ал бұрыннан бизнесі бар кәсіпкерлердің несиесінің 50%-ы кепілдендіріледі.

    «Қазіргі уақытта несиелендіретін компаниялармен бірлесе құжаттарды біріздендірілу жүйесі әзірленіп жатыр. Несие және кепілдік алуға өтініш беру үшін шаруаға қажетті құжаттардың жалпы тізімі дайындалады», – деді басқарма төрағасы.

    Опубликовано 19.12.2017

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -1°
      3°
      Вт
      7°
      Ср
      4°
      Чт
      9°
      Пт
      8°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian