Тұз өндірушілер ішкі нарықтың 91 процентін қамтиды
Қызылорда облысындағы тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту кешені әзір іске қосылмайды. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жоба биыл пайдалануға берілуі керек-тін, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Алайда инвестор табылмаған. Жоспар бойынша кешен қуаты алғашқы жылдары 100 мың, екінші кезеңде 300 мың тонна өнімді құрайды. Құны 2,9 млрд теңге болатын жоба жүзеге асса, ішкі сұраныстың 20 процентін қамтитын еді. Қалған 80 проценті ТМД мен Орта Азияға экспортталуы керек.
Айта кетейін, елдегі тұз өндірісінің 98 5%-і – Сыр өңірінде, 2%-і – Жамбыл облысында, 1%-тен аз бөлігі Түркістан облысында шоғырланған. Қазақстан қыркүйек айынан бастап Ресейге, Өзбекстан мен Қырғызстанға азықтық тұзды, 2020 жылы ас тұзын экспорттайды. Бүгінде экспорт үлесі 74 проценті құрайды.
Жалпы, Қазақстанда тұзды сырттан тасу үдерісі азайған. Жыл басынан бері елдегі өнідіріс ішкі сұраныстың 91 процентін қамтыды. Бір ақпарат қоса кетейін. Елімізде 112 мың тоннаға жуық тұз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ке артық.