•  

    Рубрика: Бизнес |  Просмотры - 954

    Инвестиция салаға серпін береді

    «Атамекен» ҰКП жүргізген зерттеуге сәйкес кәсіпкерлерді қаржы көздерінің таршылығы, айналымға қажетті несиенің қолжетімсіздігі әрі жылдық мөлшерлеменің тым жоғары екендігі әбігерге салады. Бұл қолға алған шаруаны дөңгелетуге қолбайлау. Десек те биылғы жылы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне тартылған инвестиция көлемі еселенген. Солтүстік өңірде бірлескен жобаларды қолға алуға қызығушылық танытқан шетелдіктер артқан.

    Ел қамбасына құйылатын сары алтынның үштен бір бөлігі Сол­түстік өңірдің еншісіне тиесілі. Астықты өлкеде биылғы орақ науқаны бойынша 5,6 миллион тонна дәнді дақыл жиналған. Гектар берекелігі 17,6 центнер­ден айналады. Берекелі өнім егіс алқаптарынан жиналды. Теріскейлік нанға өзге мемле­кеттер де қолқа салуда. Оған Индонезия қызығушылық танытып отыр. 250 миллион­нан астам халқы бар мемле­кет алыс-берісті күшейтуге ден қоймақ. Басымдық агроөнер­кәсіптік кешенге беріледі. Таң­дау теріскейге түскен. Индоне­зия нанымен танылған Солтүстік Қазақстанның дәнді дақылын тұтынуға дәмелі. Сары алтынды жерге сіңіруге табиғи жағдайлар қолайсыз. Сондықтан күншуақты мемлекет импорттық астыққа иек артқан. Бүгінде Индоне­зия жылда 5 миллион тоннаға жуық дәнді дақылды сырттан тасымалдайды. Сауда-саттықты «Қорғас» халықаралық шека­ралық ынтымақтастық орталығы және Ляньюньган порты арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр.

    Коллаж к статье

    - Халық саны бойынша еліміз әлемде 4-ші орында. Бұл бағыт­та ұнға және одан жасалған өнімдерге қ ажет тілік өте жоғары. Бірақ тропикалық жағ­дайда дәнді дақылды өсіру екі­талай. Біз ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу бағытын­да бірлескен кәсіпорындарды ашуға мүдделіміз. Өзара тиім­ді қарым-қатынас қалыптастру жолында біржақты саудадан гөрі тауармен алмасқан дұрыс. Бұл логистикаға жұмсалатын шығынды айтарлықтай төмен­детеді. , – деп атап өтті ҚР Индо­незияның Төтенше және Өкілет­ті елшісі Фостер Гултом.

    Швециялықтар да екі жақты тауар айналымын қамшыла­уға ниет танытып отыр. Ауыл шаруашылығы саласында бай­ланыс көпірін нығайту көздел­ген. Шет мемлекет өзара тәжі­рибе алмасып, бірлескен жоба­ларға жан бітіруге асық.

    - Швецияның жаңа Үкіме­ті тауар айналымы арттырыла­тын 26 мемлекеттің бірі ретін­де Қазақстанды белгіледі. Ауыл шаруашылығы саласында өнім­ді терең өңдеуде бірлескен жұмысқа басымдық беріп отыр­мыз. Сондықтан әлеуеті жоғары аграрлық өңірге бет бұрдық. Солтүстік Қазақстан «ақылды» технологияларды және құрал­дарды пайдаланып, тағам өнер­кәсібі, экологиялық таза және пайдалы өнімдерді шығару саласында тиімділікті арттыра алады, – деп атап өтті Швеци­яның ауыл шаруашылығы мини­стрі Свен-Эрик Букт.

    2015 жылы қос мемлекет арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 10,1 млн долларға жеткен. Шведттер көбіне қазақстандық дақыл­дарды тұтынады. Оның ішінде астықтың және соя бұршағының үлесі басым. Теріскейліктер де шет мемлекетпен алыс-берісті күшейтуге мүдделі. Облыс тіз­гінін ұстаған Ерік Сұлтановтың сөзіне сүйенсек, аймақ швед тарапы инвестицияны ауылша­руашылық машина құрылысына тартатынына қызығушылық біл­діреді. «Біз ауыл шаруашылығы инвестиция тарту мүмкінді­гін талқыладық. Біріншіден, Швеция – ауылшаруашылық машина құрылысы саласын­да көшбасшылардың бірі. Екін­шіден, ауыл шаруашылығында, қайта өңдеу саласында швеци­ялық тараптың қатысатынына қызығушылық білдіреміз», – деп мәселенің мәнісін түсіндірді облыс әкімі.

    Қаржы құюға ынталы инвес­торлардың қарасы қалыңдаған. 2015 жылғы көрсеткіш көңіл­ге медеу. Солтүстік Қазақстанға 154,5 миллиард теңге инвести­ция тартылып, өңірлер арасын­да көшбасшы танылды. Биылғы 8 айдың көрсеткіші 93 мил­лиард теңгені еңсерген. Оның жартысына жуығы агроөнеркә­сіптік кешеннің еншісіне тиесілі. Алғашқы нәтижесі биылғы жыл­дың соңында сезілмек. Майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың алғашқы кезегі желтоқсан айын­да іске қосылмақ. Жылдық қуат­тылығы 300 мың тоннаға жетеді деп күтілуде. Құны 58 миллион долларды құраған жоба қытай­лық инвесторлармен бірлесе қолға алынған.

    - Солтүстік Қазақстанда ірі агроөнеркәсіптік парктің ірге­тасын қалауды жоспарлап отыр­мыз. Онда дәнді және май­лы дақылдар, ет қайта өңдеу­ден өткізіледі. Өнімді Қытайға экспорттаймыз. Оны өткізумен мәселе туындамайды, – дейді «Айцзю» компаниясының пре­зиденті Цзя Хэи.

    - Зауыттың бірінші кезегін салу жұмыстары қолға алынды. Зауыттың нөлдік циклы бойын­ша құрылыс тәмамдалды. Бүгін­де қажетті құрылғылар жеткі­зілуде. Тәуелсіздік күніне орай бірінші кезекті іске қосуды жоспарлап отырмыз.

    Солтүстік өңір жылда шамамен 1,5 млн тонна астықты, 150 мың тонна ұнды, 200 мың тоннадан астам майлы дақылдарды шетел асырады. Теріскей­ліктердің өнімін көбіне Ауғанстан, Иран, Бельгия, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Польша мемлекетте­рі тұтынады.

    Венера Мұстафина

    24.10.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Хочу приобрести трактор и пресс-подборщик в кредит. Могу ли я получить инвестиционные субсидии?

    Северный Казахстан: Основная часть инвестиций направлена на приобретение сельхозтехники

    Инвестициялық тартымдылықты арттыру қажет

     

    Опубликовано 16.03.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      12°
      16°
      Ср
      13°
      Чт
      27°
      Пт
      28°
      Сб
      18°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39