Қағаз қаптамалар өндірісін қалай жолға қоюға болады?

Нан өнімдері мен тәттілерді өндірушілер көбіне қағаз қаптамаларға сүйенетіні белгілі. Олар тек сырттан ғана жеткізілмейді. Елімізде де өндіріледі. Өндірісті оң жолға қою атыраулық кәсіпкер үшін оңай емес. Шығарылған қағаз қаптамаларға сұраныс аса үлкен емес. Десек те нәзік жан қолға алған кәсібінің тынысын кеңейтуге мықтап бел буған.

Ақмарал Байлауованың мамандығы – экономист. Талай жыл бойы «Ақ Жайық-7» ЖШС инженерлік қызметті абыроймен атқарған. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жұмыстан қол үзді. Ем-дом, сауықтыру шаралары өз нәтижесін берді. Жігерлі нәзік жан қайта аяғына нық тұрды. Ол үшін өмірге налу, қол қусыру – жат. Ынта мен талпыныс ІІ топ­тағы мүмкіндігі шектеулі жанды кәсіпкерлікке жетеледі.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Белсенді нәзік жанның көңі­ліне үміт пен сенім ұялады. 6,5 пайызбен 3 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімделді. Ақмарал қаржыны экологиялық таза қағаз қаптамаларды шыға­ратын өндірісті ашуға бағыт­таған. Қажетті құрылғы сатып алынды. Атырау бизнес-инкуба­торынан орын жалға алынды.

– Өндірісті кеңейту үшін тәжі­рибені біліммен ұштастыру қажет. Кәсіпкерліктің негізде­рін түртіп алдым. Бағым жанып, 2 миллион теңге көлемінде мем­лекеттік гранттың иегері атан­дым. Оған Қытайдан қажет­ті құрылғыға тапсырыс берілді. Бірақ оның жеткі­зілуі ұзаққа созылып кет­ті. Қыл аяғы әлемдік қар­жы дағдарысы және дол­лар бағамының көтері­луінен құны қымбаттап кетті. Қондырғыны орна­тылғанымен, оның тілін меңгеруге біраз уақыт жұмсалды. Нұсқаманы жете зерттедім. Барлық жұмыстың басы-қасында өзім жүрдім. Маған экономика­лық мәселелермен қатар өнді­рістің ахуалын жете бақылауға алуға тура келді. Станоктардың айналысында өзім жүріп, қағаз қаптамаларды дайындадым, – деп өндірістің тынысымен «Бум-2020» ЖК жетекшісі Ақмарал Байлауова таныстырды.

Азық-түлікке арналған қап­тамалармен қатар крафт қағаз­дар да кеңінен қолданылады. Нәзік жан ұсынылатын өнімдер­дің сапасына және беріктігіне баса мән береді. Қазақстандық қағаз қаптамаларды көбіне нау­байханалар, жеке және интернет дүкендер сатып алады. Сұраныс аса көп емес. Ірі сауда орындары мен супермаркеттердің бірі целофаннан экологиялық өнім­ге көшуге асықпайды. Ал екінші­лері сырттан жеткізілетін қағаз қаптамаларға қолқа салады.

– Өнімді өтікізу жағы қиындау. Тұрақты тұтынушыларды табу қиын. Әзірге сырт­тан жеткізілетін қағаз қап­тамалардың бағы жанып тұр. Қуаттылық төмен. Әлі де өндіріс толық жүктел­меген. Айына шамамен 30 мыңға жуық қағаз қап­тамаларды шығарамын. Бірақ қазір оның өндірі­летін көлемі төмен. Себебі сұраныс аз. Көбіне наубай­ханалар, өнімді жеткізумен айналысатын тамақтан­дыру орындары тапсырыс бере­ді. Бұл кәсіптің болашағы бар. Әуелі оның ұзақ мерзімділігіне баса мән беремін. Оны аяғынан тік тұрғызу мен үшін оңайға соқпай отыр. Десек те қиын­дықтарға қарамастан, өндірі­сті аяғынан тұрғызып, оны жаңа деңгейге шығаратыныма кәміл сенемін. Азық-түліктің әдетте­гі целофаннан гөрі нан қағазға оралғаны жөн емес пе? – дейді кәсіпкер.

Өндіріс барысы көбіне адам­ның қол еңбегіне артылған. Қолдағы қондырғы дайын қап­тамаларды шығармайды. Тек оның бүйірін және төменгі тігі­сін желімдейді. Ал оның төрт­бұрышты түбін жасауды Ақма­рал өз мойнына алған. Станок­тың басы-қасында өзі тұрады. Қондырғының тілін меңгерген нәзік жан біліп-түйгенін қызмет­керлерге меңгертуде. Бүгінде өндірісте 7 адам тер төгеді.

Бүгінде қағаз қаптамаларға логотиптерді салатын қон­дырғыға тапсырыс берілді. Үлкен сұранысқа ие құрылғы жақында менің цехыма жеткізілуі тиіс.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы