•  

    Рубрика: Бизнес | Свободная тема |  Просмотры - 11 054

    Астананың азық-түлік белдеуі: қазіргі ахуал қандай?

    Астана айналасындағы азықүлік белдеуінің аяқ алысы қалай? Оның аясында қанша және қандай жобалар қолға алынған? Агроөнеркәсіптік саладағы субсидиялардың жайы қандай болмақ? Бұл мәселелер Ауыл шаруашылығы министрлігінде сүтті мал шаруашылығы, құс және шошқа шаруашылығы тақырыбында өткен жиналыста кеңінен қозғалды.

    Иллюстративное фото из открытых источников

    Иллюстративное фото из открытых источников

    Бағыттар мен бағдарлар белгіленді

    Астана айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру бастамасы бірнеше жыл бұрын қолға алынды. Бас қала тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдарлама да қабылданған. Оған сәйкес елордаға жақын орналасқан облыстар­дан ауылшаруашылық өнімдер тікелей Астанаға жеткі­зуді оң жолға қою тапсырылды. Бұл бағытта тиісті инф­рақұрылымды қалыптастыру, сақтау қоймаларымен қам­тамасыз ету қажеттігі туындады. Бірақ жоспардың орын­далу барысы мен аяқ алысы көңілге кірбің ұялатқаны белгілі. Өткен жылы Елбасы жұмыстың тоқырап қалғанын қатты сынға алды. Оның айтуынша, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің көбі өткізу нарығын іздеп санда­лады. Ал тұтынушылары көп қалаға өнімді тасымалдау олар үшін қиынға соғады.

    - Бүгінгі күнге дейін 109 жоба болған. Екі ай ішінде жұмыс тобы құрылды. Оған облыс пен аудан әкімдіктері­нің, «ҚазАгро» өкілдері кірген. Жұмыс тобы Астанадан 500 шақырым жерлерді аралап, жобалардың тынысын сара­лады. Нәтижесінде 120 жоба іріктеп алынды. Олармен жұмысты жолға қою, нақты жауапкершілікті бекіту мақ­сатында біз жобаларды шартты түрде 7 бағдарға бөлдік: Астана-Қабанбай батыр, Астана-Қарағанды, Астана-Пав­лодар, Астана-Шортанды, Астана-Қорғалжын, Астана-А­страханка, Астана-Бурабай, – деп мәселенің мәнісін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев тергіштеді.

    13 өнеркәсіптік сүт-тауарлы және 11 отбасылық фер­маны, жалпы 20 мың басқа арналған 11 бордақылау алаңын және олардың айналасында кемінде 100 бор­дақылау алаңын құру көзделіп отыр. Құс етін өндіру бойынша 2, көкөніс шаруашылығында 4 жоба қамтылып отыр. Суармалы егіншілік бойынша 2600 гектар жер игеріледі деп жоспарланып отыр. «Бұл бізге не бере­ді? Астанада сүт өнімдерінің тапшылығын 130 пайыздан артық деңгейге дейін жоямыз. Ет бағытындағы жобалар 11 мыңға жуық ет өндіруге жол ашады», – деп түсіндірді Арман Қайратұлы.

    Аудандармен жұмыс қыза түспек

    Қағаз жүзіндегі шаруалар өмірге жолдама алу үшін әрбір аудан әкімімен қоян-қолтық жұмыс жүргізілмек. Оның арқасында қағаздағы жобалар іс жүзінде орын­далатынына үміт артылып отыр. Мәселен, Целино­град ауданында Астана айналасындағы азық-түлік бел­деуі аясында 21 жоба нысанаға алынған. Сонымен бір­ге 3 мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы құрылады. Олардың бірі Қабанбай батыр ауылындағы «Агропарк» ЖШС биылғы жылдың төртінші тоқсанында қолданысқа тапсырылмақ.

    - Бордақылау алаңдарының айналысында 30-дан астам отбасылық ферма құрылады деп жоспарлап отырмыз. Олардың 20-сы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алуға ниет білдіруде. Сонымен бірге мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік негізінде «Целиноград өнімдері» ЖШС құрылды. Оның арқасында өнімдерді ұйымдастырылған күйде өткізуге жол ашылды. Біз Астана қаласының Есіл және Байқоңыр аудандарымен ынтымақтастық орнат­тық. Бұл өз кезегінде бізге өнімдерді сауда нүктелерін­де, тұрғын үй кешендерінде өткізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев.

    Отбасылық ферманы ашуға ниет білдірген тұрғындар тарапынан аудан әкімдігіне күніне 2-3 өтінім түседі. Бүгін­де олардың жалпы саны 900-ге жеткен. Енді жергілікті атқарушы билік өкілдері өтінімдерді тыңғылықты зерде­леп, жан-жақты қарастыруға білек сыбана кіріспек.

    Астананың азық-түлік қауіпсіздігі белдеуіне Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС кірген. Серіктестік егіншілік­ке және ата кәсіпке бет бұрған. Аяғына нық тұрған шару­ашылықта тиімділігі жоғары технологияларды ендіруге баса назар аударылады. Бүгінде оның еншісінде 33 мың га көлемінде жер учаскесі бар. Оның 14 мыңына ауылша­руашылық дақылдар егіледі.

    - 2011 жылы біз майлы және дәнді, бұршақты дақылдар­ды кептіруге арналған кептіру кешенін салдық. Ол бүгін­де 100 пайыз жүктелген. Бізде 1500 бас ірі қара мал бар. Оның 600-і сауын сиырлар. Сонымен бірге экологиялық егіншілікке бет бұрдық. 2017 жылдан бастап алқаптардың 17 пайызы сертификатталған. Экспортқа шығу үшін өнім­нің сапасы мінсіз болуы қажет екендігі даусыз. Жиналған дақылдың қатты не жұмсақтығын, мөлдірлігін анықтау үшін оптоселектор құрылғысына тапсырыс бердік, – деп қолға алынған жұмыстарды «Еңбек» ЖШС директоры Қуаныш Рақышев тоқталды.

    Көкөніс өсіру: жұмсалатын инвестиция қанша?

    Целиноград ауданындағы «Grееnstar» агрофирмасы» ЖШС 2013 жылдан бері көкөніс өсіруге және оны сақта­уға ден қойған. Күзде жиналған ауылшаруашылық өнім­нен Астана мен Ақмола облысының тұрғындары дәм татады. Жылда картоп пен сәбіз егіледі. Оларды өсіруде голланд әдісі кеңінен кәдеге жаратылады. Оның ішінде жаңбыр суын қолдану арқылы суару жүйесі орнатылған. Бүгінде суармалы алқаптың көлемі 351 гектарға жетіп отыр. Нәтижесі де жоқ емес. Өткен жылы орташа алған­да бір гектардан 40 тоннаға жуық картоп, 80 тонна сәбіз жиналған.

    - 2012 жылы шаруашылықтың еншісінде 300 га суар­малы жер болды. Кейін оның көлемін ұлғайту үшін айна­ладағы бос жерлерді қарастырдым. Нәтижесінде 20 жыл бойы бос жатқан жердің иесін таптым. Ол сатудан бас тартқанымен, уақытша пайдалану бойынша өзара келістік. Оның нәтижесінде суармалы алқаптың көле­мі екі есеге ұлғайып, 600 га құрап отыр, – деп атап өтті «Grееnstar» агрофирмасы» ЖШС бас директоры Бейбіт­хан Қабдрахманов.

    Күзде жиналған көкөністі сақтау ешбір қиындық тудыр­майды. Заманауи қойма тұрғызылды. Онда вентеляци­ялық және тоңазытқыш құрылғылар орнатылған. Мол өнімге қарық болу үшін егістік айналымы сақталады. Топырақтың құнарлығын арттыру жолында жем-шөп дақылдары өсіріледі. Әдетте жиналған мал азығы ниет білдіргендерге сатылатын-ды. Енді шаруашылық өкілдері оның артығымен алынатынына көз жеткізген. Сондықтан бордақылау алаңын салу туралы шешім қабылданды.

    Бұл бағытта биыл шаруашылық «Аграрлы несие кор­порациясы» АҚ арқылы 500 млн теңге көлемінде несие рәсімдеді. Өткен жылдың төртінші тоқсанында құрылыс жұмыстары басталды. Жақында бордақылау алаңын қол­данысқа тапсыру жоспарланып отыр.

    - Малға қажетті жем-шөппен толық қамдандық. Пішен­деме қоры дайындалды. Жоңышқа жинап алынды. Ендігі жоспар – келесі жылы суарылатын 120 га алқапқа сүрлем­ге қажетті жүгеріні өсіру. Кейінгі жылда 200 га жүгері егі­леді. Негізінен ірі қараны бордақылау кезінде сүрлем – құны бойынша ең арзан мал азығы. Оның өзіндік құны жоңышқаға қарағанда анағұрлым төмен, – деп шару­ашылықтың жетекшісі қолға алынған жұмысты бағам­дады.

    Оның айтуынша, бір гектар алқапта көкөніс өсіру­ге шамамен 2 мың еуро инвестиция құю қажет. Қаржы құбырларды тартуға, жаңбыр суы арқылы суару қон­дырғысын орнатуға, сорғы станциясына жұмсалған. Сонымен бірге техниканы жаңарту, сақтау қоймасын тұрғызу жұмыстары да жүргізілген. Бірақ жерден ризығын тапқан шаруаның атқамінерлерге бұйымтайы бар.

    - Мені мазалайтын бір сұрақ бар: субсидия беруде біз­ді дәнді дақылдарды өсірушілермен теңестірді. Бірақ біз гектарынан 500 центнер өнім алсақ, ал бидай өсіретін­дерде көрсеткіш шамамен 10 центнерді құрайды. Ақмола облысы астықтықты өлке саналғандықтан, бізді теңестіре салды және сараламайды. Ал Павлодарда көкөніс өсіру­шілер дәнді дақылды егетіндерге қарағанда субсидияны бірнеше есе жоғары алады. Мен бұл мәселе бойынша 2-3 жыл бұрын министрлікке жүгінген едім, – деп шаруа өз мәселесін еліміздің бас аграрийіне жеткізді.

    Бұл мәселені құзырлы министрлік назарға алмақ.

    Демеуқаржы жайы

    Жиын барысында демеуқаржы жайы да қозғалды. Оның барысын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев тергіште­ді. Қолданыстағы демеуқаржының саны қысқартылады: бұған дейін 54-ті құраса, енді 40-қа жуық болмақ. Тиімсіз танылған субсидиялар кешегі күннің еншісінде қалады. Атқамінерлер «жасыл себет» жүйесін жетекшілікке алған. Оған сәйкес литр, келі, бас мал тәрізді табиғи көр­сеткіштерден бас тарту жоспарланып отыр. Келешек­те өнімнің нарықтық бағасына әсер ететін субсидия­лар кеңінен кәдеге жаратылмақ. Оның ішінде мемлекет­тік қолдау несиелерді арзандатуға, инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталмақ.

    - Бұл мал шаруашылығында келесі жылдан, егіншілік­те 2020 жылдан бастап қолданылады. Пайыздық мөлше­рлемені субсидиялау, инвестициялық субсидия, ауылдық инфрақұрылымды жетілдіруге байланысты жанама суб­сидиялар және т. б. бар. Орта деңгейдегі шаруалар үшін жылдық үстемеақысы 4% басталатын және 15 жылға берілетін несие орта деңгейдегі ауылшаруашылық тау­ар өндіруші үшін қолжетімді болуы тиіс, – деп атап өтті ол.

    Венера Мұстафина

    24.09.2018 ж. мақала

     Опубликовано 10.01.2019

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
    • Архивы

    • Опрос

      Как вы относитесь к промышленному выращиванию генно-модифицированных культур?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      12°
      18°
      Ср
      23°
      Чт
      25°
      Пт
      18°
      Сб
      23°
      Вс
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39