Асыл тұқымды құс шаруашылығын өркендету қажет

Елімізде құс етіне деген сұраныс еселенген. 2000 жылы отандастарымыз оның 53,2 тыс.тоннасын тұтынса, өткен жылы көрсеткіш 316 мыңға жетті. Жан басына шаққанда құс етін тұтыну мөлшері 18 келіні құрайды. Ақуыздың көзі саналатын жұмыртқаға да тәбетіміз арта түскен.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

2013 жылғы деректерге жүгінсек, 4 миллион дана­дан асып жығылады. Оның арқасында соңғы 12 жылда саладағы ө ндіріс д еңгейі 1 2 есеге көтерілді. Әзірге ішкі нарық отандық құс етімен тек 50 пайызға қамтамасыз етілсе, жұмыртқа бойынша 100 % көрсеткіш бағындырылған. Саланың бүгінгі ахуалы әрі аяққа тұсау салған мәселелер III Қазақстандық халықаралық құс өсірушілер форумын­да қаузалды. Келелі жиында ҚР Парламентінің депутат­тары, ҚР Ауыл шаруашығы министрлігінің өкілдері, ТМД және еліміздегі құс фабрикаларының басшыла­ры мен мамандары тоғысты. Бүгінде елімізде өнеркәсіптік құс шаруашылығы бағытында 51 кәсіпорын шаруаларын дөңгелетіп отыр. Олардың 31-і жұмыртқа өндірісіне бет бұрса, 15-і етке мамандырылған. Ал асыл тұқымды құс шаруашылықтарының қатары 15-ке жеткен. 2013 жылдың мәліметтеріне сүйенсек, құстардың жалпы саны 2 пайызға артып, биыл 34,2 миллионнан асып жығылды. Оның арқасында нарықтағы отандық құс етінің үлесі де еселенген. Өткен жылы 10 пайызға көбейіп, 136 мың тоннаға тұрақтады. Биылғы бағындырылатын көрсеткіш 174 мың тоннаны құрауы тиіс. Жұмыртқа өндірісінде де өсім бар. Көрсеткіш 9,4 пайызға ар­тып, 2,6 млрд. дананы құраған. Мамандардың сәуегейлігі шындыққа жанасса, ағымдағы жылы да отандық өнімнің көлемі көбеймек.

– Алайда бүгінде өнеркәсіптік құс шаруашылығы қызметтері көбіне-көп сырттан тасы­малданатын тауарларға тәуелді. Екпелер және басқа ветеринариялық дәрі- дәрмектер, технологиялық құрал-жабдықтар мен арнайы техника бойынша импортқа жалтақтаймыз. Асыл тұқымды өнім бойынша да сыртқа алақан жайып отырмыз. Ол бәсекеге қабілеттіліктің әлсіздігі және ғылыми тұрғыда сүймелдеудің жоқтығынан көшпелі кезеңде құрдымға кетті. Ал қолда бар өнімнің сапасы төмен, оның оң беделі қалыптаспаған, өзара тиімді шаруашылық байланыстар жоқтың қасы. Нәтижесінде еліміздегі құс фабрикалары жылда асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен жұмыртқаға 12-15 милли­он АҚШ долларын жұмсайды. Кесірінен мемлекеттік қолдауға қарамастан, отандық асыл тұқымды өнім сұранысқа ие емес,- деп күйінді «Құс өсірушілеродағының» президенті Руслан Шәріпов.

III Қазақстандық халықаралық құс өсірушілер форумын­да сырттан тасымалданған құс етінің қаптап кеткені де талқыланды. Оның 110 мың тоннаға жуығы АҚШ-тан та­сымалданады. Ішкі нарық ТМД мемлекеттерінің және Аргентинаның, Бельгияның, Бразилияның құс етіне қарық болып отыр. Салдарынан ша­руалар тығырыққа тірелген. Қыл аяғы кейбір құс фабрикаларын­да сату деңгейі шамамен 50 пайызға құлдилаған. Мамандар мәселенің түйінін тарқату үшін демпингтік бағалармен күресті күшейту қажеттігін алға тартады.

Келелі жиында құс фабри­каларын жеммен қамтамасыз ету, мамандардың тапшылығы іспетті қолбайлау мәселелер де бағамдалды.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы