31 отбасылық тауарлық сүт фермасы құрылады – АШМ

Нәтижесінде 2019 жылы құс етін өндіру 11% артады. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

«Құс өсіру бойынша қолданыстағы 8 құс фабрикасын кеңейту күтілуде, нәтижесінде құс етін өндіру 11% артатын болады. Бұдан басқа, жалпы қуаттылығы 18,0 мың бас болатын 19 өндірістік және 31 отбасылық тауарлық сүт фермасы құрылады. Өңделген өнім экспортын арттыруда ветеринариялық-санитариялық талаптарды алып тастау және келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізу маңызды рөл атқарады», – деді министр.

Иллюстративное фото из открытых источников
Иллюстративное фото из открытых источников

Айтуынша, биыл Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сүт өнімдері мен ұнға қойылатын ветеринариялық талаптар бойынша хаттамаға қол қойылады деп күтілуде.

«Бүгінде Қытаймен ауыл шаруашылығы өнімінің   түрлері бойынша талаптар келісіліп, 13 сертификатқа, Иранмен 6 сертификатқа, Парсы шығанағы елдерімен 6 сертификатқа, Еуропа одағымен 1 сертификатқа қол қойылды. Биылғы мамыр-маусым айларында Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын сүт өнімдері мен ұнға қойылатын ветеринариялық талаптар бойынша хаттамаға қол қойылады деп күтілуде. Қазір үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақтың тізіліміне 1980 өңдеу кәсіпорны енгізілді, бұл ретте осы тізілімге биыл өз өнімін экспорттау құқығымен тағы да 100 кәсіпорын енгізілетін болады», – деді ведомство басшысы.

Министр елімізде теміржол және автомобиль көлігімен тасымалдауға жұмсалатын шығынды субсидиялауға арналған бөлек квота бөлуді сұрады.

«Өңделген өнім экспортын арттыру үшін қаражат көлемін ұлғайтуды және өңделген өнімді Қазақстан Республикасының шегінде теміржол және автомобиль көлігімен тасымалдауға жұмсалатын шығынды субсидиялауға арналған бөлек квота бөлуді сұраймыз. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңделген өнім экспортын ұлғайту және АӨК өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жұмыстарын жалғастыратын болады», – деп түйіндеді сөзін Омаров.

Бұған дейін министр АӨК-ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасында өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2021 жылы 2,4 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарланғанын және  биыл 2000 отбасылық ферма құру жоспарда барын айтқан болатын.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы