•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 664

    Павлодар облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында бірінші несиелер берілді

    Мемлекет басшысының «5 әлеуметтік бастамасына» сәйкес, осы жылы шағын несиелеудің көлемі 20 миллиард теңгеге ұлғайды. Осымен, кәсіпкерлерге биыл 62 миллиард теңге бөлінетін болды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелеуді бастады, деп «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі.

    Павлодар облысында сүт бағытындағы шаруашылықтар белсенді дамып келе жатыр. «Атамұра – Павлодар» ЖШС өткен жылы Қордан жеңілдетілген несие алып, тауарлы сүт фермасына ірі қараның аналық мал басын сатып алған болатын. Қазіргі таңда ферманың жұмысы жолға қойылып, өнім өңдеуші зауыттарға жеткізіледі.

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Осыған дейін «Атамұра – Павлодар» ЖШС ет бағытындағы мал шаруашылығымен айналысатын. Енді қосымша сүт бағытын да дамытуда. «Ырыс» бағдарламасымен алған несиелік қаржыға ірі қараның 100 басын, қажетті техника мен құралдарды сатып алған.

    Асқар БИМАҒАНОВ, «Атамұра – Павлодар» ЖШС басшысы:

    – Асыл тұқымды мал басынан төл алдық, сүтті өңдеу зауыттарына тапсырамыз. Ендігі мәселе – қайта өңдеу желіні өзімізде орнату. Сүт және басқа да тауарлы өнімдерді шығару үшін желіні сатып алу үшін қаржыны осы Қордан алсақ деймін. Себебі, Қордың шарттары тиімді, бізге өте ыңғайлы.

    Осы жылы Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында бірінші несиелер берілді. Несиенің сомасы – 4 миллион теңгеге дейін, жылдық үстеме мөлшері – 6  пайыз, мерзімі – 7 жылға дейін. Мұндай шарттар өз бизнесін енді ашамын және бизнесті кеңейтемін деген ауыл тұрғындарына тиімді. Кеше өз өзін жұмыспен қамтыған азаматтар фермерлік шаруашылық ашып, өз ісін домалатуда.

    Қуанышбек Түсіпов мемлекеттің жеңілдетілген несиелері туралы Лебяжье аудандық жұмыспен қамту орталығынан естіді. Қуанышбек – «Жұлдыз» фермерлік шаруашылығының басшысы. Бүгін бұл шаруашылықта 60 астам мал басы бар. Осы жылы табынды өсіремін деп, несие алуды шешті. «Бизнес Бастау» курстарынан өтіп, құжаттарды жинап, Қордың қаржыландыру туралы шешімін алды. Кеше ғана Несие алу туралы келісім-шартқа қойған кәсіпкердің шотына несиелік қаржы аударылып та қойды.

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Қуанышбек Түсіпов, «Жұлдыз» фермерлік шаруашылығының басшысы:

    – Екі айға жетер-жетпес уақытта несие алдым. 4 млн теңгеге 16 мал басын сатып аламын. Шарттары өте тиімді: мерзімі ұзақ, ал пайызы төмен. Бір жыл – жеңілдетілген мерзім. Бұл уақыттың ішінде бұқаларды өсіріп, оны сатып, пайда алуға болады. Кепілдікке өз үйімді қойдым. Жақын болашақта тағы бір несие алып, етті бағыттағы шетелдік мал басын сатып аламын деген жоспар бар.

    Сайра ЫҚЫЛАСОВА, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Павлодар облысы филиалының директоры:

    – Несиелік қаржының арқасында кеше жұмыссыз жүрген, немесе өз өзін жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындары өз шаруашылығын ашуға, кеңейтуге мүмкіндік алып, мал басын өсіруде. Өткен жылы Қордың Павлодар облыстық филиалы 2 млрд. теңгеге 480 несие берді. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында және Жұмыспен қамту жол картасы бойынша қайтарылған қаржыға 543 млн теңгеге 157 шағын несие берілді. Биыл, шағын несиелеу көлемінінің өсуін ескерсек, облыс тұрғындарына 1,6 млрд теңге беріледі, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында – 700 млн теңге.

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім бастығы Нұралы Қабиевтің айтуынша, облыс бойынша аталған Бағдарлама арқылы 1,8 млрд теңге шағын несиелеуге бағытталатын болады.

    Жалпы, республика көлемінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы барлық қаржы көздерінен 43,4 миллиард теңгеге несиелеу жоспарланған. Оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша (бұрын берілген несиелер бойынша қайтарылған қаржыны қосқанда) 26,7 млрд теңге беріледі деп жоспарланған.

    Опубликовано 14.06.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -9°
      -9°
      Вт
      -16°
      Ср
      -16°
      Чт
      -22°
      Пт
      -25°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian