Аяқ алысымыз қалай?

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ая­сында 2022 жылға қарай еңбек өнімділігін және өнім экспортының көлемін 2,5 есеге арттыру діттелген. Белгіленген межеге қол жеткізу үшін салалық бағдарламалар қабылданғаны белгілі.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Ата кәсіппен айналысуға ынталандыру

10 жылда елімізде 80 мың ферма құрыл­мақ. Қағаздағы жоспар іске асса, ет өндір­ісі жылына 1 млн тоннаға жетуі тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындалған межені мемлекеттік қолдау арқылы бағындыруға мүдделі. «Сыбаға» бағдар­ламасы етті мал шаруашылығына жаңа серпін береді деп күтілуде. Ниет білдір­гендер үшін жеңілдетілген несие беріле­ді. Жайылымдық жерді жалға алуға мүм­кіндік бар.

Сүтті мал шаруашылығына да қан жүгір­ту жоспарланып отыр. 2018 жылы жалпы қуаттылығы 6 мың басты құрайтын 25 тау­арлы сүт фермасы іске қосылған. Соның ішінде 7-уі өндірістік, 18-і отбасылық сүт фермасы болып табылады. Өткен жылы ұйымдастырылған шаруашылықтарда сүт өндірісінің көлемі 1,5 млн тоннаны құраған. 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,6 пайызға артық. Енді 10 жыл ішінде ақты өндіру көлемін 1 млн тоннаға жеткізу діттеліп отыр. Бұл бағытта 2027 жылға дейін 527 жаңа отбасылық және 139 өндірістік сүт фермасын ашу жоспар­ланған.

Бақ шаруашылығының жаңа демі

Атқамінерлер импортты алмастыру мақсатында бақ шаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр. Бұл бағыт­та салалық бағдарлама қабылданғаны белгілі. Оның аясында 10 жыл ішінде 47 мың гектар аумақта қарқынды бақ өсіру жоспарланып отыр.

Қарқынды бақтар негізінен Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарын­да өсіріледі деп күтілуде. 2018 жылғы деректерді тергіштеп көрелік. Ресми мәлімет бойынша 862 гектар қарқын­ды бақ отырғызылды. Оның 162 гек­тары Алматы облысында, 200 гектары Жамбыл облысында, 500 гектары Түркіс­тан облысында орналасқан.

Осы бағдарлама шеңберінде инвести­циялық субсидиялау, несие мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субси­диялау, тұқым шаруашылығы мен мине­ралды тыңайтқыштарды субсидиялау секілді мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

Кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетін ауыл тұрғындары үшін мүмкіндіктер көкжиегі кең. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдар­ламасы – оның бір айғағы. Оның шеңбе­рінде ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-жобаларды іске асыруға несие қарастырылған. Жылдық сыйақы мөлшер- лемесі 6%, мерзімі – 7 жыл.

Өткен жылы аталған бағдарлама аясын­да 12 569 шағын несие берілген. Оның жалпы құны 44,7 млрд теңгені құрайды. Несиенің басым бөлігі мал шаруашылығын дамыту мақсатында рәсімделген.

Биыл 12 000 шағын несие беру жоспар­ланған. Оған 44,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Венера Мұстафина

Мақала «АгроИнфо» газетінің 25.03.2019 ж. №5 (199) жарияланды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы