8 (7142) 54-39-39

agro_info@bk.ru

Ауылға бетбұрыс: дамуға деген жаңа көзқарас

Елбасы ауылдың лайықты өмір сүруге және қаржы табуға әлеуеті бар екендігін атап өтті. Егер елдімекендерде кәсіпкерлік өркендесе, әлеуметтік ахуал да жақсаратыны мәлім. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» деген ар­найы жоба жүзеге асырылмақ. Оған 90 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ. Бүгінде әлеуметтік жауапкершілікті сөзбен емес, іспен дәлелдеген кәсіпкерлер аз емес.

Доильная установка Карусель
Интернет беттерінен алынған сурет

Әлеуметтік жауапкершілік: сөз емес, нақты іс

Тиімділігі жоғары технологиялар ата кәсіп үшін таңсық емес. Мал шару­ашылығына бет бұрған қазақстандықтар еңбек өнімділігін арттыру жолында инно­вацияға иек артуда. Теріскейдегі маңдай алды «Зенченко и К» командиттік серік­тестігі – оның бір айғағы.

Иван Зенченко
Иван Зенченко

Новоникольск – Солтүстік Қазақстан облысынындағы үлгілі ауылдардың бірі. Елдімекендегі ахуал «сен де кеттің, ол да кетті ауылдан» дегенге кереғар. Керісін­ше, көшіп келуге ниет білдіретіндер аз емес. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыс ұсынылады. Әлеуметтік нысандар да тұрғындар үшін қызмет етеді. Ауылда мек­теп, балабақша, саябақ бар. Тіпті жабық мұз корты, спорт кешені ашылған. Онда жаттығу үшін жергілікті тұрғындар ақша жұмсамайды. Кіру – тегін.

Баламалы қуат көздері де ауылдықтар үшін жат емес. «Жасыл» энергияны кәде­ге жарату оң жолға қойылған. Елдімекен аумағында 6 жел генераторы орнатылған. Оның есебінен «Зенченко и К» КС қажет­ті электр қуатымен толық қамтамасыз еті­ліп отыр.

Бүгінде Қызылжар ауданына қарасты ауылда 1 мыңнан астам шаңырақ түтін түтетеді. Тұрғындар «Зенченко и К» КС еңбек етеді. Серіктестік егіншілікке және мал шаруашылығына мықтап бел буған.

– Ата кәсіпке және егіншілікке бет бұрған жандар демалыс пен мереке демей, тәулік бойы тер төгеді. Сәйкесінше ауыл тұрғын­дарының еңбегі тиісінше бағалануы тиіс. Бүгінде біздің шаруашылықта еңбек ете­тін жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы­на баса назар аударамыз. Новоникольск ауылындағы тұрғын үйлердің 70 пайызы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Әрбір шаңыраққа су тартылған. Көшелерде заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылды. Сауда және спорт орталығы жұмыс істейді, – деп ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне «Зенченко и К» командиттік серіктестігі өндіріс бойынша директоры Иван Зенченко тоқталды.

Өнімділік еселенді

Өткен жылы серіктестіктің бағын­дырған көрсеткіштері көңілге медеу. 22 мың тонна сүт, бір мың тонна ет өндірі­ліп, сауда нарығына шығарылды. Бүгін­де заман талабына сай салынған зауытта тәулігіне 70 тонна сүт өндіріледі. Оның 50 литрі еліміздің бас қаласы Астанаға жол тартады. Сыртқы нарыққа да жол ашық. Ақтың бір бөлігі көрші Ресейге тасымал­данады.

– Ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналуы тиіс. Бұл бағытта елі­міздің әлеуеті жоғары. Солтүстік Қазақ- стан облысы – ауыл шаруашылығын әрта­раптандыру бойынша көшбасшы. Біздің шаруашылықта жылына орташа алған­да бір сиыр 8,5 мың литр сүт береді. Бұл мал шаруашылығы бойынша әлемдегі ең үздік 5 мемлекеттің көрсеткішімен пара- пар. Оның ішінде Израиль, АҚШ, Греция, Жапония, Швеция бар. Бірақ қол жет­кен жетістігімізді тоқмейілсімейміз. Өңір бойынша біздің 6 сүт кешеніміз бар. Онда жалпы 9 мыңнан астам ірі қара бар, – дей­ді серіктестік өкілі.

Цифрландырылған ата кәсіп

2018 жылы серіктестік құлашын кеңге жайды. Рублевка ауылында сүт фермасы іске қосылды. Оның құрылысына 1 мил­лиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. 600 бас асыл тұқымды ірі қара Бавария­дан жеткізілген.

– Рублевка деген ауылда жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтумен қатар мәдениет үйін және ток шаруашылығын қайта қалпына келтірдік. Бүгінде біз­дің ауылдың және қаланың тұрғындары арасында айырмашылық жоқ десем еш қателеспеймін. Себебі жас мамандар ауылда қалып, нәпақаларын тауып отыр. Оларға үй беріледі, – деп қолға алынған шаруаларды Иван Зенченко жіпке тізді.

Рублевка облыс орталығынан 80 шақырым жерде орналасқан. Бір кезде­рі ауылдағы өмір ата кәсіппен біте қай­насқан. Бірақ мұның барлығы құрдымға кетіп, мал базаларынан тек қаңыраған қабырғалар қалған. Енді тынысы тарылған ауылдың ажары ашыла түскені қуантады. Тұрақты жұмыс орындары, қайта қалпы­на келтірілген әлеуметтік нысандар. Оның арқасында жастардың елдімекенде еңбек етуге құлшынысы артады. Жұмысы толық автоматтандырылған жаңа ферма ауылды серпілтіп, жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға септігін тигізбек.

Ветряки-1

Өңдеу кешендері шикізаттан тарықпауы тиіс

Астықты өлкеде мал шаруашылығының бет алысы оң. 2018 жылы өңірде 2200 бас малға арналған 4 сүт-тауарлы кешен қол­данысқа тапсырылған. Олардың жұмысы цифрлық жүйеге негізделген. Жаңа техно­логиялар арқасында өнімділікті арттыру, жұмыстың барысын автоматтандыру көзделіп отыр. Енді биылғы жылдың енші­сіндегі шаруа – 1700 бас сиырға арналған 3 тауарлы-сүт фермасын салу. Оған 4,5 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.

Өндірілген өнім көлемі 146,1 млрд тең­гені құраған. Өңір басшысының есебіне көз жүгіртсек, ет өндірісі 93,9 мың тоннаға, сүт 555 мың тоннаға ұлғайды. Оны сауда нарығына тек шикізат түрінде ғана ұсын­бау қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу әрі дайын өнім шығару да оң жолға қойылуы тиіс. Өткен жылы Солтүстік Қаза­қстан облысындағы 82 өңдеу кәсіпорны 110 млрд теңгенің өнімдерін шығарды. Оның 36% сүттің, 28% астықтың, 14% нан- тоқаш және ұн өнімдерінің, 5% ет өңде­удің, 7% май өндірісінің еншісіне тиесі­лі. Өңір тізгінін ұстанған Құмар Ақсақа­ловтың сөзіне сүйенсек, 2018 жылы 56 мың тонна ет өндіріген. Оның 15% қай­та өңдеуге жол тартқан. Бұл көрсеткіш мәз емес. Енді етті қайта өңдеуден өткі­зу жұмыстарын қамшылау көзделіп отыр. Жалпы аймақтағы ет өңдеу кәсіпорын­дарының қуаттылығы әзірге толық кәде­ге жаратылмай отыр. Бар гәп шикізат тапшылығына тірелетін көрінеді. Мәселе­ні шешу жолдары қарастырылуда. Мәсе­лен, өткен жылы «Тайынша Астық» серік­тестігінде 3 мың басқа арналған бор­дақылау алаңы қолданысқа тапсырылды. Ал «ЕМС-Агро» ЖШС шошқа кешенінің жұмысын қайта жандандырған. Оның жылдық қуаттылығы 5 мың тоннаны құрайды деп жоспарланған. 2 мыңнан астам мал Германиядан және Ресейден жеткізілген. Бүгінде оларды жерсіндіру және көбейту жұмыстары қолға алынып отыр.

Дома-1

– Қытай нарығын көздеген Тайынша ет комбинаты жаңғыртылды. Бұл бағытта 2018 жылы 700 млн теңге, биыл 1,3 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ. Үстіміздегі жылы үш мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Мұндай кәсі­порындар өңіріміздің әр ауданында болуы тиіс деп есептеймін. Бұл жобаның шеңберінде бес жүзден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік аламыз. Облысымызда жүргізіліп жатқан осын­дай жұмыстардың нәтижесінде сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен 90 пайызға, ал етпен 50 пайызға дейін қамтамасыз ету мүмкіндігі туады, – деп алдағы міндеттерді өңір басшысы жіпке тізді.

2017 жылмен салыстырғанда өңір бойынша ауылшаруашылық өнімдердің экспорты 15 пайызға ұлғайған. Көрсет­кіш 652 мың тоннаға тең. Оның 17 мыңнан астам тоннасы сүт өнімдеріне тиесілі. 2263 тонна тағамдық жұмыртқа сыртқы нарыққа жол тартты. Дәнді дақылдар тұқымының экспорты 39% артып, 120 мың тоннаға жуықтаған.

Венера Мұстафина

Мақала «АгроИнфо» газетінің 11.03.2019 ж. №4 (198) жарияланды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каких специалистов не хватает на вашем сельхозпредприятии?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы