•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 2 373

    Ынталандыратын жобалар бар

    Биоөндірістің қанат жаюына жол салатын заң қабылданып, органикалық егіншілікті дамытатын алғашқы қадамдар жасалды. Экологиялық таза әрі сапалы өнімдерді өндіруге жергілікті тауар өндірушілер әлеуетті.  Оны «Жасыл экономика үшін» коалициясының басы-қасындағы Айгүл Соловьева да мойындайды.

    Айгуль Соловьева - Айгүл Сағадибекқызы, органи­калық егіншілікті құқықтық тұрғы­да реттейтін тетіктерді пысықтауға Коалиция өкілдері де белсенді түр­де атсалысқаны мәлім. Бүгінде тиісті заң құпталды. Енді қандай межелерді бағындыру көзделген?

    - Бүгінде елімізде экологиялық егін­шілікке бет бұрған шаруашылықтар­дың қатары аз емес. Олар үшін «Органи­калық өнім өндіру туралы» заң қабыл­дануы маңызды қадамға айналды. Енді өнімді сертификаттау мәселесі пысықта­лу үстінде. Құзыретті орган сертификатты жергілікті жерде беру үшін халықаралық қауымдастықтан аккредитация алады. Біздің сертификат барлық әлемнің сенім үдесінен шығуы тиіс. Оны ұсынған кезде өнімді еш қиындықсыз өткізу мүмкіндігін қарастырылғаны жөн.

    12625-2

    Ал бұрын тауар өндірушілер шетел­ден маман шақыртып, оған қомақты қар­жысын рәсуа етіп, қалтасына салмақ түсе­тін-ді. Оның нәтижесі де аса көңіл көншіт­кен жоқ. Бұл ретте Қазақстанда ашылған ФАО кеңсесі биоөндірісті жоғары деңгей­де дамытуға мүмкіндік барына көз жеткі­зіп отыр.

    - «Жасыл» экономика үшін» коали­циясы ауылдағы нәзік жандарға кәсіп ашуға қолғабыс етеді. Бұл жоба қан­шалықты нәтижелі жүзеге асуда?

    «Жасыл экономика үшін» коалици­ясының қолға алған жобалары аз емес. Біз ауылдық жерлердегі нәзік жандарға ауылшаруашылық кәсіпті ашуға қолға­быс етеміз. Ұсынылған жобалар іріктеліп, үздік идеялардың авторларына шағын гранттар беріледі. Оған ірі кәсіпкерлер­ді тартып, олар бөлген қаржыны шаруаны дөңгелетуге қолдау ретінде үлестіреміз. Оның көлемі 3000-нан 10000 мың АҚШ долларына дейін жетеді. Бүгін шағын гранттарды иеленген нәзік жандардың қатары 100-ге жетеді. Олардың арасында биогумусты өндіру үшін құрттарды өсіре­тін, табиғи тыңайтқыштармен гүлдерді баптайтын ауыл тұрғындары бар. Кейбір нәзік жандар өндірісті оңтайландыратын жаңа технологияларды ендіруді ұсынады. Мәселен, Ақтауда нәзік жан құрттарды өсірумен айналысады. Онда жер құнар­лы емес екені белгілі. Сондықтан жоба арқасында берекелі өнімді алуға мүмкін­дік бар.

    Нәзік жандар арасында жасыл техно­логияларды меңгеріп, жылыжай салуға ниет білдіргендердің қатары қалың. Олар жаңа кәсіби дағдыларды меңгеріп, білім көкжиектерін кеңейтеді. Неліктен жоба аясында тек әйелдерге қолғабыс етіледі деген сауал жиі қойылады. Себебі барлық жобалардың ағартушылық, дәріптеуші­лік әсері бар. Идеяға жан-тәнімен кіріскен нәзік жандар оны өзінің елді мекенінде де дәріптейді. Олар өз үйінде шағын кәсіпо­рын ашып, органикалық өнімді нарыққа ұсына алады.

    Егер мұндай нәзік жандар көп болса, онда кооперация жандана түсетіні анық. Кооперация логистикалық тұрғыда өнімді қалаға дейін сауатты түрде жеткізуге, сау­далауға, жарнамалауға мүмкіндік береді. Оларды еліміздің басқа азаматшалары көріп, кәсіпкерлікке қызығушылықтары оянады. Себебі бүгінде ауылдарда көпте­ген отбасылар органикалық технология­лар бойынша жұмыс жасауға көшті.

    Сонымен қатар желдің, күннің қуа­тын пайдалануға бағытталған жобалар­ды ұсынатын ғылым саласының қызмет­керлеріне, жаңашыл жандарға гранттар беріледі.

    - Тұшымды жауаптарыңызға рахмет. Бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.

    Венера Мұстафина

    Также читайте:

    Принципы органического земледелия, или Как стать органическим фермером?

    Органикалық тыңайтқышқа сұраныс еселенді

    Удобрения и «нулевая»: есть ли шансы на перемирие?

    Органикалық тыңайтқышқа сұраныс еселенді

    Опубликовано 22.12.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      1°
      0°
      Пн
      3°
      Вт
      7°
      Ср
      6°
      Чт
      8°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian