•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 1 574

    «Құпталған бағдарлама көп, бірақ оған қаржы тапшы»

    Бұл Жамбыл облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының уәжі. Саладағы кілтипанның кесірінен жергілікті атқамінерлер тауар өндірушілердің алдында қарызға батады. Өңірдегі кей диқандар тамшылатып суару жүйесіне мемлекеттен қайтарылатын демеуқаржыға қол жеткізе алмай отыр.

    Саид Абдуллаев жасөспі­рім шағынан пиязды өсірудің қыр-сырына қанық. Өнімділік­ті еселеуді діттеген шаруа соны технологияларға қолқа салуды ұйғарған. Өткен жылы 35 гектар аумаққа тамшылатып суару жүйе­сі орнатылды. Оның арқасын­да гектарынан 100 тонна пияз жиналған. Бұған дейін өнім бере­келігі 70-80 тоннаны құрады. Өткен жылғы өнімнің бір бөлі­гі бірден саудаланды, бір бөлі­гі қоймаға жөнелтілді. Жерден ризығын татқан диқан пияздың келісін 30 теңгеге саудалаған. Оны ірі сатып алушылар енші­леп, артылғаны көрші Ресейдің нарығына экспортталды.

    1834564533

    - Өнімділіктің артқаны байқа­лады. «Әр жылда сұраныс әртүр­лі. Кейде өнім бірден саудалан­са, кейде оны өткізуде әуре-сар­саңға салынасың. Мәселен, биылғы жылы көктемде пиязға сұраныс құлдилады. Десек те көкністің іріп-шіруіне жол берілген жоқ. Негізінен жұм­салған қаржы ақталады деуге болады. Сол технология да өзі­нің артықшылығын дәлелдеді, – деп «ПХП» шаруа қожалығының жетекшісі өзінің кәсібі жайлы сыр шертті.

    Диқан израильдік құрылғыны 1 гектарға ендіру үшін 3000 АҚШ долларын жұмсаған. Оған кеткен шығынның 30 пайызын мемлекет өз мойнына алатыны мәлім. Бірақ диқан әлі де қолда­удың игілігін сезбегеніне қын­жылады. «Мемлекет тарапынан өткен жылы қайтарылатын қар­жыны алған жоқпын. Жергілікті ауыл шаруашылығы басқармасы бюджетте қаржының жоқтығын алға тартып отыр. Биыл 7 гек­тар аумаққа тамшылату жүйе­сі орнатылды. Құрылғының өзі арзан емес. Шығынды ақтау үшін кемінде 5 жылдай уақыт қажет», – дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

    Мәселенің анық-қанығын білу үшін Жамбыл облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына жүгіндік. Оның тізгінін ұстаған Нұржан Нұржігітов диқандарды мазалайтын түйіткілден хабар­дар. Ведомство басшысының уәжі: бар гәп ел қазынасынан үлестірілетін қаржының жетіс­пеушілігіне тіреледі. Кесірінен өткен жылы өтінімдерін жол­даған шаруалардың кейбірі әлі де мемлекеттік қолдауды күту­мен әлек.

    - Инвестициялық демеуқар­жыландыру бойынша оператор ретінде жергілікті ауыл шару­ашылығы басқармалары бекітіл­ген. Қаржы ел қазынасынан бөлі­неді. Өткен жылы аталмыш бағ­дарлама бойынша өңірімізге 351 млн. теңге көлемінде қаражат үлестірілді. Барлығы ережемен шектелген. Тек оның аясында ғана әрекет етеміз. Талапқа сәй­кес бірінші кезекте басымдық мал шаруашылығына беріле­ді. Одан артылған қаржы екінші топтағы егіншілікке бұйырады. Бұл ретте қаржының жетіспеу­шілігіне байланысты соңғы топ, оның ішінде тамшылатып суа­ру жүйесін ендіргендер мемле­кеттік қолдауды иеленген жоқ. Олардың алдындағы қарызды биылғы демеуқаржының есе­бінен төлеуді жоспарлап отыр­мыз. Барлығы республикалық деңгейде бөлінген қаржы есе­бінен төленеді, – деп мәселенің мән-жайын Жамбыл облыстық Ауыл шаруашылығы басқар­масының басшысы Нұржан Нұр­жігітов тергіштеді.

    Биыл инвестициялық деме­уқаржыландыру бойынша рес­публикалық бюджеттен Жамбыл облысына 2 млрд. 200 млн тең­ге көлемінде қаражат аударыл­ды. Әуелі оның игілігін мал шаруашылығына бет бұрған қожалықтар сезінеді. Ал 1 шіл­деден бастап жауапты басқар­ма өкілдері екінші топтағы жобалар бойынша өтінімдерді қабылдайды. Ең бастысы құжат­тар талап үдесінен шығуы тиіс. Олардың демеуқаржыландыру ережесіне сәйкестігі сүзгіден өткізіледі. Мамандардың сөзі­не сенсек, тамшылатып суару технологиясын биыл ендірген диқандар ғана нысанаға алын­байды. 2014-2015 жылдары мем­лекеттік қолдауды иеленбеген шаруалар алдындағы қарызды өтеу межеленген.

    - Ауыл шаруашылығының жүйелі мәселесі – құпталған бағдарлама көп, бірақ оны жүзе­ге асыруға қаржы жетіспей­ді, – деп Нұржан Молдиярұлы сөзін сабақтады. – Бұған дейін­гі Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков 2015 жылы рес­публика бойынша 271 млн. тең­ге көлемінде қаражат жетпеге­нін мәлімдеді. Сондықтан бұл тек біздің өңірімізге ғана емес, барлық облыстарға тән түйіткіл.

    Венера Мұстафина

    06.06.2016 ж. жауап

    Также читайте:

    Инфографика: капельное орошение – прогрессивно и экономно

    «А начиналось все с 38 га земли…»

    Жители Костанайской области учатся экономить «по-зелёному»

     Опубликовано 09.12.2016

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Власти РК уделяют особое внимание созданию животноводческих кооперативов – большие субсидии и дотации, льготное финансирование. К чему, на ваш взгляд, приведет тотальная кооперация ЛПХ в стране?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

    • Погода

      Костанай
      26°
      28°
      Ср
      28°
      Чт
      23°
      Пт
      23°
      Сб
      26°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian